Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet163/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY» 
October 25-26, 2019 
інінің ағаға деген ізеттілігі, силастығы жатқан сияқты. Сонымен бірге қызмет жасаған 
орталары, рухани жағынан екеуінің тең түсіп жатуы, әдебиет пен өнерге деген 
көзқарастары, Қазақстанда мектеп ашу ісіне де ең алғашқылардың бірі болып атсалысуы,
қазақ ұлтына деген сүйіспеншілігі, осындай өздерін аямай жан қиярлықпен жұмысқа 
шын берілулері деп атар едім.
Алдымен жаңа үкімет құрылғанда екеуі де оның белсенді мүшелері болды, қазақ 
мемлекетінің құрылуына бар күш-жігерлерін салды. Соңдарына өшпестей із қалдырды. 
Екі тұлға да өздері құрысқан үкіметтің қиянатын көріп, кеңестік жүйе саясатының 
құрбаны болды. Екі тұлғаға тағылған жала да ұқсайды, екеуі де арасы бірнеше күн ішінде 
1938 жылы ақпан айында Алматы түбіндегі Боралдай маңында атылды [1, 44б.]. 
Боздақтар 1957 жылы 18-сәуірінде КСРО Жоғары сотының Әскери комиссиясының 
шешімімен ақталды.
Т.Жүргенов 1926 жылы Ташкентте арнайы орта білімді мұғалімдер даярлайтын 
Халық ағарту институтының орнына ашылған Қазақ педагогика институтының ректоры 
болды. Педагогика институты ұзамай Алматыға көшіріледі де, ол Орта Азия мемлекеттік 
университетінің мемлекеттік право бойынша ғылыми қызметкері болып жұмыс 
жасайды. ВКП (б) Орталық Комитетінің Орта Азия бюросы оны мемлекеттік шаруаларға 
жұмсауды қажет деп ұйғарады. 1929 жылы Жүргенов Тәжік АССР-інің Қаржы жөніндегі 
халық комиссары, 1930-1933 жылдары Өзбек ССР Халық ағарту комиссары болды. Ол 
осы қызметінде ҚазақАССР-іне шақырылғанша істеді.
Темірбек Жүргенов Қазақстанда орта білім беру жүйесінің қалыптасуы мен 
дамуына ерекше үлес қосты. Ол 1933-1937 жылдар аралығында халық ағарту комиссары 
қызметінде жүріп «Темір нарком» 4 мыңнан астам мектеп салдырып, қазақтың 
«Луначарскийі» атанады.
Сонымен қатар, «Қазақ университетін құру жөнінде» [2,3б.], «Мектептің түрі, тілі 
туралы» деген еңбегінде, Осы күні кейбіреулер (оның ішінде оқу комиссариатының 
кісілері де) аудандағы мектептер жайында әңгіме қозғайды. Олардың ойынша, жалғыз 
кемшілік ауыл мектебінде, ал басқа жер жақсы болып көрінеді. Менің ойымша, оқу 
жұмысының жалғыз ақсап отырған жері ауылда ғана емес, бар мәселені «Оқу жұмысы 
қалай қойылуы керек» деп тексерген жөн. «Мектептің түрі, тілі» деген мәселе 
Қазақстандағы қай оқу орындарының да алдында тұр. Біздің республиканың оқу 
жолындағы бар жұмысы жалғыз бастауыш, орта мектептермен бітпейді. Біздің оқу 
жолында көздеген нысанымыз – қазақ еңбекшілерін жалпы мәдениетке жеткізу. Олай 
болса, бастауыш және орта оқумен қатар жоғары оқу жөнінен де қам қыла отыруымыз 
керек. Мұнан Қазақстанда жалпы оқу жұмысы қалай қойылуы керек? - деген сауал 
туады. Қазақ еңбекшілерін жалпы мәдениетке жеткізу деген не? Ол барлық жер жүзіндегі 
өнер білімді қазақ тілінде оқитын етіп, халыққа жеткізу деген сөз. Олай болса, бізде 
бастауыш та, орта да, жоғарғы да оқу орындары өз тілімізде болуы керек. Оқу 
орындарының барлығында да оқу қазақша болғанда барып, жер жүзінің өнер біліміне 
қазақтың қолы жетеді, - [3,23б.] деп жазды. Қазақтың білім саласындағы болашағына 
алаңдаған Т.Жүргеновтің балабақша, мектеп, жоғарғы оқу орны мәселесіндегі 
зерттеушілік қабілетінің жоғары екенін көрсетеді.
Сонымен қатар Т.Жүргенов қазақтың тұңғыш музыкалық театрының ашылуына 
мұрындық болды. Т.Жүргеновтің қазақ әдебиеті мен мәдениетіне жасаған еңбегі де 
ұшан-теңіз.
2014 жылы Елбасының тікелей қолдауымен Темірбек Жүргеновті еске алу 
мақсатында Елордамыз Астанада «Орта Азия мен Қазақстанның білімі мен мәдениетін 
дамытудағы Т.Жүргеновтің рөлі және рухани мұрасы» атты халықарылық ғылыми-
тәжірибелік конференция болып өтті. Тұлға жөнінде деректі фильм түсірілді.
Қазақтың біртуар азаматы Т.Жүргеновке деген құрмет толассыз. Олай болуы да 
заңды. Оның бірден бір айғағы – Алматы қаласында Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық 


153 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling