Спорт және өнер факультеті


Download 112.08 Kb.
Sana15.11.2023
Hajmi112.08 Kb.
#1774074
Bog'liq
Философия


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Спорт және өнер факультеті
“Актерлық өнер”

Пән: Философия


Тақырып: Ежелгі үнді философиясы
Топ:ӨДЗ-211
Орындаған: Рысқұлбек Әбусұлтан
Қабылдаған: Күзембаева Светлана

Түркістан-2023


Жоспар:

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім: Ежелгі унді философиясы

  1. Джайнизм

  2. Буддизм

  3. Локаята (Чарвака).

  1. Қорытынды: Философия ғылымынын міндеті



Пайдаланылған әдебиеттер:

Кіріспе


Философия — барлық қоғамдық ғылымдардың түп атасы. Ол -үнемі дамып, адамзат акыл-ойынын жетістіктерімен толықтырылып отыратын ғылым. Сондықтан бұл пәнді дүние жүзі өркениетті елдерінің бәрі де бағалайды. Өкінішке қарай, кешегі Кенес одағындағы барлық республикаларда коммунистік идеология жеке-дара үстемдік құрып тұрған кезде орта, арнаулы орта жане жоғарғы оку орындарында философия марксизмнін үш негізінің бірі - маркстік-лениндік философия турғысынан ғана оқытылды. Сондықтан философияның негіздері, заңдары мен категорияларына, әлемдік философия дамуынын тарихында дүниеге келген түрлі философиялық, ағымдар мен бағыттарға сыңаржак көзқарас үстем болып, дәлірек айтқанда, оларға тек маркстік-лениндік әдістеме тұрғысынан баға беріліп келді. Әрине, марксизм де -әлемдік философия дамуынан өзіне лайықты орын алатын ілім, сондықтан оны философия тарихынан мүлде сызып тастауға болмайды. Мәселе оны үстем философиялық ғылым ретінде қарастырмай, дүние жүзілік философиялык, ой-сананың дамуы контексінде қарастыруда. Егер бұрынғы Кеңес дәуірінде философтар әйтеуір оның үстемдігін, бірден-бір дұрыстығын дәлелдеуге тырысып келсе, ендігі мақсат - оның әдістемелік негізін, ұстаган бағыт-бағдарын, ішкі мәнін талдау арқылы марксизм-ленинизмнің қасаң қағидаға, догматизмге негізделгендігін, кате-кемшіліктерін ашып көрсету. Сонымен қатар оның бүгінгі қоғамдық дамудың қажетіне жарайтын түстарын да шығармашылықпен дамытып, ғылым игілігіне айналдыру.
Ертедегі үнді философиясы
Ертедегі Үндістан төрт кастага бөлінген. Бірі – әскери аристократиялық каста (кшатрий), екіншісі-абыздар кастасы(брахмандар), үшіншісі-дін басы бос қоғам мүшелері (вайшилер), төртіншісі-төменгі каста (шудралар). Шудралар теңсіздік, жұпыны жағдайда болды. Оларда меншік те болмады. Шудралар қоғам ісіне араластырылмады. Олардыңтеңсіздік жағдайы діни ұтымдармен орнықтырылып отырды. Брахмандар әбден масайрап, үстемдік кұрып кетті. Өйткені брахманизм мифологиялық көзқарасқа негізделген, былайша айтқанда, оның төрт түрлі ведасына (дәрісіне), немесе құдайларды дәріптеу мен оларға арналған ғұрыптарға тірелген болатын. Әрбір веда кейін өз алдына Брахмандар дамытқан кітапта жазылған діни араньямаға (тоғай кітабы) айналады, оны таратқан шайқылар,сондай-ақ упанишадтар (ұстаз қасында отырып дәріс тыңдайтын шәкірттер) болды, Бірақ, веданың нағыз шын берілген қолдаушысы жоғары каста - брахмандар болды. Ең алдымен бұларға күмәндана қарап, қарсы тұрғандар рахаттан безген диуаналар еді. Біздің заманымыздан бұрынғы VII — VI ғасырларда брахманизм ішінен түрлі ағымдар пайда болды. Олардың ішіндегі бастылары джайни қалыптасты.
Джайнизм - этикалық ілім. Оның негізі — адам жанын тән қыспатынан, құлқын құлдығынан босату. Джайнизм- материяны жансыз дүние затына жатқызады.Әрбір зат (атом не атомдар қосындысы) субстанция ретінде қаралады, оғанматериядан басқа кеңістік, уақыт, қозғалыс, тыныштық, та кіреді. Ал жанның басты белгісі джайнизм бойынша - сана. Жан мәңгі, оның мүмкіндіктері шексіз. Бірақ ол денемен бірге өмір сүреді. Бұл оны шектегендік болып табылады. Материалдық бөлшектер - дейді ол, - жанды белгілі бейнеге келтіреді. Құмарлық, құштарлық білмегендік болады. Олай болса, жанды бұғаудан босату негізі танымда жатыр. Сондықтан джайнизмнің мақсаты - жанды денеден ажырату, оған еркіндік беру. Джайнизмнің ұстанған тәртібі буддизмнен де қатаң. Мәселен, ахинсы принципі. Мәнісі - ешбір тірі жәндікке кішкентай да зиян келтірмеу. Ол жер жыртуды қуаттамады, оған қарсы. Бұл аскетизме, тіршіліктен безуге әкеледі. Жайнизм мокша тіршілік пен тіршілігі жоқтардын арасын толығымен алшақтатса, карма оларды біріктіреді, сөйтіп, мәнгі әлемдік процесс жүріп жатады. Карманың өзі көп түрлі болады. Оның бірі денеміздің табиғатын, бізді дүниеге әкелген жанұямызды айқындаса, екіншісі өмірдің ұзақтығын, үшіншісі - тіршілік пен тіршілігі жоқтарды біріктірудің негізі болып есептелетін құштарлыққа, лаззаттануға қатынасты айкындайды. Ал сансардан азат болу ушін "үш қазынаны" сактау керек. Олар: дұрыс қылық, шынайы білім, дұрыс сенім.


Дұрыс сенім — тиртханкалар деп аталатын 24 әулиенің іс-әрекетіне сену болса, дұрыс қылық - тазалықты,
Шындықты, сабырлықты, өзіне қаталдықты, салмактылықтв т.б. сақтау. Ал шынайы білім - жанның, сезім мүшелері мен ақыл-ойға сүйенбей алған білімі. Мұндай танып білу процесінде жан қарастырып отырған заттар мен тікелей байланысады. Ал түйсіктер, ақыл-ой болса мұндай байланысқа кедергі жасайды. Танымның үшінші түрі өз тарапынан үш сатыдан тұрады. Бірінші сатысында – жан алшақтығы жане ұсақ заттарды түйсінеді, екінші сатысында - өз бойындағы адамдарға деген қызғанышты, жек көрушілікті жеңген жан адамдардың кәзіргі жане өткен кездегі ойларын тікелей білуге мүмкіндік алады, ал үшінші сатысында – азат болған жанға көрегендік қасиет, абсолюттік білім дарыдық. Жайналардың, пікірінше, әлем бірінің үстіне бірі орналасқан көп кабаттан тұрады. Төменгі екі кабатында - әзәзіл (перілер), ортаншы кабатта - жер, келесі кабатта-құдайлар, ал ең жоғарғы қабатта – құдайларға ұқсас джиндар орналасқан. Шындап келгенде, жайналардың пікірінше, құдай жоқ, оның бар екендігі туралы келтіріліп жүрген делелдердің бәрі негізсіз, қате, сондықтан да құдайға емес, 24 тиртханкараға(әулиелер) және джиндарға сену керек. Жайнизм кейінірек келе дигамбар жане шветамбар деген екі сектага бөлініп кетті. Жайнизмге Үндістанда кәзірдің өзінде де көптеген адамдар сенеді.
Буддизм
Буддизм - біздін заманымызга дейінгі XI-Х ғасырларда діни ілім мен буддизм еді. Ол брахманизмге қарсы, әділдік көксеген тап-тар арасында пайда болды. Бірақ кейін үстем таптар оны өзінің құралы ретінде колдады. Брахманизм беделді абыздарға сүйенсе, буддизм құлдық коғам пайда болған соң ірі үстем таптарға сүйенді. Буддизм христиан, ислам діндері сияқты дүниежүзілік ірі діндерге жатады. Оның негізін салған – Сиддхартха Гаутама Будда (б. з. д. 623-524 жж,). Ол Гималай таулары етегінде тұрған Шакья тайпасы патшасы отбасында дүниеге келген. Кейін патша сарайын тастап, жеті жыл жер кезіп, тоғай аралап, жападан жалғыз арып-ашып жүріп бір ағаш түбінде шаршап отырғанда оның санасына даналық нұр енеді. Сол кезден бастап ол будда дінінің негізін салушыға айналады. Бұл дін Шығыс елдеріне (Кытай, Жапония, т.б.) кен тараған. Буддизм теориялық философиядан гөрі діни этикаға негізделген. Мақсаты - адамдарды түрлі рухани азаптан босату жане оған жетудің жолын іздестіру. Буддизмде төрт басты маселе бар: 1) өмір азапка толы; 2) ол азаптардын себебі бар (ол - қанағатсыздық, ұдайы бола берсе деген құштарлык, тыйымсыз әуестік); 3) азаптарды токтатудың мүмкіндіктері бар; 4) азаптан құтылудын кезі барының негізінде тұнтыш үнділік фило. Олай болса, бұл дін бойынша, адам өмірі, оның рахат, лаззатка ұмтылуы азаппен қабаттас болады Буддизм пікірінше, азаптан құтылу о дүниеде емес, осы дуниеде болмақ- Ол үшін адам талабын, нәпсіні тарту керек. Оны нирвана дейді. Буддизм кейін бірнеше ағымдарта бөлінеді. Ертедегі үнді философиясында материалистік ағым да болды. Оны локаята (немесе чарвактар) дейді. Локаята бұл дүниеден басқа о дүние бар дегенге сенбестік білдіреді. Табиғаттаты заттар ауа (жел), от (сәуле), су, жерден тұрады дейді. Өлген организм ыдырап алғашында өзін құрган бөлшектерге айналады-мыс. Олардың түсінігінше, лаззат пен азап бірлікте, азапты жою мүмкін емес, бірақ жеңілдетуге, азайтуға болады. Локаята ағымындағылар жумақ, мук (тозақ дегенге сенуді, құдайы беруді бос киял, жалған сенім деп ұрындырады. Локаятаның, шығу себебі - ежелгі рулық қоғам ыдырып, таптық, қоғамның, мемлекеттің пайда болуы. Сонымен қатар жаңа әлеуметтік топтарға - сауда, қолөнер, жер өңдеумен айналысатындардың пайда болуы. Олар бұрынғы топтар: діни адамдарға (брахмандар), әскери адамдарға кері бағытта пайда болды. Сөйтіп, үнді философиясы сол кезден бастап осы заманға дейін буддизм, джайнизм, локаятадан басқа 6 бағдарда өмір сүреді. Олар: ведена, санкхья, йога, ньяя, вайшешик, миманса. Мәселен, санкхья б. з. б. VI ғасырда пайда болды. Ол философия бойынша дүние екі бастамадан тұрады: бірі - зат, екіншісі - жан. Ол екеуі біріне-бірі себепкер, біріне-бірі бастама. Олардан басқа ешқандай себепкер жоқ. Йога бағыты санкхьядан шығады. Бірақ олар дүниеде жанды, рухты басты элемент деп есептейді. Олар Құдай бар деп, соған сенеді. Йогтар тән талабын басуды уағыздап, лаззаттан бас тартуға шақырады. Олар адамның тынысын, демін, тамактануын реттеудің ережесін жасады. Йогтар екі түрге бөлінеді. Бірі - өмірден безу, екіншісі - этикалық қатаң тәртіпке жүгініп, өзін тек қыспақта ұстау.
Ньяя философиясы - таным ілімі, Логикалық қорытындыларға негізделген бағыт. Олар дүниені тану, сезіну, оны логикалық корыту арқылы қалыптасады дейді. Жалпы алғанда ньяя философиясы – тұрпайы материалистік бағытка жатады. Ол б. з. б. IlI гасырда пайда болды. Вайшилер философиясы б. з. б. VI-V ғасырларда дүниеге келді. Ол атомистік теорияға сүйенеді. Ньяя философиясы сиякты вайшилер философиясы да этикаға көбірек мән берді. Адамның меніне бостандық, беру ушін оны рухани азаптан, қыспақтан босату қажет дейді. Букіл әлем - от, су, жер, жел атомнан құралады. Қозғалыс сапа емес, касиет дейді. Бірақ бұл материалистік пікірді олар идеализмге жеңдірді. Өйткені атомды да билейтін ырық, күш бар екенін мойындайды. Буддизмге сенушілер Үндістанның өзінен гөрі одан тыс мемлекеттерде көп кездеседі (Кытай, Жапония, Бирма, Цейлон т.б.). Ал Үндістанның, өзінде буддизмнің орнын брахманизм басады .
Локаята (Чарвака).
(Лока - "аймақ, ел, кеністік, әлем, жер, өмір". Ал көпшілік түрде - "адамдар, халық, адамзат" деген мағыналар береді). Локаяттар Веда ілімдерін жоққа шығарады. Осы тұрғыдан Веда дінін, оның беделін, ғұламаларын, ілімдерін сынға алады. Веданың дінбасылары, локаятиктердің пікірінше, халықты алдап, соның арқасында байып жүр.
Локаяттардың пікірінше, дене өлгеннен кейін жан да өмір сүрмейді. Бұлардың пікірінше, әлемдегі барлық денелер, заттар махабхут деп аталатын 4 түпнегізден тұрады. Олар: ауа (ваю), от (агни), су (ап) жане жер (кшита). Махабхуттар белсенді және әрекетшіл келеді. Махабхуттар өзіне тән күштің, белсенділіктің арқасында өзара байланысқа түсіп, бірігіп, ыңғайы келгенде, бұрын жеке алғанда өздерінде жоқ, қасиет - сана пайда болады. Әлденелер өлгенде, олар қайтадан өздерің өмірге әкелген махабхутгарга бөлшектенеді, ал бөлшектенген махабхутгармен бірге сана да жойылады.
Локаяттар өмірдің мәні бақытта, ал бакыттың кезі - ләззат деп түсінген.
Олардың, түсінігінше, лаззат пен қасірет байланысты, бірақ, қасірет буддизмдегі сияқты өмірдің мәні емес, оны толығымен жою мүмкін емес, оны азайту, жеңілдету өз колымызда. Табиғатты әлеуметтік құбылыстарды танып-білуде ақыл-ойдан, сырт күш туралы ілімдерден, беделділіктен пайда жоқ, білімді тек сезім мүшелері арқылы ала аламыз. Кейінірек келе, локаяттар сушикши (нәзік) жане джурта (тұрпайы, дөрекі) деп аталатын екі салаға бөлінеді.
Философия тарихы
Философия ғылымының зандылықтары басқа ғылымдар заңдылықтарын жоққа шығармайды. Өйткені оның заңдары басқа ғылым зандарың бірдей қамти алатын жалпы қасиетке ие. Солармен қатар және бірге өмір сүреді. Кейбір әдебиеттерде философия бұдан 2500 жыл бұрын грек жерінде дүниеге келді делінген. Бұл -біздің заманымызға дейінгі V ғасыр шамасы. Ол - Афины демократиясының гүлденген дәуірі, философияның әбден қалыптасқан, оң-солын ажыратқан тұсы болатын. Ол кезде философияда материалистік жане идеалистік, диалектикалық және антидиалектикалық бағыттардың ара жігі ашылып, әбден айқындала бастаған еді. Шынында, философия одан әлдекайда бұрын елдерінде дүниеге келді. Ең, алғашқы дүние танымдық пікір мифология түрінде пайда болды. Бұл гректердің екі сөзінен құралған: mifos – аңыз, logos - ілім. Мифологиямен бірге жазу мәдениеті пайда болады. Мифология негізінде дін дүниеге келді. Барлык діндер мифологияда кездесетін ертегі, аныздарды пайдаланды. Ал дін еш нарсенің себебін ашып көрсетпеді. Олар тек илануды талап етті. Әр нәрсенің себебін білгісі келгендер мұндай ұтымдарға қанағаттанбады, көнілі толмады. Олар әр нәрсенің түбіріне үніліп, сол туралы әрқилы пікір айтты. Ондайларды философ деп атады. Бұл гректердің ертедегі екі сөзінен құралған ұғым (philio - сүйемін, sophia - даналық, екеуі қосылып "философия" деген сөзді туғызады). Арабтар бұл сөзді тіліне жеңілдетіп "фалсафа" деп атаған. Бірақ кәзірде "философия" деген сөз бұл ұғым шеңберімен шектелмейді. Ол сонымен бірге дүниетаным, өмірлік позиция, іс-әрекет. Философия дүниеге келген кезінен бастап мифологиямен қатар жане онымен бірге діни түсініктерге қарсы күресте шындалып, дамыған. Философтарды ойландырған маселелер қашанда мыналар болатын: Дүние қалай құр алған? Рухани материалдықтар қалай қалыптасқан? Шындық деген не? Адам өмірінің мәні неде? Дүние мәнгі ме? Философия осы сиякты сұрауларға жауап іздеді. Дегенмен, адам санасын оятуда мифологияның да рөлін болмайды. Ол зерек адамдардың даналық қиялмен ізденіс жасауына түрткі болды. Егер дін мифологияны қабылдап, оның кағидаларын, аныздарың бүтіндей қолдану негізінде қалыптасқан болса, философия ойлау, зерттеу, сын көзбен қарау негізіндегі дүние.
Корытынды
Сонымен, философия дегеніміз материя мен сана, таным мен болмыс, адам мен коғам жайлы адамзат ой-санасының дамуы барысында жинақталған, жүйеленген ғылыми ой-пікірдің теориялық, жиынтығы. Ол философияның негізгі мәселесін әр қилы түсіндіретін түрлі философиялық ағымдар мен бағыттардан тұрады. Мен көне замандарда қалыптасқан Үнді философиясындағы түсініктерден бастап, осы заманғы философиялық ағымдарға дейін талдау жасап, оларды табиғат  пен коғамның турлі құбылыстарын танып-тусінуге жәрдемдесетін әдістемелік негізін ашып көрсетуді мақсат еттім. Өйткеніфилософиянын негізгі міндеті де осы.


Пайдаланылған әдебиеттер
1) Д. Кішібеков. У.Сыздыков
Философия Алматы 2002ж

  1. Габитов Т.Х Философия

  2. Аденов С.Т Кожамкулов Электрондык, окулык, Философия

  3. Ж. Алтай, А.Касабек,

К. Мухамбетали." Философия
тарихы "
Download 112.08 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling