Пән аты: «Тігін өндірісінің материалтануы» «Киім тігуде қолданылатын материалдар»


Download 46.23 Kb.
bet3/4
Sana03.02.2023
Hajmi46.23 Kb.
#1153303
1   2   3   4
Bog'liq
Төм Фариза

Өрнектеп мөрлеу - тегісбоялға матаға өрнектеуіш-бояуышты ыдыратып, сол арқылы матаның қажетті аумағынатүссіздендіргіш зат жағу арқылы алынады. Түрлі түсті өрнектеуіштер қолданылады, олардың қолданылады, олардың құрамында өрнектеуіштен басқа оның әсеріне төзімді бояуыш зат болады.
Резервті мөрлеу: матаны тегіс бояудың алдында ерекше зат - резервті жағады. Өрнектеп мөрлеу және резервтік мөрлеуді қоңыр матаға ақ сурет түсіруде қолданады. Бедерлі мөрлеу мен жылдам фиксайиялау пигменттерімен мөрлеуді тіркестіру арқылы қызықты эффект алуға болады. Бұл жағдайда бедерлі мөрлеу соңғы білекпен жүзеге асырылады.
Жылтырақ мөрлеудің құбылмалы түрін алу үшін құрамында титанның қос тотығы мен слюда болатын пигменттер қолдану арқылы жүргізіледі. Перламутр пигменттер матаның жоғары қабатында тегіс және сыну көрсеткіші жоғары жіңішке селдір сақиналықтар түзеді. Жуу және химиялық тазалауда матаның суреттері зақымданып, жойылады.
Перламутрлік мөрлеуге шағын мөлшерде қара пигменттер қосу арқылы алюминий ұнтағымен мөрлегендегідей эффект алуға болады. Бұұл жағдайда суреттің беріктігі жоғары болады. Күміс ттүсті мөрлеу эффектісін көлемі 1,4 мм-ден жоғары жылтырақ полиэфирлі жарғақ қолдану арқылы алуға болады.


Қорытынды әрлеу - әрлеу процесінің ең соңғы кезеңі. Бұл кезеңде материалдың сыртқы түрін әрлеп, кездеменің енін анықтайды, қыртыстарын жазады. Қорытынды әрлеу барысында кейбір маталардың қыртысталуын, отырғыштығын болдырмайтындай, суға, отқа төзімділігін арттыру мақсатында арнайы өңдеуден өткізеді. Мақта - маталықтар қорытынды әрлеу барысында аппереттеледі, ширатылады, үтіктеледі.


Маталардың қасиеттері.
Матаның тығыздығы. Матаның тығыздығы мата ұзындығының бірлігіне келетін жіптердің санымен сипатталады. Матаның тығыздығы негіз бен арқаулық бойынша бірдей болса, мата тең тығыздықты (равноплотный) деп аталады.Егер матаның тығыздығы негіз бен арқаулық бойынша әртүрлі болса, теңсіз тығыздықты (неравноплотный) мата деп аталады.Матаның тығыздығы абсолютті, максималды және салыстырмалы деп бөлінеді.Абсолюттік тығыздық матаның 10см-індегі жіптердің қабатымен сипатталады.Матаның абсолютті тығыздығын анықтау үшін оптикалық құрал (лупа), 1мм-лік өлшемі бар сызғыш, ине, істік, (пинцет) қажет.Егер матада негіз бен арқаулық жіптердің бірнеше жүйесі болса, матаның тығыздығы әр жүйе бойынша бөлек анықталады.Жіптерді санау төмендегі ұзындықта жүргізіледі:тығыздығы төмен маталар үшін - 10см, тығыздығы орташа маталар үшін - 5см, тығыз маталар үшін – 2,5 см. Жіптерді құралсыз жай көзбен немесе лупаның көмегімен санайды.Ал құрылымы анық емес маталарды жібін суыртпақтау арқылы анықтайды.Маталардың абсолютті тығыздығын үш мәрте өлшеп, орташа көрсеткішті алады.Мысалы:маркизеттің абсолюттік тығыздығы – 730.
Максимал тығыздықта барлық жіптердің диаметрі бірдей,жіптер біріне-бірі өте жақын орналасып, бірін-бірі баспай, түзу орналасады.
Салыстырмалы тығыздық (сызықтық толтырылым) – абсолютті тығыздықтың максимал тығыздыққа қатынасы.Салыстырмалы тығыздық пайызбен көрсетіледі.Салыстырмалы тығыздығы жоғары маталарды өңдеу қиындық туғызады. Матаның оң беті мен ішкі бетін анықтауда оның қолданылу мақсатын, құрылысын, әрленуін есепке алады. Матаның оң беті мен ішкі бетін анықтаудың негізгі белгілері:
- оң бетінің мөрлеу суреті ішкі бетінің суретіне қарағанда қанық;
- тегіс маталардың ішкі беті мамық келеді, себебі матаның оң беті отқа қақталады;
- матаны тоқуда орын алған ақаулар матаның ішкі бетінде басым болады;
- саржалық өрімді маталардың оң бетіндегі ұсақ жол әдетте төменнен жоғары қарай солдан оңға бағытталады.
- аса қымбат жіптер әдетте матаның оң бетінде орналасады.
- егер матаның екі бетенің өрімі бірдей болса, оң бетіндегі өрімнің түсі қанықтау болады;
- драп және түкті шұғаның оң бетіндегі түктері белгілі бір реттілікпен орналасып, матаның ішкі бетінде киіз тәрізді төсем болады.


Матаның талшықтық құрамын анықтау әдістері.
Матаның талшықтық құрамы органолептикалық және лабораториялық әдіспен анықталады. Органолептикалық әдіс – талшықтық құрам сезім мүшелерінің көмегімен анықталады.
Лабораториялық әдіс. Лабораториялық әдісте матаның талшықтық құрамы микроскоптың және химиялық реактивтердің көмегімен анықталады. Лабораториялық әдіс органолептикалық әдіске қарағанда дәл нәтиже береді. Бірақ тәжірибе жүзінде матаның талшықтық құрамы органолептикалық әдіспен жиі анықталады.
Киім кию барысында киімнің тозуы созу жүктемесінің, сығылудың, бүктелудің, үйкелудің көп қайталану әсерінен болады. Матаның басты қабілеті – түрлі механикалық әсерлерге төзімділігі. Матаның механикалық қасиеттері: беріктігі, ұзару қабілеті, төзімділігі, қатқылдығы, жтырықталуы, т.б. Матаның созғылағандағы беріктігі – түсірілген жүктемеге төзу қабілеті.
Матаның технологиялық қасиеттері. Матаның технологиялық қасиеттері тігін өндірісінің түрлі кезеңдерінде орын алады: пішім барысында, қосып тігу процесінде, ылғалды – жылумен өңдеуде. Матаның техникалық қасиеттеріне төмендегілер жатады: қиюға қарсылығы, сырғу, сетінеу, тесілу, отырғыштығы,
Ылғалды – жылулық өңдеудегі қалыпталуы, тігіс жіптерінің қозғалуы.
Матаның ассортименті.
Мақта – маталықтар төмендегі топтарға бөлінеді:

  • шыттықтар,

  • бөздер,

  • ішкиімдік,

  • сәтендік,

  • көйлектік,

  • киімдік,

  • астарлық,

  • тиктік,

  • түкті,

  • орамалдық,

  • сүлгілік,

  • қатқыл маталар,

  • жиһаздық – сәндік,

  • жамылғылық,

  • орауыштық,

  • дәкелік,

  • дәкелік бұйымдар,

  • техникалық маталар.

Жүн маталардың топтары:

  • камволды,

  • жұқа шұғалық,

  • қатқыл шұғалық,

  • орамалдық.

Жібек маталардың топтары:

  • жібек жіптерден тұратын,

  • жібек жіптер мен басқа талшықтардың қоспасынан тұратын,

  • жіптер мен басқа талшықтардың қоспасынан тұратын,

  • жасанды және синтетикалық жіптердің басқа талшықтармен қоспасынан тұратын маталар.

Мақта – маталықтар. Ішкиім, жейде, көйлек, костюм, күрте, плащ, жаздық және маусымдық пальтолер тігуде кеңінен қолданылады. Мұндай жұқа маталар берік әрі созу мен бүктеуге төзімді, гигиеналық қасиеттері жоғары, көп жуып үтіктеуге төзімді. Матадар қыртысталады әрі пішін сақтауыш қасиеттері жоқ. Мақта – маталықтардың өрімдері алуан түрлі болады. Көбіне полотнолық, саржалық, сәтендік, ұсақ өрнекті және туынды өрімдер қолданылады. Мақта – маталықтардың әрленуі де алуан түрлі болып келеді: ағартылған, тегіс боялған, мөрлі суретті.

Download 46.23 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling