Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Оқыту методтарын классификациялау


Download 1.31 Mb.
bet42/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

2.3.2. Оқыту методтарын классификациялау.
Оқыту методтары өте көп болғандықтан, оларды бірнеше негіздеріне қарай топтастырып қараймыз. Оқыту методтарын классификациялаудың ғы-лыми әдебиеттерде 20-дан астам түpi бар. Кейбір дидакттардың (Е.И.Петров-ский, Е.Я.Голант, Д.О.Лордкипанидзе, т.б.) пікірінше, оқыту методтарын топтастыруда оқушылар білім алатын дерек көздерін есепке алу керек. И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин оқыту методтарын оқушылдардың үйреніп жатқан материалды меңгеруі бойынша оқу-танымдық қызметінен келіп шы-ғып жіктеу керек дейді.
Осылардың ішінде ең көп тарағаны – И.Т. Огородников, К.А. Сорокин, Ю.К. Бабанский, Р.Г.Лемберг ұсынған оқыту методтарының топтастырылуы.
Р.Г. Лемберг оқыту методтарын үш топқа бөлген:
1) ауызша (әңгіме, әңгіме-диспут, лекция, кітаппен жұмыс);
2) көрнекілік (суретпен сипаттау, демонстрация);
3) практикалық (лабораториялық, практикалық жұмыстар).
И.Ф. Харламов оқыту методтарын былайша жіктейді:
1) оқытушының білімді ауызша баяндау методы: әңгімелеу, түсіндіру, мектеп лекциясы, иллюстрация мен демонстрация;
2) оқыған материалдарды бекіту методы: әңгіме, кітаппен жұмыс істеу;
3) оқушылардың жаңа материалды түсiнyi және меңгеруi бойынша өзiн-дiк жұмыстар методы: оқулықпен жұмыс істеу, лабораториялық жұмыс;
4) білімдi іс жүзінде қолдану және iскерлiк пен дағдыны қалыптастыру бойынша оқу жұмыстарының методы: жазбаша және практикалық жатты-ғулар, лабораториялық жұмыстар;
5) оқушылардың білімiн, іскерлігін және дағдысын тексерсеру, бағалау методы: оқушылардың жұмысын бақылау, ауызша сұрау, баға қою, бақылау жұмыстары, үй тапсырмасын тексеру, программаландырған бақылау.
Соңғы кезде И.П.Подласый ұсынған оқыту методтарының класси-фикациясы ең негізді деп қаралады. Олар төмендегілер:
1. Оқыту методтарының дәстүрлі классификациясы:
1) практикалық – тәжірибе, жаттығу, оқу-өндірістік еңбек;
2) көрнекілік – иллюстрация, демонстрация, оқушылардың бақылауы;
3) сөздік – түсіндіру, әңгіме, сұхбат, инструктаж, лекция, дискуссия, диспут;
4) кітаппен жұмыс істеу – оқу, үйрену, реефрат жазу, жылдам көз жү-гірту, цитат келтіру, мазмұдама, жоспар түзу, конспект жасау;
5) видеометод – көру, үйрену, «электорн оқытушы» бақылауында жат-тығу, бақылау.

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling