Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet257/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ» 
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 
25-26 қазан, 2019 ж.
 
дамуы мен қалыптасу жолын, яғни тұлға ойлауының даму ерекшелiктерi мен 
заңдылықтарын қарастыратын болса, ал логика бүкiл адамзатқа ортақ ойлау iс-әрекетiнiң 
заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойлауының нақты нәтижесi болып 
табылатын ұғым, пiкiр, ой қорытындылары сияқты ойлау формаларының табиғатын 
зерттейдi. 
Адамның ойлауы әр түрлi деңгейдегi ойлау операцияларынан тұрады. Ал олардың 
әрқайсысы әр түрлi танымдық мәнге ие. Мысалы, баланың өз алдында кездестiретiн 
қиындықтарын жеңуде жүзеге асыратын қарапайым ойлау әрекетi мен ғалымның қандай 
да бiр ғылыми мәселенi шешуде қолданатын ойлау операцияларының жүйесiн 
салыстыруға келмейдi. Сондықтан, жалпылау деңгейiне, құбылыстардың терең мәнiн 
түсiнiп, бiлуге байланысты ойлаудың жоғарғы немесе төменгi дейгейлерiн ажыратуға 
болады. Осындай әр түрлi деңгейдегi ойлаудың түрлерi ретiнде қарапайым көрiнiстегi 
көрнекi ойлау мен берiлген көрiнiс шегiнен шығатын теориялық ойлауды бөлiп 
көрсетуге болады. 
Осылайша, шығу тегi мен пайда болуы бойынша ойлау келесi түрлерге жiктеледi: 
- Көрнекi-әрекеттiк ойлау - мәселенi шешу жағдаятын шынайы түрлендiретiн 
бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы iске асатын ойлау түрi. 
- Көрнекi - бейнелiк (бейнелiк) ойлау – жағдаят тек бейне жоспарында ғана 
түрленетiн ойлау түрi.
- Сөздiк - логикалық (пайымдаушы) ойлау – тiлдiң және тiлдiк құралдардың 
көмегiмен шығарылатын ұғымдарды, логикалық құрылымдарды пайдаланумен 
сипатталатын ойлаудың негiзгi түрлерiнiң бiрi. 
- Сонымен қатар, психологияда ойлаудың қос классификациясы да танымал. 
Мәселенiң түрiне байланысты: 
- Теориялық ойлау - ғылыми ұғымдарды пайдалану негiзiнде заңдар мен 
ережелердi танып-бiлуден тұратын ойлаудың жоғары дамыған түрi. 
- Практикалық ойлау - ақиқатты физикалық түрде өзгертуге дайындық күйiн 
(мақсат қою, жоспар, жоба, схема құру) бiлдiретiн ойлау түрi. Ойлаудың ең күрделi және 
жоғарғы формаларының бiрi – ой қорытындылары. Ой қорытындылары дегенiмiз - 
бiрнеше пiкiрлерден жаңа пiкiрлер шығару тәсiлi. Қорытынды шығару үшiн оны белгiлi 
тәртiпке бiр-бiрiмен байланыстыруымыз қажет.
Ой қорытындысының негiзгi үш түрi бар: 
1) дедукциялық, 2) индукциялық, 3) аналогиялық ой қорытындысы.
Ойлау әрқашан анализ бен синтез процестерiнен басталады. Ойлау - түйсiк пен 
қабылдаудағы анализ бен синтездiң жаңа мазмұнға ие болған түрi. Анализ дегенiмiз ой 
арқылы түрлi заттар мен құбылыстардың мәндi жақтарын жеке бөлiктерге бөлу. 
Синтезде ой арқылы заттың, құбылыстың барлық элементтерi бiрiктiрiледi. Анализ бен 
синтез – бiрiмен-бiрi тығыз байланысты, бiрiнсiз бiрi болмайтын құбылыс. Бұл екеуi–
бiрiнен бiрi ешқашан ажырамайтын ойлау процесiнiң негiзгi компоненттерiнiң бiрi. 
Анализ бен синтездiң негiзiнде салыстыру деп аталатын ойлау операциясы пайда 
болады. Салыстыруда заттардың ұқсастық, айырмашылық қасиеттерi айқындалады. 
Ойлау операциясының күрделi түрi–абстракция және жалпылау. Шындықтағы заттар 
мен құбылыстарды жалпылау арқылы елеулi қасиеттерiн басқа қасиеттерiнен ойша бөлiп 
алуды абстракция деп атайды.
Білім беру жүйесінде психолог маманның психодигностикалық қызметінің 
мәселесін қарастырудағы нақты жүйелі бағыттардың негізінде мектеп психологының
психодиогностикалық қызметіне байланысты бастауыш сынып оқушыларының ойлау іс-
әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін эксперименттік тұрғыда зерттеу байланысты 
әдістерін таңдадық. 
Осы мәселеге байланысты және жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеттерін 
жүзеге асыру үшін жұмыстың бұл бөлімінде бастауыш сынып оқушыларының ойлау іс-


240
Materials of the international scientific-practical conference 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling