Модельдеу әдістері


Сызықты динамикалық объекттерді идентификациялау. Тура әдістері


Download 462.28 Kb.
bet18/36
Sana23.06.2023
Hajmi462.28 Kb.
#1651166
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36
Bog'liq
362973 (2)

Сызықты динамикалық объекттерді идентификациялау. Тура әдістері
Сызықты болатын немесе жеткілікті дәлдікпен сызықты модельдермен аппроксимацияланатын объекттерді идентификациялау әдістерін қарастырамыз.
Сызықты объекттің динамикалық сипаттамаларын тәжірибелі жолмен анықтау әдістерін үш негізгі топтарға бөлуге болады.
Тура әдістер деп аталатын әдістері бірінші топты құрастырады. Бұл топтың әдістерімен келесідей сипаттамалар анықталады: жиілік аймағында – амплитудалық және фазалық сипаттамалары, уақыт аймағында – импульсті өтпелі және өтпелі функциялары. Бұл топтың әдістері объект кірісіне арнайы сигналдарды беруді талап етеді, кей кезде оны жасау мүмкін емес немесе рұқсат етілмейді.
Белгілі құрылымы бар модельдердің параметрлерін қалпына келтіру әдістері екінші топты құрастырады.
Объекттің белгісіз динамикалық сипаттамаларын объект туралы бар болатын априорлы ақпарат негізінде таңдалынатын аналитикалық өрнектермен аппроксимациялауда негізделген әдістері үшінші топтың әдістері болып табылады.
Динамикалық сипаттамаларды тура әдістермен анықтау
Тура әдістерде идентификациялау арнайы түрдегі сигналдар көмегімен орындалады. Басқару жүйелерде іске асырылған бірінші әдістері жиілік, сатылық және импульсті әсерлерді қолданумен орындалды. Осы әдістердің көбісі тек қана сызықты жүйелерге қолданылады. Егер сигналдар деңгейлері кішкене шамалар болса, олар сызықтандырылған жүйелерге де қолдануы мүмкін. Бұл әдістер арнайы сигналдарды талап етеді: өтпелі функция (сатылы өтпелі функция) бойынша идентификациялау үшін сатылы сигналдарды, импульсті өтпелі функциямен идентификациялау үшін кірісте импульсты сигналдарды және жиілік сипаттамаларды анықтау үшін әртүрлі жиіліктердегі синустық кірістегі сигналдарды.
Объекттің әдеттегідей кірістегі сигналдардың орнына айтылған арнайы сигналдары қолданылатын болғандықтан, бұл әдістер идентификацияны, әрине, басқару процесінен тыс кезде өткізілетінін талап етеді. Сондықтан бұл әдістер тек қана сызықты стационарлы жүйелерге қолданылады, себебі осындай жүйелерде кіріс сигналдардың бір түріне алынған кіріс/шығыс қатынасы басқа түрдегі кіріс сигналдарына да сақталады.
Аталған кіріс сигналдарының үшеуінің ішінде сатылы кіріс сигналы қолдануға ең қарапайым болып табылады, ал синусоидалдық сигналдарды кіріске беру синусоидалдық әсерлерді жасап, жиілікті сәйкес диапазонда өзгерту керек. Импульсті әсер бойынша идентификациялау үшін импульсті кіріс сигналын жасап, қолдануымен байланысты техникалық қиындықтар пайда болады. Бұл әдісті сызықтандырылған жүйелерге қолдануға болмайды, себебі анықтама бойынша импулс амплитудасы кіші шама бола алмайды.

Download 462.28 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling