Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet261/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ» 
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 
25-26 қазан, 2019 ж.
 
қонақ қылған күні сыйлы қонағына өзі сүйіп ішетін ұн көжені бергенінен 
наубайханашының баласы екенін аңғарады. Егер хан тұқымы болса, сыйлы қонағына 
хандардың сүйіп жейтін асы қазы-қарта тартатындығын айтады. Дәл осыған ұқсас әңгіме 
Абылай хан Сабалақ деген жасырын атпен Төле бидің түйесін бағып жүрген кезінде Төле 
бидің бәйбішесі Сабалақтың хан тұқымынан екенін өкпе-бауырды жемей қойғандығынан 
және үйге кіріп келгенде Сабалақтың мысы басып, Төле бидің тізесіндегі тостақандағы 
қымыздың төгіліп кеткендігінен біліп қойады. Ә
ңгiме кейiпкерiнiң жекелеген 
детальдардан жасаған тұжырымдарынан Конан Дойлдың атақты Шерлок Холмсының 
ойлау жүйесi, қисынға құрылған байқампаздығы мен мұндалап тұрған жоқ па. Яғни 
детектив кейiпкерi байқампаз болуы шарт. Логиканың индукция және дедукция iспеттi 
басты ойлау тәсiлдерi iзкесушiнiң негiзгi қаруына айналуы керек. Оқырманның алар 
ләззаты – детектив қаһарманының қиыннан жол табар осындай ойлау машықтарынан 
құмар қандыру болатындығын ұмытпаған жөн. Дәлiрек айтқанда, детектив жанрына қалам 
тербегiсi келетiн талапкер логика ғылымының бiлгiрi болуға тиiс. Осы ретте Аллан Поның 
мына сөзi ойландыратындай-ақ: «Қарғаны» жазу барысында мен ешқандай кездейсоқ 
оралымдар мен әсершiл шалықтауларға ұрынған жоқпын. О баста ойластырылғандай, 
ақырына дейiн логикаға сүйене отырып математикалық есептi шешкен секiлдi 
салқынқанды болдым»[2,4]

Ойымызды қорыта келгенде, Қазақ әдебиетінде детектив жанры жоқ деу - жаңсақ 
пікір! Жоғарыда мысалға келтірген аңыз-әңгімелер мен ертегілерден детектив жанрының 
элементтерінің көруге болады. Қазақ халқы ежелден баланы логикалық ойлауға 
тәрбиелеп, жұмбақ шеуге машықтандырған, тылсым дүниенің құпиясын ашуға қызыққан. 
Содан математикалық логикалық есепке құрылған сияқты аңыз-әңгімелерді шығарып, ел 
арасына таратқан. Ал жазба әдебиетіне келетін болсақ, жиырмасыншы ғасырда да қазіргі 
дәуірде де детектив жанрында қалар тербеп жүрген жаушылар жетерлі. Атап айтсақ, 
Кемел Тоқаевтың «Көмескі із», «Түнде атылған оқ», «Қастандық», «Сарғабанда болған 
оқиға» т.б туындылары, Сәуірбек Бақбергеновтің «Қан тозаң» романы, Кәрім Баялиевтің 
«Ар жазасы», «Бөтен бала» повестері сынды т.б. авторлардың еңбектері бүгінгі таңда 
зерттеуді, жүйелеп оқушылар мен білімгерлерге оқытуды қажет етеді.
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Мастера детектива. Вып. 1 (А. Кристи, ДЖ. Ле М 32 Карре и др.): Пер. с англ. И 
фр./ Сост. Н. Бунина; Вступ. Ст. Ю. Уварова; Ил. В. Скрылова. – М.: Правда, 1989. -640 c., 
ил 
2. Балқыбек Ә. Детектив жанры неге кенже қалып отыр //Ана тілі. -2001. -№40. Б.3 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling