«orleu-tv. Kz» халықаралық pdf журнал. Куәлік № kz37vpy00015077


Download 387.64 Kb.
Pdf ko'rish
bet15/21
Sana02.06.2024
Hajmi387.64 Kb.
#1838712
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Bog'liq
orleutv-2023-17

 
 
 
 
 
 
 


«ORLEU-TV.KZ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ PDF ЖУРНАЛ. Куәлік № KZ37VPY00015077 
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ 
29 
№ O00012 30.11.2023 ж 
 
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда 
дамыта оқыту технологиясын пайдалану 
 
ДАУЛЕНОВА ЖАДЫРА АМАНЖОЛҚЫЗЫ 
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы
№16 "Бөбек" бөбекжайының тәрбиешісі 
 
Педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда мектепке дейінгі ересек жаста, бала 
тәжірибесі мен әлеуметтік жағдайлар негізінде сөйлеу іс-әрекетін, мемлекеттік 
тілді меңгеруге, сурет, иллюстрациялар бойынша, өз тәжірибесінен сұлбалар 
бойынша әңгімелеуді, әңгімелер мен ертегілердің мазмұнын айта білуін 
ұйымдастыруға, шығармашылық (ертегілер құрастыру, сөздік ойындар), 
танымдық, сөйлеу, іс-әрекеттерді біріктіруді, тәрбиешімен баланың өзара іс-
әрекетінің түрлі үлгілерін қолдануға талаптар қояды. 
Осы талаптарды орындау барысында Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың 
дамыта оқыту технологиясын өз тәжірибеме қолдандым. 
Даму- мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып сапалық 
өзгерістерге айналуы. 
Дамыта оқыту – оқыту мазмұны, әдістері, тәсілдері баланың даму 
заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды айтады. 
Сапа – адамның болмысы, елесінің, таным процесінің шексіздікке дейін 
дамуын айтады. 
Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның 
нәтижесінде әр бала өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, 
оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. 
Дамыта оқыту барысында балалар тәрбиешінің айтқанын тыңдауымен 
шектеліп қалмай, тәрбиеші бос уақытында сол баламен шағын зерттеу 
жұмыстарын жүргізеді. 
Дамыта оқыту баланың ойлау, сезіну қабілетін дамытады. 
Профессор Д.Б.Эльконин пікірі бойынша «дамыта оқыту жүйесімен білім 
алған балалардың дүниеге деген көзқарастары терең және көріп білудің жаңа 
тәсілін игергендері көзге түседі, яғни дүние және адам тану үрдісі баланың сол 
үрдісінен толық шұғылдану және қызығу таныту жағдаятында пайда болады». 
Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті оқу материалын балаларға 
дайын күйінде емес, баламен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, 
алға қойған міндеттерді түсіндіру. 
Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға 
айналдыру; 


«ORLEU-TV.KZ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ PDF ЖУРНАЛ. Куәлік № KZ37VPY00015077 
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ 
30 
Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу; 
Баланың сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту. 
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті үш бөліктен тұрады. 
1. Оқу мақсаттарының қойылуы 
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру. 
3. Шешудің дұрыстығын дәлелдеу. 
Бұл үшеуі Д.Б. Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі 
компоненттері.
Жоғары қиындықта оқыту-принципі. Бұл қағида баланың қиындатылған 
тапсырмаларды орындауға мүмкіндігінің бар екендігіне көз жеткізеді. Бала 
ойлауын абстрактіден қарапайымға қарай жетелейді. 
Мысалы: Суретті көрсетіп мынау не? 
Түсі, түрі т.б. сұрақтар қойғаннан гөрі «топтастыру» әдісін қолданамын. 
Қар ериді
күн жылынады
Адамдар
талдар бүршік
жеңіл киінеді 
атады 
құстар жылы жақтан
ұшып келеді. 
Яғни, ол туралы не айта алатынын сұраймын. Дамыта 
оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайдалануды 
қажет ететіндей етіп беріледі. Балада ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре 
жауап беруге дағдыланады. Жауаптардың бірнеше вариантта болуы мүмкін 
екендігін қарастырылады. Мысалы: «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» 
ертегісінде ертегі кейіпкерлері жайлы не айта аласың?- деген сұрақтар қойып, 
балалардың пікірлерін тыңдаймын.
Дамыта оқыту барысында жаңа материалды талдауға зор көңіл бөлінеді. 
Өйткені талданбаған шығарма бала жүрегіне жетпейді. Талдау – бірлескен 
ізденіс. Әсіресе оқу барысында материалды талдау арқылы шығарманың айтар 
ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп, талдау арқылы ар, ұят, қайырымдылық, 
әдептілік т.б. сияқты тамаша адамгершілік қасиеттері балалар бойына жұғысты 
болады. 
Ойлауға үйрететін тәсілдердің бірі – салыстыру әдісі. Объектілер 
арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтау. Баланың қиялы дамиды. 
Салыстыру арқылы байқалмай, көрінбей қалатын белгілерін анықтауға үйренеді. 
Байқампаздығы артады. 
Мысалы:

Download 387.64 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling