Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet162/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

Key words: literature, is a culture, figure, spirituality, faith, language, heritage, 
philosopher, ideology, lecture.
 
Кім де болса белгілі бір қоғамда өмір сүреді. Адам мен қоғам - егіз ұғым. Қоғам - 
адамдар арасында тарихи қалыптасқан саяси-әлеуметтік байланыстар мен 
қатынастардың тұрақты жүйесі. Қоғам өзінің заңды ерекшеліктерімен адамның іс-
әрекеттері арқылы айшықталады, дамиды. Адамдардың іс-әрекеттері қоғам дамуының 
объективті заңдарына бағынады. Ол заңдардың дұрыс-бұрыстығын түйсініп, әрекет ету 
ерекшеліктерін түсініп білетін ерекше дарынды адамдар – тұлғалар, қоғам 
қайраткерлері.
Т.Жүргенов пен І.Қабылов.
Қос алып.
Қос тағдыр.
Бұлар халқымыздың рухани-мәдени, оқу-білім саласын әр қилы замандар мен 
саяси жүйе жағдайында өрге сүйреген қайраткерлер. «Елім», «жұртым» деп жан 
айқайымен жанын оққа да, отқа да тосқан Күрескерлер. Жоқты бар қылған, барды зор 
қылған Жасампаздар. Сол жасампаздық, туындыгерлік еңбектерімен есімдері ел есінде 
мәңгі қалған арыс Тұлғалар! Тарих оларға, белгілі ақынның образды сөзімен айтқанда, 
«бір мезгілде әрі ағартушы, әрі жарық түсіруші» міндетін жүктеді. Ал олар бұл берілген 
жүктемені кеудеден жандары шыққанша абыроймен атқарып кетті. Дүниеде өз 
бойындағы жаратылыс сыйлаған талант өртіне өртеніп өлгендер, өнер салмағын көтере 
алмай мертігіп ажал тапқандар аз емес. Қарап отырсақ, солардың көбі жиырма бес пен 
қырықтың арасында, ой мен қырды бірдей шарлап тұрған шағында қыршын кеткен 
арыстар.
Осы арыстардың ішінде біз сөз еткелі отырған екі алып Т.Жүргенов пен 
І.Қабыловтар – Қайраткерлік пен Қаламгерлікті таразының басындай тең ұстаған 
Алыптар. 
Бұл екі қоғам қайраткері де қазақ мемлекетінің қалыптасуына, тәуелсіздігіміздің 
тұғырлы болуына өлшеусіз үлестерін қосқан. Бір ерекшелігі, екі тұлға да бір жердің 
тумасы. Екеуі де – Сарғасқа руынан. Туған жерлері – Т.Жүргенов - Жалағаштың 
«Жаңаталап» кеңшарынан болса, І.Қабылов «Мәдениет» кеңшарынан. Бір жердің суын 
ішіп, бір ауадан тыныс алған қос алыптың тағдырлары мен өмір жолдары да ұқсас. Екі 
алып арасында басқа қандай ұқсастық бар десеңші... 
Меніңше,ең үлкен ұқсастық екеуінің арасында ағаның ініге деген қамқорлығы, 


152
Materials of the international scientific-practical conference 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling