Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet264/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ» 
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 
25-26 қазан, 2019 ж.
 
 
топонимика, антропонимика, этнонимика, зоонимика, гидронимия, теонимика, 
фитонимика, космоним, идеоним, мифонимдер зерттеу нысанына айналды. Сонымен 
қатар, ономастиканы зерттеу амал-тәсілдері жетілдірілді, оны лингвистикалық, 
этнолингвистикалық, тарихи-этнологиялық тұрғыдан зерттеудің рөлі анықталды. 
«Ономастиканы пән-объектілік салада зерттеу приоритеттері: Қазақстан топонимдері 
(зерттеу жұмыстарының 60%), антропонимдер (8,9%), әдеби онимдер (8,9%), деонимдер 
(5,2%), антропонимдер мен топонимдер (4,5%), эргонимдер (4,5%), зоонимдер (2,2%), 
космонимдер (2,2%), идеонимдер (2,2%), мифонимдер (2,2%). Зерттеушілердің негізгі 
назары 
қазақстандық 
ғалымдардың 
қазақ 
лингвомәдени 
қоғамдастығында 
қолданылатын онимдік лексикаға аударылған» [3 ]. Қазақ онимдерінің зерттеу нысаны 
болуының пайыздық көрсеткіштері әрқилы болғанымен, қалай болғанмен де 
зерттелгендігі байқалады. « Ономастика – түркітануда жаңадан қолға алына бастаған, 
келешегі мол, жас ғылым» десек те [1,13], соған қарамастан, біздің қазақ 
ономасиологиясы жеке ғылым саласы ретінде қалыптасты, ғылым ретінде даму жолы 
бар, негізі қаланған ғылым саласы деуге негіз бар. 
Ономасиология ғылым саласы ретінде кешеуілдеп қолға алынса да, оның 
топонимика, антропонимика, этнонимика, фитонимика, зоонимика, т.б. салалары 
бойынша кандидаттық, докторлық зерттеулер жасалып, жеке кітаптар, монографиялар, 
сөздіктер жарық көргендігін жоғарыда атап өттік. «Солай бола тұрса да, қазақ 
ономастикасының көптеген зәру мәселелері әлі шет қалып, зерттеу нысаны болмай отыр. 
Әсіресе, қазақ ономастикасының зерттелу тарихына ғылыми-аналитикалық талдау 
жасалмағаны былай тұрсын, оларды қорытындылап,жалпы болашақ бағым-бағдар 
ұсынған еңбектер саны жоқтың қасы »-деп, ғалым Т.Жанұзақ зерттеу нысаны болуға 
тиіс мәселені атап көрсетеді. [1,11 ].
Халықтың рухани байлығымен суарылған, бойында тарих іздері сайрап жатқан, 
тарихи-мәдени жағдаяттардың куәсі, сан қилы тарихи деректерге бай, фактологиялық-
деректік базаға айналған осынау бай мұрамызды, елдігімізді танытар бір нышанымыз 
ретінде бағалағанымыз дұрыс.Ал оны жас ұрпақ біліп, танып, қадіріне жете алды ма? 
Ол үшін не істелді, не істелмек?.. Осы сауалдың жауабын табуға тырысайық. Сол 
маңыздырақ болмақ. Біздің ойымызша, зерттеуге зәру мәселелердің бірі - қазақ 
ономастикасын оқу орындарында оқыту. Ономасиология оқу орындарына 
(мектеп,арнаулы 
және 
жоғары 
оқу 
орындарында) 
арналған 
оқулықтарда 
лексикологияның бір саласы ретінде беріліп, шолу түрінде (одан артық емес) ғана 
мәлімет беріліп жүр. Бұл қазақ ономастикасының табиғатын, маңызын түсініп, ғылым 
саласы ретінде меңгеруіне ықпал ете алмасы анық. Қазақ лексиколгиясының орта 
мектепке, арнаулы және жоғары оқу орындарына арналған ғылыми және әдістемелік 
еңбектер мен оқу құралдарына шолу жасағанымызда, қазақ ономастикасының соңғы 
зерттеулерінің нәтижелері қамтылмағандығы байқалды. Ал педагогикалық жоғары оқу 
орындарының студенттеріне қазақ ономастикасын оқыту мәселесі осы уақытқа дейін 
зерттеудің басты объектісі болып саналмағаны анықталды. Ономастика - «ұлттық 
идеяны» қалыптастырудағы құнды фактор. Оны оқу орындарында оқыту- осы 
күннің талабы деп білеміз. Тілді оқытуда тіл білімі салаларыннан білім берумен қатар, 
әлеуметтік, тарихи-мәдени және эстетикалық тұрғыда білім беру қажеттілігі туындайды. 
Мұндай қажеттілікті ономастика іске асыра алады. 
Қазақ ономастикасын қазақ тілінде қазақ жеке пән ретінде оқытылу жайын 
талдай келе, Оқу бағдарламасының жасалмағандығын, оқулық, оқу құралдары арнайы 
жазылмағаны белгілі болды. Т.Жанұзақовтың 1965 жылы жарық көрген «Собственные 
имена в казахском языке» атты кітабы педагогикалық институттардың сырттай бөліміне 
арналған оқу құралы болып есептелді. Еңбекте қазақ топонимдері мен 
антропонимдерінің лексика-семантикалық және құрылымдық типтері туралы мәліметтер 
беріледі. 1982 жылы ғалымның «Қазақ ономастикасының очерктері» монографиясы 


246
Materials of the international scientific-practical conference 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling