Студенттің өзіндік жұмысы н 2-1-37-2022
Download 331 Kb.
|
физ хим сож
1 Жай және күрделі заттар
Әрбір заттың құрамында атомдар бар болады. Атомдар бұл заттың ең кішкентай әрі бөлінбейтін бөлшегі, атомдар көзге көрінбейді, бұлардың өлшемдері шағын. Атомдар химиялық жолмен бөлінбейді. Бірнеше атомдар бірігіп молекуланы құрайды. Молекула заттың қасиеттерін сақтайтын ең кішкентай бөлшегі.Мысалы темір деген зат темірдің ұсақ атомдарынан құралған. Бұл затта атомның тек қана бір түрі бар – бұл темірдің атомдары. Жай зат дегеніміз бұл тек қана бір түрлі атомдардан құрылған заттар. Мысалы мыс, темір, алюминий сияқты металдар жай заттарға жатады. Ал құрамында бірнеше түрлі атомдар бар болатын заттарды күрделі заттар дейді. Мысалы су молекуласы екі атомнан құралған – сутегі мен оттегіден: Оттегі атомы қызы түсті ал сутегі атомдары ақ түсті. Сутегі атомдарын H әрпімен ал оттегі атомдарын O әрпімен белгілейді. Судын молекуласында екі сутегі атомы және бір оттегі атом бар болғандықтан, осы заттың химиялық формуласы мынандай болады: H2O Молекула - заттың құрамымен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі. Атом - заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі. Судың құрамына екі түрлі - сутек және оттек атомдары кіреді, сондықтан оны күрделі заттарға жатқызады. Күрделі заттардың құрамында екі немесе одан да көп атом түрлері болуы мүмкін.Жай және күредлі заттар химиялық қосылыстар деп аталады. Заттар және олардың сипаттамалары
Темір мен күкірттің әрекеттесуін сипаттау. Бастапқыда алынған темір мен күкірт ұнтақтары - жай заттар, өйткені олар өздерінің біртекті атомдарынан құралған. Темір мен күкіртті араластырып механикалық қоспаға айналдырғанымызбен, олар өз қасиеттерін сақтап, жай зат түрінде қала береді. Ал қыздырудың әсерінен химиялық реакция жүріп, темір мен күкірт атомдары қосылғанда күрделі зат түзіледі. Оның молекуласы әртекті темір мен күкірт атомдарынан құралады. (10-сурет). Түзілген жаңа зат химиялық қосылыс болып саналады. Оның қасиеті темір мен күкірттің қасиеттеріне мүлдем ұқсамайды. Download 331 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling