Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі
Білiмдi бекіту және өзіндік жұмыс істeyre үйрету методтарына
Download 1.31 Mb.
|
Педагогика - учебное пособие
- Bu sahifa navigatsiya:
- Оқулықпен және кітаппен жұмыс iстеу методтары.
- 4. Лабораториялық метод
- 2.3.4. Оқыту методтарын таңдауға қойылатын талаптар.
3. Білiмдi бекіту және өзіндік жұмыс істeyre үйрету методтарына сұх-бат, кiтаппен жұмыс iстеу, лабораториялық жұмыстар, жаттығулар жатады.
Сұхбат негізінен 4 түрге ажыратылады: жаңа білімдi барлау мақсатында қолданылатын сұхбат, білімдi бекiту мақсатында қолданылатын сұхбат; бі-лімдi тексеру және бағалау үшін қолданылатын сұхбат; өткен материалдар-ды қайталау негізiндегі сұхбат Оқулықпен және кітаппен жұмыс iстеу методтары. Оқушылардың оқулықпен жұмыс iстеуiнің негізгі әдістерi мынадай: мұғалiмнің сабақта баяндаған әңгімесіне байланысты жазып алғандарын еске түсіру; егер мате-риал класта түсіндiрiлмесе, мазмұнын тұтас қамту мақсатымен бүкіл мате-риалдарды оқулық бойынша толық оқу; қиын жерлерiн, сөздерді талдай оты-рып қайталап оқу; оқығанды қайта айтып берудің жоспарын жасау; жоспар-ға сәйкес бөлiмге бөлiп оқу және егер қажет болса әрбір бөлiмдi дауыстап ай-ту, алдында жасалған жоспарға сүйене отырып, бүкіл материалды ауызша қайта айтып шығу. Теориялық материалды толық меңгергеннен кейін, оқушы жазбаша тапсырмаларды орындауға кiрiседi. Жоспар жасау жазбаның ең қысқа түрі болып табылады, ол текст бойын-ша жұмыстың мынадай түрлерiн алдын-ала жүргізудi көздейді; бүкіл тексті оқу және басты идеясын айқындау; оны тарауларға бөлу; әр тарауға таңдап тақырып қою. 4. Лабораториялық метод алынған жаңа білімдi бекiту мақсатында қолданылады. Лабораториялық методта оқушылар мұғалімнің басшылығын-да арнайы жабдықталған кабинетте, мектеп шеберханаларында, оқу-тәжірибе учаскесінде жұмыс істейді. Лабораториялық жұмыстар, әсіресе, химия, фи-зика, биология сияқты пәндерден бiлiмдi терең игеру мақсатында жүргізіледi. Жаттығу – білімдi бекітудің және iскерлiк пен дағдыны қалыптастыру-дың, оқушылардың ойлау қасиетiн дамытудың негізгі методы. Жаттығулар оқу пәндеріне байланысты болады. Тілдiк пәндер бойынша ережелерге жазы-латын жаттығулар. Физика, математика, химия бойынша есеп шығару жат-тығулары. Еңбекке үйрету жаттығулары. 2.3.4. Оқыту методтарын таңдауға қойылатын талаптар. Оқыту методтарына қойылатын талаптар. Мектепте қолданылатын бар-лық негізгі методтарды зерттеу мұғалімнің қарамағында оқушыларға сапалы білiм мен саналы тәрбие берудің аса мол педагогикалық құралдары бар еке-нiн көрсетедi, Оқыту методтарын дұрыс қолдану оқытушының шеберлігіне байланыс-ты. Методтарды қолдану бойынша арнайы нұсқау жоқ. Бірақ педагогикада қабылданған кейбiр жалпы ережелер мұғалімнің қажетті методты дұрыс таң-дауына көмектеседi. Методты таңдау дидактикалық мiндеттерге, яғни оқытудың нақтылы мақсатына, тақырыпқа байланысты. болады. Мысалы, жаңа тақырыпты бас-тауда әңгімелеу, тәжірибе жасау, түсіндіру қолданылады, ал бекiту сабағында жаттығулар орындау қолданылады. Методты таңдағанда оқушылардың жас шамасының ерекшелiктерi де ес-керiлуi керек. Мысалы, төменгі класта лекция методын қолдануға болмайды. Ал жоғары кластарда мәнерлеп оқыту методтарын қолдау қажет емес. Методтар оқу пәндерiнің ерекшелiктерiне, оқу-материалдық жабдықтар-ға, балалардың өмірлiк тәжірибесiне т.б. сай таңдалуы керек. Download 1.31 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling