Пән аты: «Тігін өндірісінің материалтануы» «Киім тігуде қолданылатын материалдар»
Download 46.23 Kb.
|
Төм Фариза
Маталарды әрлеу. Тоқу станогынан алынған маталар қатқыл маталар (суровье) деп аталады. Олардың құрамында түрлі қажетсіз қоспалар болып, бұйым тігуге жарамсыз болғандықтан, әрлеуді талап етеді.
Әрлеу – матаны асылдандырып, сапасын жақсартуға, ерекше қасиеттер (қыртысталмауға, суға төзімділік, т.б.) иеленуге мүмкіндік беретін технологиялық процесс. Әрлеу процесі төрт кезеңнен тұрады: матаны тазалау мен даярлау, бояу, мөрлеу, қорытынды әрлеу. Әрбір кезең бірқатар физика – механикалық және химиялық операциялардан тұрады. Матаның талшықтық құрамы аталған операциялардың мазмұны мен орындалу реттілігін айқындайды. Операцияны атқаруда қолданылатын химиялық заттардың қоспасын мұқият тексеріп, өңдеу барысындаға температураны қатаң бақылайды. Бұл мата талшықтарының сапасын сақтап қалу да маңызды. Химиялық реагенттердің құрамы мен өңдеу режимі де матаның талшықтық құрамына байланысты. Мақта – маталар. Мақта – маталарды тазалау мен даярлау барысында оларды қабылдау және сорттау, отқа шарпу (опаливание), шлихтлеу, аңғарту, мерсерлеу, түктеу операцияларын жүргізеді. Мақта – маталықтарда тазарту және даярлау қабылдау мен сорттаудан басталады. Операцияны бастамас бұрын мақта – маталықтар өзара қосылып тігілген жүздеген бөліктерден тұратын ұзын үздіксіз лентаға біріктіріледі. Әрбір бөлікті өшірілмейтін бояумен белгілейді. Бір партияға бір артикулдегі маталар кіреді. Мата үлкен жылдамдықпен (2,5-3 м/сек) қатты қыздырылған темірдің үстінен өткізіледі. Нәтижесінде матаның жоғары қабатындағы сыңар талшықтар күйіп, жойылады да, матаның жоғары қабаты тазаланады. Ішкі беті мен жоғары қабаты түктелетін (начес) маталар, дәкеліктер отқа қақталмайды.Отқа шарпылған маталар шлихтлеуге жіберіледі. Шлихтлеу – матаны қайнату мен ағарту процестерін жеңілдету үшін талшықтардың құрамындағы шлихтлер мен өзге де қажетсіз қоспаларды жою. Матаны 31 - 40°С температурадағы суға салып (замачивание), матаның тығыздығына байланысты 4 – 24 сағат бойы жәшіктерге салып қояды. Ылғалдау барысында әлсіз концентрациялы қышқылдар қолданылады. Жәшіктерден алынған матаны суық сумен жуады, ос кезде ылғал матада крахмалдың гидролтзі жүреді. Шлихтіленген мата жұмсарып, жақсы ылғалданатын болады. Қайнату. Шлихтіленген матаны қайнату матаның құрамындағы крахмалдың қалдықтарын, талшықтардың құрамындағы азотты, балауыз тәрізді және пектинді заттарды жою үшін қолданылад. Матаны ауа өткізбейтін (герметичный) қазанда сабын – соданың ерітіндісіне белсенді заттар қосып қайнатады. Қайнату 120 – 130° С температурада 3 – 4 сағатқа созылады. Қайнатқаннан кейін мата жұмсарып, жақсы ылғалданатын болады, алайда түсі сұр – қошқылдана түседі. Ақтық мата алу үшін матаны ағартады. Ағартушы зат ретінде хлор және сутегі пероксиді бар түрлі тотықтырғыштар қолданылады. Ағартылған мата мерсерлеуге (шыт, сәтен, т.б.) немесе түктеуге (байка, фланель, т.б.) жіберіледі. Мерселеу - матаныащы натрийдің 25% ерітіндісімен 15-18 С температурада 30-50 секунд бойы өңдеу.Ағартылмаған қытқыл маталар 2-3 минут өңделеді.Мерсерлеуден кейін мата жібектей болып,жылтырлығы,беріктігі,гигроскоптылығы артады.Мерсерленген маталар жақсы боялады. Түктеу - матаның оң бетіне түк түсіру мақсатында атқарылатын процесс.Бұл операция түктеуіш машинамен атқарылады: машинаның инелері матаның арқаулығындағы талшықтардың шетінен тартып,оларды кезек-кезек екі бағытта тарай бастайды. Сапалы түк алу үшін матаны түктеуіш машинадан бірнеше рет өткізеді.Ағартылған матаны да,қатқыл матана да түктеуге болады. Бояу. Матаны бояу - бояу ваннасындағы бояуыш заттардың мата талшықтарына өз бетімен сіңу процесі. Бояу ваннасының құрамына бояуыш зат, көмекші заттар және су кіреді. Бояудың нәтижесінде мата белгілі бір түске біртекті боялады. Текстильді материалдарды бояу - түрлі фокторларға (материалдың құрылымына талшықтардың түріне, бояғыш заттың диффузиялық қабілетіне, электролиттің құрамына, бояу ваннасының температурасына, т.б.) тәуелді болатын күрделі процесс. Текстильді материалдарды негізінен синтетикалық бояуыштармен бояйды, олар материалға қанық, терең, берік өң беріп, адам денсаулығына зиян келтірмейді, талшықтардың қасиетін төмендетпейді. Мақта - маталарды бояуға төменде келтірілген топтағы бояуыш заттар қолданылады: - суда еритін тікелей бояуыш. Материалға қанық рең береді, алайда ылғалды өңдеу мен жарықтың әсеріне төзімділігі төмен. Бояудың төзімділігін арттыру үшін матаны органикалық бекіткіштермен өңдейді; - суда ерімейтін бояуыш заттар. Қайта қалпына келтіру арқылы бояуыштар суда еритін тұздарға айналдырылады, оны талшықтық материал жақсы сіңіреді. Тұздар оттегінің немесе басқа да тотықтырғыштың әсерімен талшықта бастапқы бояуыш қалпына келеді. Бұл бояуыштардың көмегімен түрлі түстер мен реңктер алынады. Бояу төзімді, қанық; - суда ерімейтін күкіртті бояуыш. Оларды да суда ерігіш тұздарға айналдырады, талшықтардың құрамында оларды қышқылдандырғаннан кейін тұз бастапқы ерімейтін күйіне оралады. Бояудың түсі қанық емес, төзімділігі орташа.Күкіртті бояуышы бар маталарды ұзақ сақтағанда бояуыш заттар ыдырап, күкірт қышқылы түзілуінің әсерінен маталар беріктігін біршама жояды; - суда ерімейтін азобояуыштар. Бояуыш затты тікелей талшықта синтездеу арқылы жүзеге асырылады. Ылғалдап өңдеуге төзімді; - қара анилин. Анилинді катализатордың қатыстырылуымен талшықта қышқылдандыру реакциясы арқылы жүзеге асырады. Бояу төзімді, матаның беріктігі 10-12 % төмендейді. - белсенді бояуыш - құрамында талшық түзгіш полимерлермен химиялық әрекеттес қабілеті мен тұрақты химиялық байланыс түзе алатын белсенді топтары бар бояуыштар. Бояуы қанық, ылғалды өңдеуге, үйкеліске, жарықтың әсеріне төзімді. Мөрлеу. Матаның бөліктеріне бояуыш ты жағып, бекіту. Мөрлеу процесіне қойылтқыштарды араластыру нәтижесінде алынған қою, тұтқыр косистенциясы бар жоғарыда келтірілген бояуыш заттар қолданылады. Мақтаматалардағы суретті бояуларды мөрлеу машиналардың көмегімен атқарылады. Мөрлеу машинасының мөрлеу органы - жалпақ мыс цилиндр - мөрлеу білегі. Мөрлеу машиналары бір білекті және көп білекті болады. Бір білекті - матаға бір түсті өрнек түсіру үшін, ал көпбілекті (16 білекке дейін) түстері әртүрлі өрнектер алу үшін қолданылады. Тікелей немесе жапсырмалы мөрлеуде бояуды тікелей матаға жағады. Суреттің ауданына байланысты матаны ақжерлік (белоземельный) - түрлі түсті сурет мата ауданының 40% - ын алады; жартылай грунтты - түрлі түсті сурет мата ауданының 40-60% - ын алады; грунтты - 60% - дан жоғары. Мақта - маталықтардың сапасын арттырып, ассортиментін кеңейтетін мөрлудің сәнді эффектісі кеңінен тараған. Бедерлі бояу үшін бір, екі, үшкомпоненттік құрамдар қолданылады. Көлемді дөңес өрнек мөрлі суреттері бар маталарды 100 С және одан да жоғары температурада кептіру арқылы алынып, одан әрі 130-150 С температурада 1,5-5 минут бойы термофиксациямен бекітіледі. Мөрлеу үшін қырнау тереңдігі 0,25-0,3 мм-лік арнайы мөрлеу білектері бар мөрлеу машиналары қолданылады. Download 46.23 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling