Морф және морфонема. Морфонология бірліктері
Download 27.35 Kb.
|
ОСӨЖ 1 Қалдыбайқызы Н. КИЛ 2-курс
- Bu sahifa navigatsiya:
- Әдістемелік нұсқау
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті ОСӨЖ №1 Тақырыбы: Морф және морфонема. Морфонология бірліктері Орындаған: қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2-курс магистранты Қалдыбайқызы Назгүл 2023 жыл
1. Морфонология, зерттеу нысаны және оның зерттелуі 2. Морфонология бірліктері. Әдістемелік нұсқау: Төменде берілген мәтіндегі ойды дамыта баяндап беру; 1.Тілдің морфонологи саласы туралы түсінік беру, мысалдармен дәлелдеу; 2. Морф және морфонема туралы түсінік беру, талдау жасау; 3.Морфонология бірліктерін атап, оларға мысалдар келтіру; 4. Морфонология бірліктері элизия, апокопа, кірігу (гаплология), прокопа, метатеза, синкопа, қыстырма дыбыс, селбеспелі дыбыс тұлғасын (субморф) терминдері туралы баяндау; Морфонология ғылымының зерттелуі көне дәуірден басталады. Морфонология немесе фономорфология термині пайда болмай тұрап-ақ, тілдегі бұл құбылыс көне үнді грамматистеріне белгілі болған. Олардың қатар тұрған дыбыстардың бір-бірне артикуляциялық, акустикалық жақтан әсерінсіз пайда болған дыбыс алмасуларды жеке зерттеу объектісі етіп қарастырғаны белгілі. Ал қысқартып морфонологияны кейін пайда болған жас ғылым ретінде қарайтынымыз, көне үнді грамматистерінен кейін бұл сала ескерусіз қалды да, әрі қарай дамымады. Тек дыбыс алмасу теориясының негізін салған И .А .Бодуэн де Куртенэнің еңбектерінде қайта белгілі бола бастады. Бірақ И.А. Бодуэн де Куртенэ және осы мәселеге көңіл аударған Н.В.Крушевский өз зерттеулерінің нәтижесін қорытындылап, морфонологияың жеке ғылым болып қалыптасуына ұйтқы болатындай жұмыс жазуды мақсат еткен жоқ. Бұл мәселеге арнайы көңіл аударып, онын теориясын жасаған Прага лингвистикалық мектебінің белгілі өкілі Н.С.Трубецкой болды. Ол бұл мәселеге фонологияны зерттеу барысында келген болатын. Сондықтан да ол фонология мен морфологияның ара-жігінде ерекше назар аударарлық, ғылымға үлес қосарлық маңызды құбылысты көре білді. Ол морфонологияның үш міндетін, зерттеу обьектісін көрсетті:1) Морфемалардың фонологиялық құрылымы теориясы; 2) Морфемалардың тіркесу барысында пайда болатын комбинаторлық өзгерістер теориясы; 3) Морфологияға қызмет ету барысында пайда болатын дыбыс алмасулар. Download 27.35 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
ma'muriyatiga murojaat qiling