Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet260/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY» 
October 25-26, 2019 
– Кеше таңертең қожайыныңыз айран ішіп пе еді? 
– Бұл жолы да дәл айттыңыз» 
Емшi келiншекке дәрiсiн берiп қайтарып жiбередi. Мұндай сұңғылалықты 
көрмеген Әбу Әли ибн Сина аң-таң. Дәрігерден: 
– Сіз келiншектiң жебiрей екендiгiн, қаланың түстiк жағында тұратындығын, кеше 
таңертең қожайынының айран iшкендiгiн қалай дәл бiлдiңiз? – деп сұрайды, – оп-оңай. 
Келіншек жебірей екен. Ал жебiрейлер өз ұлтының адамы болмаса, өзге ұлттың 
адамдарына қызмет етпейдi. Демек, қожайыны да жебiрей. Ал жебірейлер тұратын квартал 
қаланың түстiк жағында. Қожайынның кеше айран iшкенiн бiлгенiм, келiншектiң 
көйлегiнде айранның дағы бар екен. Бiр күндей болғаны сезiлiп тұр. Кеше таңертеңгiлiк 
жұққан болса керек деп жорамалдадым. Байқайсыз ғой, таң қалатындай түк те жоқ. Ал 
сiздiң Әбу Әли ибн Синаның дәл өзi екендiгiңiздi айтсам және таңқалмаңыз. Өйткенi 
мұндай жайтқа қызығушылық бiлдiру тек Әбу Әли ибн Синаға ғана тән нәрсе болса керек 
[2,4].
Әдетте, ұлттық менталитет, ұлттық дүниетаным деп жатамыз. Қазақтың қанында 
анау бар, мынау жоқ дегендi қосып қоямыз. Жоқтың қатарында кейде осы детектив те 
кетiп қалып жатады. Өкінішті-ақ. Біздіңше, ұлттық менталитеттiң жарқын көрiне алар бiр 
тұсы – осы детектив жанры. Мысалы, қылмыс адам таңдамайды. Бiрақ ұлтты таңдайтын 
қылмыстар бар. Яғни сирек те болса жекелеген ұлттарға ғана тән қылмыс түрлерi бар деген 
сөз. Ғылым осылай дейдi. Мұнысы негiзсiз де емес. Қылмыспен күрес саласында ұзақ жыл 
қызмет еткен мамандардың айтатыны да осы. Оған қылмыскерлер өмірімен қанық 
милиция қызметкерлерінің басынан өткенін сипаттайтын мына әңгіме дәлел бола алады. 
Қарақшылар түн құшағында әлдебiр қойманың құлпын бұзып тонап кетедi. Қылмыс 
орнына келген оперативтiк топ жетекшiсiнiң бiрден көңiлiне түйгенi бұл ұрлықты цыган 
ұлтының өкiлдерi жасаған болса керек деген ой болады. Қылмыскерлердi iздестiру 
жұмыстары да осы бағытта жүргiзiледi. Және сәттi аяқталады. Сонда жаңағы iзкесушi 
қандай дәйекке сүйендi дейсiз ғой. Бар болғаны, құлыптың қандай тәсiлмен 
бұзылғандығына назар аударады. Ал құлыпты бұл жолғыдай көбiнесе цыган ұлтының 
өкiлдерi бұзады екен. Жорамал дұрыс болып шығады. Мiне, қылмыс және ұлттық 
менталитет дегенiмiздiң өзара тоғысып жататын осындай тұстары бар. 
Қазақ халқында 
қылмыстың көбі жер дау, жесір дауы мал дауына келіп тіреледі. Осыған сәйкес мал ұрлығы 
мен төрт түліктің құпиясын ашу жөніндегі қазақ ауыз әдебиетіндегі аңыз – әңгімелері мен 
ертегілерде детектив жанрының элементтері көптеп кездесіп жатады. Демек, қазақ 
әдебиетінде детектив жанры кенжелеп қалып жатқан жоқ, тек зерттеуді қажет етуде. Оған 
дәлел - «Түйе іздеген біреу» әңгімесі мен «Аяз би» ертегісі.
«Түйе іздеген» біреу әңгімесінде жоғалған түйесін іздеген адамға жол-жөнекей 
кездескен адам түйесінің соқыр, бір аяғының ақсақ және құйрығы қысқа екенін айтамын 
деп күдікке ілінеді. Шын мәнінде түйені көрмесе қайдан біледі деген орынды сұрақ туады. 
Ал кейіпкердің бұл жерде байқампаз әрі логикалық ойлау жүйсі жоғары екенін байқауға 
болады. Күдікке ілінген күдікті бидің алдында жоғалған түйенің бір көзінің соқыр екенін 
жолдың бір жақ жиегіндегі шопті жегенінен, ақсақ екенін түйе ізіндегі бір аяғындағы іздің 
анық, екінші аяғының ізінің нашар түскенінен, ал құйрығының шолақ екенін тастаған 
құмалақтарының шашыраңқы түскенінен білгенін айыптан құтылады. «Аяз би» 
ертегісінде де басты кейіпкер Жаман (Аяз би) Мадан ханның тұлпарының сиырмен 
шатысы барын, асыл тасының екі жылдан кейін қасиеті бітетінін және Мадан ханның тегі 
хан тұқымынан емес наубайханашының баласы екенін айтып, ешкім білмейтін құпияны 
ашады. Бұл ертегіде де басты кейіпкердің байқампаздығы мен әр детальға мән бере 
отырып, логикалық оймен қорытынды шығарғандығы байқалады. Тұлпардың сиырмен 
қатысын судан өткенде артқы аяғын сілкіп, аузын суға салып өтетіндігінен, асыл тастың
екі жылдық қасиеті қалғанын салмағынан біледі. Ішіне құрт түсіп жеп жатқанын, екі 
жылдан соң тесіп шығатындығын айтады. Ал Мадан ханның өзі де білмейтін құпиясын 


243 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling