Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойын халық қазынасы


Download 24.57 Kb.
bet1/3
Sana05.08.2023
Hajmi24.57 Kb.
#1665417
TuriСабақ
  1   2   3
Bog'liq
02.04.2022 ж 6 А Сынып сағаты


Мұғалім: Мәулен Л.Т Сыныбы: 6 А
Күні: 02.04.2022ж
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойын – халық қазынасы
Сабақтың мақсаты: Ұлттық ойын түрлерімен таныстыру, ұлттық ойындар арқылы оқушының өз
ұлтының әдет-ғұрпына, салт дәстүріне деген қызығушылығын ояту.

Ұлттық ойындарды насихаттай отырып, ойын түрлерімен балалардың күштілік,


ептілік, жылдамдылық, икемділік қасиеттерін дамыту.
Ұлттық ойындар арқылы балаларды адамгершілікке, сыйластыққа,
ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: аралас сабақ
Сабақ көрнекілігі: ойынға керекті нәрселер, ұлттық ойынға байланысты суреттер,
рефераттар.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру
II.Сәлемдесу.
-Қайырлы күн!
-Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Сабақтың тақырыбымен таныстыру: Ұлттық ойын – халық қазынасы.
Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың мақсаты:
-Ұлттық ойын дегеніміз не?
-Ұлттық ойын түрлерімен танысу.
-Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні және оны насихаттау.
Ұлттық ойын туралы балалар түсінігін тыңдау.
Мұғалім:
Біз болашақ ұрпағымызға тілімізді ғана үйретіп қоймай, салт-санамызды, дәстүрімізді мирас етіп қалдырып, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасуына жағдай жасауымыз қажет.

-Неге біз бұл ойындарды ұлттық деп атаймыз?


-Қазақтың салт дәстүріне жатады, ұлттық киім киіледі, ұлттық тойларда ойналады.

Мұғалімнің сөзі:
Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халықтардың бірі.
Бірақ ол ертеде ауызекі туып, жалпақ жұртқа ауызекі таралып отырған да, сондықтан көпшілігі бүгінгі күнге жетпей ұмыт болып кеткен.
Қазақ ұлттық ойындары елдің өмірімен тығыз байланысты. Сондықтан оның тәрбиелік маңызы аса жоғары, әрі құнды. Қазақтың ұлт ойындары шамамен алғанда осыдан бес мың жылдар бұрын ойналған. Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.
Ұлт ойындары қоғамның өзгеруі, әлеуметтік- экономикалық жағдай негізінде толығып, тұрмысқа сіңіп, өзгеріске ұшырап отырған. Мысалы, Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдастық құрылыста қалыптасқан «Аң аулау», «Таяқ жүгірту», «Садақ ату», «Қақпа тас», «Қарагие» ойындары келесі дәуірлерде қайталау толығу процесінде «Аң аулау», «Құс салу», «Жамбы ату» болып аттары өзгеріп, мазмұны сақталып қалды.


Download 24.57 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
  1   2   3




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling