Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойын халық қазынасы


Танымал адамдардың қазақтың ұлттық ойындары туралы пікірлерін тыңдасақ


Download 24.57 Kb.
bet2/3
Sana05.08.2023
Hajmi24.57 Kb.
#1665417
TuriСабақ
1   2   3
Bog'liq
02.04.2022 ж 6 А Сынып сағаты

Танымал адамдардың қазақтың ұлттық ойындары туралы пікірлерін тыңдасақ:
1-оқушы: М.Жұмабаев ұлттық ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдаған.
2-оқушы: Қазақ ғалымы Б.Төнебаев «Қазақтың ұлттық ойындары» (Алматы, 1994) атты еңбегінде қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін зерделеп, ойын білдірген.
3-оқушы: Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалаған.
4-оқушы: Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» деген.
III. Қандай ұлттық ойын түрлерін білеміз?(Ұлттық ойындар түрлерін атау)
Айтылған ұлт ойындарын негізінен әр салаға, топқа, түрге бөліп топтастырған.
Ә.Дибаев «Игры киргизских детей» атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады.
1.Кішкентай балалар ойыны
2.Ересек балалар ойыны
3.Жігіттер ойыны
XX ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М.Гуннер қазақтың ұлттық ойындарын былайша жіктейді: 1. Жалпы ойындар; 2. Қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар; 3. Ашық алаңқайдағы ойындар; 4. Қыс мезгіліндегі ойындар; 5. Демалыс ойындары; 6.Ат үстіндегі ойындар; 7. Аттракциондық-көрініс ойындар.
Ұлттық ойындарды қалай ойнау түрлерін де түрлі сатыға бөлген:

  1. Табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындар: асық, бестас, сиқырлы таяқ

  2. Жануарлар бейнесін елестетіп ойнайтын: соқыр теке, көк сиыр, түйе-түйе

  3. Мүліктік бұйымдарды қолданып ойнайтын ойындар: бөрік жасырмақ, түйілген шыт, орамал тастау.

  4. Құрал-жабдықсыз ойнайтын ойындар: жасырынбақ, айгөлек, ақсерек-көксерек


IV. Басқа ойындардан қазақ халқының ұлттық ойындарының айырмашылығы – оның шығу, пайда болу тегінің ерекшелігіне байланысты белгілі бір тәрбиелік мақсат бірлігін көздейтінінде.
Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аты айтып тұрғандай, ойынсыз елестету мүмкін емес.

Download 24.57 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling