Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім министрлігі ташкент облысы шыршық мемлекеттік педагогика институты гуманитар пәндер факультеті


Download 67.42 Kb.
bet13/15
Sana04.02.2023
Hajmi67.42 Kb.
#1162880
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Bog'liq
Жұлдыз

ҚОРЫТЫНДЫ


Тілдің негізгі грамматикалық сипаты, белгілі топтағы сөздердің түрлену жүйесі мен соған сәйкес туындайтын әртүрлі грамматикалық мағыналар, грамматикалық мағыналардың өмір сүріп, жүйелік тілдік құбылысы болу үшін т.б. сипаттар тіліміздегі сөздердің белгілі-белгілі грамматикалық топтарға, сөз таптарына бөлінуіне байланысты. Өйткені сөздер синтетикалық сипаттарының, түрлену жүйесінің, синтаксистік қызметтерінің ортақтығына қарай топталады.
Сөз таптары сөздердің белгілі жүйесінде қалыптасқан грамматикалық топтары болып табылады, сондықтан сөз таптары мен сөздерді түрге бөлуге ол сөздердің грамматикалық сипаттары мен белгілері негіз бола алады. Сөздерді сөз таптарына бөліп қарау сөз таптарына қатысты тұрақты белгілерінің негізін де, жүйелі принциптер негізінде айқындалуы керек. Ол принциптер сөздердің грамматикалық сипаттарына негізделеді. Тіліміздегі барлық сөздерді грамматикалық жағынан топтастырғанда, белгілі екі сөз таптарына бөлгенде төмендегі үш принципке сүйенеміз, олар негізінен атаушы сөздерге ғана қатысты болып келеді.
Сөздерді топтастырудың үш синтаксистік принципі сөздердің сөйлемде өзіне тән белгілі қызмет атқарумен және сол сөздердің тіркесу сипатымен яғни қандай топтағы сөздермен қалай тіркесе алумен байланысты.
Сөз таптарының шығуын, қалыптасуын бірсыпыра ғалымдар сөйлем мүшелерімен байланыстырады. Негізгі сөз таптары сөйлеу процесінде сөздердің белгілі сөйлем мүшелерінің қызметінде жұмсалу барысында біртіндеп жасалып қалыптасқанын көрсетеді. Әрине, бұл процесте сөйлем ішіндегі сөздердің орын тәртібі, орналасу тұрғысының әсері бар. Өйткені сөздер, бір жағынан, сөйлемдегі орын тәртібі арқылы, екінші жағынан, белгілі сөздермен синтаксистік қатынас жасап, грамматикалық сипаты айқындалу арқылы бе лгілі грамматикалық мағынаға ие бола бастайды. Сол жалпы грамматикалық мағынаның негізінде сөздер жеке-жеке грамматикалық топтарға, яғни сөз таптарына жіктеледі. Сөйлемдегі қызметі мен орын тәртібінің сақталуы арқасында ең алдымен есім (негізінен зат есім) және етістік сөз таптары қалыптаса бастаған. Сөйлемнің бірініш позициясындағы сөздер зат атауы мен оның алуан түрлі сипаттарын белгілейтін жалпы грамматикалық мағынаға ие болып, сөйлемнің соңындағы сөздер сол есім сөздердің әр түрлі іс қимыл, іс-әрекеттерін білдіретін жалпы грамматикалық мағынаға ие бола бастаған.
Тілімізде грамматикалық жүйесін зерттеу өткен ғасырдың екінші жартысынан басталады. Қай кезде болса да, морфологияның ең өзекті, ең басты мәселесі сөздерді әр түрлі грамматикалық топтарға, яғни сөз таптарына бөлу болғаны белгілі. Сөздерді бөлу жыл санауымыз алдындағы V-IV ғасырдағы көне Үндістан лингвисі Панини грамматикасынан, байырғы Греция ойшылдарынан бері қарай айтылып келеді. Тілдегі сөздерді есім, етістік, шылау деп үш топқа бөледі де Платон мен Аристотельден басталған жоғары үш топ құрамына енетін сөздерді ең аз болғанда бес, ең көп болғанда он бір топқа бөлу тіл білімінде әбден орныққан, тұрақты үлгіге айналған дәстүр.
Қорыта айтқанда, кіріспе мен бірінші тарауда тақырыпты зерттеудің дәрежесі, жай-күйі, сөздерді таптарға және топтарға бөлу мен зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты жан-жақты баяндалған. Осы тақырыпқа байланысты зерттеуші-ғалымдардың пікірлері толық көрсетілді.
Екінші тарауда зат есімнің грамматикалық категориялары туралы жалпы мәлімет, көптің мәнді есімдер мен көмекші сөздер туралы, зат есімнің грамматикалық категориялары және зат есімнің синтаксистік қызметіне байланысты материалдар сараланып талданды. Сондай-ақ, қазақ тілінде зат есімнің реңк мәнін тудыратын жұрнақтар да екінші тарауда орын алған.

Download 67.42 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling