Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Оқыту методтарының түрлерiне сипаттама


Download 1.31 Mb.
bet44/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

2.3.3. Оқыту методтарының түрлерiне сипаттама.
Оқыту методтарының түрлері:
1. Ауызша баяндау методтарына: түсіндiру, әңгімелеу, мектептегі лекция жатады. Барлық методтар үшін жалпы нәрсе оқытудың бәрiне бiрдей құрал – мұғалімнің нанымды сөзi болып табылады және ол көбінесе оқу-шыларға жаңа материалды айтқан кезде қолданылады.
Түсіндру деп кейбiр ұғымдардың, құбылыстардың сөзбен айтылған тал-дауын, аспаптардың, көрнекi құралдардың принциптерін, сондай-ақ сөздер мен терминдердi түсіндіруді айтамыз.
Әңгімелеу метод ретінде жаңа материалдың мазмұнын ашудың өзiндiк баяндап беру түрін көрсетеді Әңгімелеу – материалды жүйелеп айтып беру. Әңгімелеу жоспар бойынша құрылып, анық түсінiктi болуы тиіс. Ол әңгіме-мен, түсіндiрумен жиі сәйкес келедi.
Әңгімелеу іс жүзінде барлық кластарда, ең бipiншi кезекте, әдебиет, та-рих, география, биология сияқты пәндер бойынша қолданылады.
Мектеп лекциясының әңгімелеу мен түсіндiруден айырмашылығы сол, ол айтып түсіндіруінің аумайтын дәлдігімен сипатталады. Мектеп лекциясы оқу программасының үлкенді-кішілі және принциптi маңызды мәселелерi бойынша оқылады. Лекцияның мақсаты оқулықтан тыс мәлiметтер мен де-ректердi қорытындылап беру болып табылады. Бұл оқулықты ғылым мен техникадағы жаңа жетiстiктермен толықтырып отыру деген сөз.
Лекция әңгімелеумен салыстырғанда ұзақ жасалады және оны оқушы-лар жазып отыруы керек.
2. Иллюстрация және демонстрация методы дегеніміз – оқыту про-цесiнде көрнекi құралдарды пайдалану, нақтылы заттарды, құбылыстарды, процестерді табиғи жағдайда көрсету. Мұнда затты немесе құбылысты қа-былдауға қатысатын сезім мүшелерi неғұрлым көбірек болса, оқушы жаңа бiлімдi соғұрлым жақсы және берiк меңгередi.
Бірақ демонстрациялық метод ең жақсы және жетілдiрілген көрнекі құ-ралдың болуына қарамастан, егер мұғалімнің сөзімен толықтырылмаса, оны-
мен қоса жүргізiлмесе ешуақытта қажетті нәтиже бере алмайды.
Экскурсиялар демонстрация методының бір түpi және сонымен берге оқытудың айрықша ұйымдастыру формасы болып табылады.

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling