Білім мазмұны – ғылыми білім, іскерлік және дағдының жүйесі. Сондықтан білімнің мазмұны оқыту процесі компоненттерінің бipi болады. Сол жүйенің негізінде оқушылардың ақыл-ойы, қабілеті дамып, дүниетаны-мы, мінез-құлқы қалыптасады.
Білім берудің мазмұны, eң алдымен, қоғамның мектеп алдына қоятын мақсаттары және міндеттерімен анықталады. Сондай-ақ, дидактикалық та-лаптар да ескеріледі, себебі соның негізінде ғана қай жаста, қандай көлемде, қандай пәндерді оқуға болатындығы дұрыс шешіледі. Білім берудің мазмұ-ны деп белгілі бip оқу opнындағы үйренілетін білімдер мен іскерліктер-дің жүйесіне айтылады.
Білім берудің мазмұнының қайнар көзі – адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінде көрініс тапқан әлеуметтік тәжірибесі. Әрбір дәуір мәде-ниетке жаңа, өзіне ғана тән болған, сол қоғамның қажеттіліктері мен міндет-теріне жауап беретін мазмұнмен толықтырады. Сондықтан қоғам дамуының әртүрлі кезеңінде білім беру мазмұны да әртүрлі болады. Қaзipгi заманда біздің елімізде жалпы білім берудің мазмұны деп оқушылардың ақыл-ойын, күш-қуаттарын жан-жақты дамыту, дүниеге ғылыми көзқарастарын қалып-тастыру және оларды қоғамдық өмірге, еңбекке дайындауға қажетті негіз болатын білімдер, іскерліктер және дағдылардың көлемі мен бағытын айтамыз.
Жалпы білім беретін орта мектептерде оқыту мазмұнына қойылатын та-лап білім беруді дамытудың мемлекетік стратегиясымен анықталады. Бұл стратегия «Кадрларды даярлаудың ұлттық программасында» (1997 ж.) жа-зылған болып, онда білім беруді түбірімен реформалауды, жоғары дәрежелі кадрларды даярлаудың ұлттық системасын өркендеген мемлекеттер дең-гейінде құруды көзде тұтқан.
Білім берудің мазмұны – бұл қоғамның жеке адамды жан-жақты дамы-туға қойылған талаптар, қоғамның әлеуметтік тәжірибе және мәдениетін өзінде бейнелейтін әлеуметтік тапсырысының(заказының) моделі.
Әлеуметтік тәжірибе құрамына төмендегі элементтер кіреді:
1) білімдер;
2) қызметті жүзеге асыру тәсілдерінің тәжірибесі;
3) творчестволық қызмет тәжірибесі;
4) болмысқа эмоционал-құндылық қатынаста болу тәжірибесі.
Do'stlaringiz bilan baham: |