Ministry of education and science of the republic of kazakhstan
Download 3.21 Mb. Pdf ko'rish
|
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1
- Bu sahifa navigatsiya:
- Тірек сөздер
- Ключевые слова
ӘОЖ 370
ҚОЛДАНБАЛЫ БАКАЛАВРИАТТЫҢ ДАМУЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ Мальтекбасов М. Ж. п.ғ.д., профессор, Идрисова Г.Ж. магистрант І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. Мақалада жоғарғы педагогикалық білім берудің мемлекеттік стандарттарын жүзеге асыру үшін қолданбалы бакалаврды дайындауды оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің мазмұны мен құрылымына сипаттама берілген. Тірек сөздер: бакалавр, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, негізгі оқу бағдарламасы, маман, жоғарғы оқу орны. В статье представлена характеристика содержания и структуры учебно- методического обеспечения подготовки прикладных бакалавров в контексте реализации государственных образовательных стандартов высшего педагогического образования. Ключевые слова: бакалавр, учебно-методическое обеспечение, основная учебная программа, специалист, высшее учебное заведение. The article presents a description of the content and structure of teaching and methodological support for the preparation of applied bachelors in the context of the 190 Materials of the international scientific-practical conference «YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY» October 25-26, 2019 implementation of state educational standards of higher pedagogical education. Key words: bachelor, educational and methodical providing, main training program, expert, higher educational institution. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыстарды жақсарту және өмір сүру сапасын арттыру» Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру аясында, жоғары білікті кадрлар, өнімділікті арттыру, кәсіпорындардың жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық мәселесін шешу маңызды болып табылады. Жолдауда: "жоғары оқу орнының жетістігін бағалаудың басты өлшемі - бұл оқуды аяқтағаннан кейін түлектердің жұмыспен қамтылуы, олардың жоғары ақы төленетін жұмысқа орналасуы"-деп атап өтілді. Әрине, еңбек ету кәсіби білім беру мекемесіне түсетін әрбір талапкердің басты мақсаты болып табылады. Мұндай жағдайда кәсіптік білім беру жүйесінің алдында нақты кәсіпорындар мен ұйымдардың нақты талаптарынан еңбек ресурстарының көлемі мен сапасы артта қалуын еңсеретін мамандарды даярлаудың жаңа моделін қалыптастырудың маңызды міндеті тұр. Модельдің жаңалығы экономика мен жалпы қоғам дамуының ағымдағы кезеңіне сәйкес келуі тиіс. Соңғы жылдары кейбір мамандықтар айтарлықтай күрделенді. Егер бұрын орта буын мамандарынан тек техникалық дағдылар талап етілсе, бүгінде теориялық базаға ие болу қажет. Сондай-ақ, ұйымда немесе кәсіпорында терең теориялық білім алған ғана емес, сонымен қатар мамандық бойынша қосымша дайындықсыз жұмыс істеуге қажетті қалыптасқан практикалық білімі мен дағдысы бар жоғары оқу орнының түлегі құнды. Мысалы, егер педагогикалық мамандықтар туралы айтатын болсақ, онда бакалавр – педагог біліктілігі бар, білім беру мекемелерінде бағалы практикалық жұмыс дағдылары бар бітірушілер. Кәсіби даярлау сапасын арттыру, жоғары білікті мамандардың ағымдағы және перспективалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін келесі міндеттерді қою қажет: - «орта мектепте балалардың кәсіби диагностикасы мен неғұрлым сұранысқа ие мамандықтарға бағдарын жүргізу»; - студенттерді оқуға, мамандық (мамандық) меңгеруге ынталандыруды; - білім алушылардың кәсіби дайындығына уақыт талаптарына сәйкес инновациялық әдістер мен технологияларды енгізу; - оқу орнының жұмыс берушілермен әріптестігін дамыту. Бұл міндеттерді шешу жұмыс берушілер мен білім беру мекемелері арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа әкелуі тиіс. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 маусымдағы №305 бұйрығына қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде енгізілетін қолданбалы бакалавриат идеясы өзекті болып табылады. Ол жоғары кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білікті мамандарды дайындау болып табылады, өйткені бастауыш және орта кәсіптік білім беру траекториясы қазіргі таңда колледж түлектеріне жоғары ақы төленетін жұмысқа еңбек етуге кепілдік бермейді. Қолданбалы бакалавриат идеясы жұмыс беруші үшін тартымды болуы мүмкін, себебі іс-тәжірибе мен дағдыларды толық меңгерген түлекке қосымша оқыту қажет емес. Қолданбалы бакалавриат – бұл студенттерге дуальды білім беруді көздейтін бағдарлама. Мұнда модульді-кредитті білім беру жүйесі қолданылады. Елімізде бүгінде жұмысшы мамандықтарына сұраныс жоғары. Сондықтан, қолданбалы бакалавр мамандығы бойынша білімі бар әрбір жас маман еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жан ретінде өзін көрсете алады. Себебі, мұндай біліктілігі бар маманның теориялық білімімен қатар практикасы да мол. Қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда кредиттік |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling