Практикант: Прімбетова Жансая


Download 111.5 Kb.
Sana08.05.2023
Hajmi111.5 Kb.
#1441820
TuriСабақ
Bog'liq
аарпбрр


Күні: 24.11.2022 Пәні:Әдебиет Сынып:10-Д
Практикант: Прімбетова Жансая
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрімнің поэмаларының идеясы мен тарихи шындығы
І. Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Шәкәрім мұрасын тереңдей оқытып үйрету, дастанның мазмұнын меңгерту, идеясы мен тақырыбын ажырата отырып, дастанның жазылуына себеп болған тарихи шындықты ұғындыру.
2.Дамытушылык . Логикалық ойлау қабілеттерін, шығармашылық белсенділіктерін арттыру.
3. Тәрбиелік. Кейіпкер тағдырына ортақтастыра білу, қауымдасып жұмыс істеуге, бір-бірінің пікірін дамыта отырып, өзара сыйластыққа үйрету.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, пікірлесу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: видео ресурс, слайд, интерактивті тақта, көргізбе құралдар т.б
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 3-минут
Оқушылармен амандасу, сыныпты түгелдеу. Сабаққа сәттілік тілеу., оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.
II. Үй тапсырмасы. (10 минут).
Ш.Құдайбердіұлы (1858-1931)
Туған жері - бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы.
Абай басшылығымен араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік меңгерген.
1905-1906 жылдары Меккеге қажылыққа барған.
Поэмалары: «Нартайлақ-Айсұлу», «Қалқаман-Мамыр», «Ләйлі-Мәжнүн», «Еңлік-Кебек», «Мұтылғанның өмірі».
Шәкәрім кім? Ол туралы не білесіңдер?

Шәкәрім қандай өлең, дастандар жазған?

«Еңлік-Кебек» поэмасы кімнің ақыл- кеңесімен жазылған? Абайдың Шәкәрім шығармашылығына тигізген әсері жайлы баянда.
III. Жаңа сабақ.(20-минут)
Шәкәрім Құдайбердіұлы Еңлік-Кебек пен Қалқаман-Мамыр поэмалары
«Еңлік –Кебек » 1891 жылы жазылған.
Оқиға болған жер – Шыңғыстау өңірі, 18 ғасырдың сексенінші жылдары.
Жанры – эпикалық-ғашықтық дастан.
Тақырыбы – екі жастың махаббат трагедиясы.
Идеясы – қоғамның әділетсіздігіне, озбырлығына қарсылық.
Өлең құрылысы –11 буынды, қара өлең ұйқасымен жазылған.
Қазақ басына ауыр күн туған заманда жоңғар шапқыншылығынан ығысқан қазақ елінің дені Сыр бойын сағалайды. Сарыарқа иен қалады. Тобықты ол кезде Қаратауды мекен еткен екен. Жоңғарлықтарды өкшелей қуған жұрт өзіне жол-жөнекей ұнаған жерлерге қоныстанған. Тобықты биі Қараменде мен батыр Бақай өз елімен Ертісті өрлеп барып, жоғары ағысына мекен етуді көздейді.
Алайда олардан бұрын келген қалың найман мен керей Ертісті қапталдай жайғасады. Сондықтан да олар Шыңғыстаудың етегін баса, сыбан мен матайлардың арасына сыналай тұрақ тебеді. Жер дауы, жесір дауы өршиді. Мұның соңы тобықты Бақай батыр мен сыбан Маян батырдың жекпе-жегіне ұласады. Екеуі де қаза табады. Осы оқиғадан соң тобықты мен матай арасындағы қызыл жаулыққа әкеледі. Міне, осы кезде Еңлік-Кебек оқиғасы бұрқ ете түседі.

М. Әуезов: «Шыңғыстың бұрынғы иесі матай болады. Сол матайды Кеңгірбай тұсында тобықты ру басылары алғаш ірге тепкен жерінен тайдырмақ болады. Бұның арты шабуылға ұласады. «Еңлік-Кебек» оқиғасы дәл осы алғашқы талас-тартыстың кезін көрсетуші еді», -деп түсініктеме береді.


3) «Абайдың туысы мен өмірі» атты мақаласында М. Әуезов Нысан абыз туралы былай деп жазады: «Құнанбай жас күнінде ат үстіндегі қайраттылық, ерліктен басқа, ақылға да, сөзге де орамды кісінің белгісін берген болу керек. Өйткені сол кезде үлкен кәрілікке жеткен Нысан абыз деген ел сыншысы Өскенбайға «Өзіңнің бағың қыдырдай болса, балаңның бағы Шыңғыстай болсын», - деп сын айтыпты дейді. 
«Қыдыр – Шыңғыс тауының солтүстік жағындағы бөктер тау», - деп М. Әуезов түсінік берген.
Шәкәрімнің шежіресінде: «Тобықтының екі баласы Ерестек, Дәулетек. Бұл Дәулетекке бір аста жуан таяқ ұстап, ошақ басын қорығаннан жуантаяқ атанып, нәсілі де сол атпен аталды. Ол Дәулетектің үш баласы – Байқара, Байшара, Жиеншара. Бұл Жиеншара оқымысты кісі болған соң «Хафат» дейміз деп, тілі келмей абыз атанды», - деп жазылған.
Нысан абыз осы Жиеншораның баласы деген сөз бар. Кейбір қариялар: Нысан абыздың аты – Жиеншора. Нысаналы болған соң Нысан абыз деп атап кеткен дейді. Тобықтылардың шежіресінде де, ел әңгімелерінде де өзге сөз айтылмайды.
Қызығушылықты ояту.
Электрондық видео-ресурс. Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік - Кебек» поэмасы туралы.
Қалқаман-Мамыр поэмасы
"Қалқаман - Мамыр" - 1722 жылы болған тарихи оқиғаға байланысты шығарылған дастан. Авторы Ш.Құдайбердіұлы. Жас жігіт Қалқаман мен ару қыз Мамыр бір- біріне ғашық болып қосылғанымен, олардың бір рудан шыққандығына байланысты, екі жас "дәстүрді бұзғаны үшін" өлім жазасына кесіледі. Мамыр өз туысы Көкенайдың қолынан қаза табады. Ал Қалқаман өзін өлім жазасына кескен Кеңгірбай бидің "Енді жазадан құтылдың" дегенін тыңдамай, үстем тап өкілдеріне өкпелеп, Бұхар жаққа кетеді. Дастанда Қалқаманның ол жақта өсіп-өніп, ұрпағы жүз үйге жеткені айтылады. Халықтық шығармаға айналған дастан сюжеті феодалдық-патриархалдық дәуірдегі озбырлық пен әдет-ғұрыпты әшкерелейді, еркіндікті аңсаған халық идеясын паш етеді. "Қалқаман - Мамыр" дастаны алғаш рет 1912 жылы Семейде кітап болып басылып шыққан. "Қалқаман - Мамырдың" түрлі нұсқалары бар. Орталық ғылыми кітапхана қоры мен Әдебиет және өнер институтының Қолжазба және мәтінтану бөлімінде 9 нұсқасы сақтаулы.
«Қалқаман-Мамыр» поэмасында қатыгездікпен ата салтын қорғаған бір жан-Көкенайдың ісімен екі жастың қосылуына қарсылық білдірілсе, «Еңлік-Кебек» поэмасында ру намыскерлігі айқын көрінеді. Осы поэмада Нысан Абыз бейнесін Шығыс дастандарындағы әулие сияқты қабылдасақ,Әнет бабамен ұқсастықты салыстырып тануға болады. «Қалқаман- Мамырда» Әнет баба ру бірлігін сақтап, құн төлеу мен бітімгершілікке келуді қалауы сол заманның өзіндік теңсіздік тартысы еді.
«Қалқаман – Мамыр» поэмасы 1888 жылы жазылған, 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасында жарық көрген. Оқиғаның болған жері–Сыр өңірі, 1722 жылы қазақтың «Ақтабан шұбырынды оқиғасы» қарсаңындағы қилы кезеңдегі махаббаттың шытырман оқиғасы суреттеледі.Мәмбетей мен Кішік ағайынды,Кішіктен Әйтеке,Әйтекеден Қалқаман туады,ал Мәмбетейден Мамырдың әкесі туады,Қалқаман мен Мамырдың әкелері немере ағайынды.
(3 минут)видеоролик пен жырдың сюжетімен таныстырып ,жырды әдебиет теориясы бойынша Quizizz тест шешу
Поэмаға өзек болған оқиға қай ғасырда өткен?
А.15 ғ.
Б.17 ғ.
С.18 ғ.
Матай ненің атауы?
А.Ру.
Б.Жер.
С.Тау.
Еңліктің нағашысын көрсетіңіз
А.Бөгенбай
Б.Қабанбай
С.Наурызбай
«Қыз алды да, жөн жауап бермеді» деп,Матайлар не алып кетті?
А.1 табын сиыр
Б. 1 отар қой
С.1 қос жылқы
Поэма кімнің тікелей тапсыруымен жазылған?
А.Абай
Б.Құдайберді
С.Құнанбай
Еңлік пен Кебек не үшін қашуға мәжбүр болды?
А.Екі ел арасындағы дау – дамай
Б.Әлеуметтік теңсіздік
С.Жер дауы
1. Екі жас неге қосыла алмады, оған не себеп,оларды жазалаудың астарында не жатыр?

2. Жырда Әнет баба екі жасты неге қорғап қала алмады?

3. Мәмбетей жағының талабымен келісуіне тура келген себеп не?

4. Туыс адамдардың үйленуі қазақы салтымызға сай келе ме?

5. Әнет бабаның Абай тағдырына ұқсастығы не?
6.Әнет баба Қалқаманды тірі алып қалу үшін қандай әрекет жасады,?

7.Көкенай Мамырды неге атты, Мамыр өлер алдында Көкенайға не деді,оның мәні не? 8.Мәмбетей мен Әнет бабаның шешімімен неге келіспеді? Екі жастың үйленуіне неге қарсы шықты?

9.Әнет баба Қалқаманды неге оққа байлады?

10.Әнет бабаның Қалқаманды елге қайтарам деген тілегі неге орындалмады?


Топпен жұмыс: Еңлік Кебек Қалқаман Мамыр.Венн диаграммасы
Білімді бекіту:
Топпен жұмыс: Еңлік Кебек Қалқаман Мамыр.Венн диаграммасы


Білімді бағалау:
Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма беру:2 минут 1. Егер сен автор орнында болсаң шығарманы қалай аяқтаған болар едің? 2. Шәкәрімнің осы поэма арқылы айтпақ ойы не ?
Download 111.5 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling