Мектеп: «МДШО бар №9 орта мектеп» КММ
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: PYTHON тілінде программалау
|
Сынып: 6 «А»
|
Мұғалімнің аты-жөні: Туткабаева С.
|
Сабақ тақырыбы
|
Сызықтық алгоритмді программалау
|
Сабақтың түрі
|
Қорытынды сабақ
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
6.3.2.1 Python тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу;
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: Python тіліндегі өрнектің мәндерін тауып, типтерін атайды;
Оқушылардың басым бөлігі: сызықтық алгоритмнің блок - схемасын құрады;
Кейбір оқушылар: Программалау тілінде программалық код жазады.
|
Бағалау критерийлері
|
Python тіліндегі өрнектің мәндерін тауып, типтерін атай алады;
сызықтық алгоритмнің блок - схемасын құра алады
Программалау тілінде программалық код жаза алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәндік лексика және терминология:
Сызықтық алгоритм, Python тіліндегі өрнектер, терминдердің айтылуы.
Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер:
Сызықтық алгоритм - ...
Сызықтық программа - ...
Программалау тілі - ...
|
Құндылықтарды дарыту
|
Жеке тұлға аралық қатынастарды қалыптастыру және қолдау, өзара құрмет, өзара жауапкершілік құндылықтарын дамыту
|
Пәнаралық байланыстар
|
Математика, геометрия, сызу,
|
АКТ қолдану дағдылары
|
слайд, «Nearpod.com», «Padlet» платформалары, Python программалау тілі
|
Бастапқы білім
|
Сызықтық алгоритм, Python тіліндегі өрнектер, терминдердің айтылуы.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 мин
5 минут
Сабақтың
ортасы
15 мин
Сабақтың соңы
Қорытындылау
10 мин
Кері байланыс
|
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау. Ширату жаттығуы беріледі. Осы суреттерге қарап, сабақтың тақырыбын айқындайды.
1-тапсырма. «Футбол» ойыны ойнатылады. Өткен тақырып бойынша сұрақтар ой қозғау ретінде еске түсіріп оқушылар сұрақтарға жауап береді.
«Nearpod» платформасын қолданып , “Идеал” стратегиясы бойынша тапсырманы талдап шығады.
1-тапсырма. Python программалау тіліндегі өрнектің нәтижесін анықтап, типін атап шығу керек
2-тапсырма. Берілген есепке қарап, сызықтық алгоритмнің блок-сызбасын құру керек. Программасын жазу керек
Қорытындылау кезеңінде. 3-тапсырма орындалды. Берілген есептің алгоритмін құрып, блок-сызбасын сызып, Python программалау тілінде программасын есептеп көрсету керек.
Python программасында программасын
есептеп шығару керек. Жіберілген ссылка арқылы кіріп есептің программасын құру керек.
https://www.programiz.com/python-programming/online-compiler/
Осы 3-тапсырмаға байланысты дескрипторлар құрылған.
Дескриптор
1. Берілген есептің алгоритмін құрып, блок-сызбасын сыза алады
2. Python программалау тілінде программасын есептеп көрсете алады
Жетістік баспалдағына қарап, оқушылар өзін-өзі бағалайды. Тапсырманы дұрыс орындады ма, жоқ әлде қиналды ма өздері қанат белгісімен өз деңгейлерін белгілеп шығады.
Padlet платформасы арқылы кері байланыс және өзін-өзі бағалау.
Сызықтық алгоритм бойынша өз іс-әркеттері бойынша алгоритм құру керек. «СМС» әдісі арқылы бүгінгі сабақтағы өз іс-әрекеттеріне, сабаққа кері байланыс береді, тақырыпқа байланысты сызықтық алгоритм түрінде жазады.
|
Презентация
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.
АКТ-мен байланыстар
|
Саралау тапсырмалары жалпы сыныппен өз беттік жұмыстардаберіледі. Жалпы сыныппен өз беттік жұмыста қабілеті жоғары оқушылар өз жолдастарына көмек жұмысын ұйымдастырады.
|
Бағалау сабақтың барлық бөлімінде жүреді, ауызша жауап берген оқушыларды, тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды мадақтау
|
Оқушылар мен сергіту сәті жүргізіледі.
|