Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім министрлігі ташкент облысы шыршық мемлекеттік педагогика институты гуманитар пәндер факультеті
Download 67.42 Kb.
|
Жұлдыз
- Bu sahifa navigatsiya:
- Шыңғыс
- Досандармен
- Назыммен
Шығыс септік. Бұл септікгің қосымшалары -дан,-ден,-тан,-тен,-нан,-нен. Шығыс септіктің басты мағыналары:
- шығыс септігіндегі сөз істің, қимылдың неден, қай жерден басталғанын білдіреді. Мысалы, Тақырланып қалған жазғы жайлаудан келе жатқан жылқы... ұстарадай өткір тістерін жерге қадай бастады.(Ғ.Мүсірепов) - қимыл, іс-әрекеттің қандай объектініңтөңірегінде, маңында өткендігін білдіреді. Мысалы, Досанды мойнынан құшақтай алды (Н. Ғабдуллин). - шығыс септіктегі зат есімдер істің, қимылдың, әрекеттің себебін білдіреді. Мысалы, Мен көпшіліктен емес, ең алдымен Мұқтардан жасқанатынмын (К. Оразалин). - сындық мағынадағы сөздермен грамматикалық қатынаста айтылған шығыс септікті зат есім салыстыру мәнін аңғартады. Мысалы, Алтыннан қымбат сөз айтсаң, ақымақ көңіл қоймайды. - шығыс жалғаулы зат есімдердің жиі қолданылатын мағыналарының бірі-белгілі бір бөлшегі, белгілі бір үлесі алынатын затты білдіру. Мысалы, Шолпан асығып тұрса да, ертеңгі астан ауыз тиді (X. Есенжанов). - кейде шығыс септігіндегі сөзден нәрсенің, заттың тегі, неден, не нәрседен істелгені көрініп тұрады. Мысалы, Үлкен сырлы тегенедегі сары қымызды арқар мүйізінен ойып жасалған ожаумен құйды (К. Оразалин), - сөздің негізгі лексикалық мәніне қарай шығыс септігі өлшем, мөлшер мағынасын да аңғартады. Мысалы, Жұмысқа кіргеніне жеті айдан асты (газеттен). - істің, қимылдың мекенін білдіреді. Мысалы, Осы үш ұлы адамның туған жерінен ашылған әдеби қорықтың қанша міндет атқаруға тиісті екендігін уақыт көрсетеді (К. Оразалин). Шығыс септікті сөз сөйлемде пысықтауыш, жанама толықтауыш қызметін атқарады. Мысалы, Өз үйімнен ешкімнің келмегені тегін емес (Ә. Сәрсенбаев). Белгі жолдан тайдырмас, білім сөзден жаңылдырмас. Шығыс септігі жалғауының түсіп қалатын кездері өте сирек. Мысалы, Шыңғыс асып, жайлаудан құлаған бетте (К. Оразалин). Көмектес септік. Бұл септіктің жалғаулары -мен,-бен,-пен,-менен,-бенен,-пенен. Көмектес септік жалғауларының бір ерекшелігі-олардың тілімізде фонетикалық жуан варианты жоқ. Көмектес септіктің басты мағыналары: - істің, қимылдың немен, қандай амалмен істелгенін білдіреді. Мысапы, Орамалмен терін шапшаң сүртіп, самай шашын асығып түзеді (Н. Ғабдуллин). - іс-әрекетті, қимылды атқаруға қатынасқан адамды білдіру де көмектес септіктің негізгі мағыналарының бірі. Мысалы, Ол әскерге Досандармен бірге аттанған жігіт еді (К. Оразалин). - көмектес септігіндегі зат есім кейде істің, қимылдың амалын білдіреді, Мысалы,... істің жедел қолға алынғанын ризалықпен еске алды (сонда). - көмектес жалғаулы зат есімнен кейде істің, қимылдың, мекені, мезгілі көрініп тұрады. Мысалы, Бұлақтың арасымен жарыса жүріп, жазыққа түсейік (сонда). Көмектес септік жалғаулы сөз жанама толықтауыш болады. Мысалы, Назыммен телефон арқылы хабарласты. Атты қамшымен айдама, жеммен айда. Көмектес септік жалғаулы сөз сөйлемде пысықтауыш та болады. Мысалы, Домбыра үлкен шеберлікпен жасалыпты. Download 67.42 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling