«orleu-tv. Kz» халықаралық pdf журнал. Куәлік № kz37vpy00015077


Download 387.64 Kb.
Pdf ko'rish
bet11/21
Sana02.06.2024
Hajmi387.64 Kb.
#1838712
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Bog'liq
orleutv-2023-17

№ O00008 30.11.2023 ж 
 
Мектеп жасына дейінгі балаларды 
тәрбиелеудегі заманауи педагогтің рөлі 
 
БЕКМАГАМБЕТОВА АЙЖАН УРЫНБАЕВНА
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылы
"Бәйтерек" бөбекжайының тәрбиешісі
Педагог зерттеуші 
 
Тәрбиеші-бұл тек мамандық қана емес, бұл кез-келген адамның қолынан 
келе бермейтін ерекше кәсіп. Себебі, бала тәрбиелеудегі жетекші рөл педагог-
тәрбиешіге тиесілі. Ол еліміздің ертеңі болар жас азаматтың болашағын 
жобалайды. Жоғары кәсіби жауапкершілік, әрдайым білімін дамытуға ұмтылу, 
ғылымның соңғы жетістіктеріне деген қызығушылық – бұл қазіргі заман 
талабына сай педагогтың міндеттері. 
Сонымен қатар, тәрбиеші мамандығы жан-жақты білімді, шексіз 
мейірімділікті, балаларға деген сүйіспеншілікті қажет етеді. Қазіргі балалардың 
білім деңгейінің жоғарылауын ескере отырып, мұғалімнің өзі жан-жақты дамуы 
керек: тек өз мамандығы саласында ғана емес, сонымен қатар саясат, өнер, 
мәдениет саласында да білімін дамытуды тоқтатпауы керек. 
Қазіргі таңда әлем сәт санап дамып келеді. Заманға сай балалар да өзгеруде. 
Бұл өз кезегінде педагогтың біліктілігіне жаңа талаптар қояды. 
Тәрбиешілер мемлекеттік білім беру стандарттарының жаңа талаптарын 
жүзеге асыру үшін заманауи білім беру технологияларын игеруі керек. 
Сондай-ақ, біз баланы тәрбиелеп қана қоймай, оның денсаулығы мен 
қауіпсіздігіне де көңіл бөлуді ұмытпауымыз керек. Демек, қазіргі балаларды 
тәрбиелеу кезінде гиперактивтілікті төмендету, жақсы қасиеттерді дамыту, 
зейінді шоғырландыру, баланың физикалық денсаулығын сақтау және нығайту 
үшін жағдай жасау қажет. 
Менің ойымша, ата-аналарды балабақша өміріне кеңінен тарту, отбасылық 
құндылықтарды қалыптастыру, жақындасу үшін жағдай жасау қажет. Ата-аналар 
балалармен бірге әртүрлі шығармашылық тапсырмаларды орындайтын 
мерекелерді көбірек ұйымдастыру қажет. 


«ORLEU-TV.KZ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ PDF ЖУРНАЛ. Куәлік № KZ37VPY00015077 
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ 
21 
Балаларды мектепке дайындай отырып, біз мектеп жасына дейінгі баланың 
оқуға деген қызығушылығын, бастамашылығын, еріктілігін, баланың 
шығармашылық қабілетін қалыптастырамыз. 
Біз заманауи тәрбиешілер, мектепке дейінгі балалық шақты бірқалыпты 
емес, әртүрлі болуын қамтамасыз етеміз. Біз балаларға өздерінің даралығын 
көрсетуге мүмкіндік береміз.
Кейде топқа ерекшебала келеді. Мұндай балалармен жұмыс істеу 
педагогтерге оңай емес.Бірақ, мейірімді, білімді, шыдамды, тәрбиенің 
құпияларын білетін білікті маман бұл мәселені шешуге міндетті. Қаншалықты 
қиын болса да, ол баланы мектепке дейінгі жаста тәрбелеу кеш емес.Баланы бір 
нәрсені бүлдіргені үшін ұрысуға және жазалауға болмайды, өйткені бұл 
балабақшаға, тәрбиешіге, жалпы білім беру жүйесін теріс көзқарастың пайда 
болуына әкелуі мүмкін. 
Топта балалардың танымдық қызығушылығы мен белсенділігін қолдайтын 
орта қалыптастыру қажет. Бала, ересек адам сияқты, ол ойлайды, талдайды, 
сөйлейді, тыңдайды, түсінеді, сезінеді, басқа адамдармен байланысқа түседі. 
Тәрбиеші мектеп жасына дейінгі бала үшін ең маңызды адам болып табылады.
Менің ойымша, қазіргі қоғамға тәрбиеші-орындаушы емес, тәрбиеші-
зерттеуші керек. Ол бастамашыл, кеңінен білімді, жаңа тәсілдермен материал 
ұсынуға тырысады, педагогикалық жұмысты қызықты ұйымдастырады, мектеп 
жасына дейінгі балаларға өздерін шығармашылық тұлға ретінде көрсетуге 
мүмкіндік береді. 
Ойымды 
қорытындылай 
келе, 
қазіргі 
заманғы заманауипедагог-
тәрбиешітөмендегі қасеттерге ие болу керек деген пікірге тоқталдым 
- білім берудің қазіргі заманғы міндеттерін жете түсіну; 
- балалардың жеке қалыптасуы мен өзін-өзі дамыту процесін қолдау; 
- балалардың физикалық және рухани дамуын бірдей алып жүру; 
- балаларды тәрбиелеу мен оқытудың заманауи технологияларын енгізу 
бойынша педагогикалық қызметті жүзеге асыра білу
- өзін-өзі тәрбиелеу және жеке басын дамыту.
Осы және басқа да адамгершілік қасиеттерді игерген педагог-тәрбиеші 
жаңа заманның баласына оң тәрбие беріп, оның болашақта еліміздің ертеңі болар 
азамат болып қалыптасуына үлес қоса алады.

Download 387.64 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling