F – термодинамикалық функция, ол изохора-изотермиялық потенциал немесе Гельмгольц еркін энергиясы деп аталады:
∆F = ∆U - T∆S
3. Қысым мен температура тұрақты кезінде тек G азаюымен байланысты жүретін процестер (∆G<0) ғана өздігінен жүреді, оның жүру шегі, яғни тепе-теңдік жағдайы кейбір минималды G мәнге жетуі.
G – термодинамикалық функция, ол изобара-изотермиялық потенциал немесе Гиббс еркін энергиясы деп аталады.
Реакцияның Гиббс энергиясын ∆G есептеуді Гиббс-Гельмгольц теңдеуі бойынша жүргізеді:
∆G = ∆H - T∆S
Бұл функцияның өзгеруі белгілі және ол заттар арасындағы реакцияның өздігінен жүру мүмкіндігін анықтайды:
егер ∆G<0 болса, онда реакция жүруі мүмкін;
егер ∆G>0 болса, онда реакция жүруі мүмкін емес.
Бастапқы заттар мен реакция өнімдерінің анықтамалық кестедегі ∆Н және ∆S мәндерін пайдаланып, реакция үшін ∆G есептеу оңай, әрине, ондағы заттардың бәрі де стандартты күйде болады.
Стандартты жағдайда жүргізілген, термодинамикалық тұрақты түрөзгерісте болатын, жай заттардан берілген қосылыстың 1 молі түзілетін реакциядағы Гиббс энергиясының өзгеруін зат түзілуінің стандарттық Гиббс энергиясы ∆G0f,298деп атайды.
Химиялық реакцияның Гиббс энергиясы ∆G (стехиометриялық коэффициенттерді ескере отырып), реакция өнімдерінің түзілуі Гиббс энергиясының қосындысынан, әуелгі заттардың түзілуі Гиббс энергиясының қосындысын шегергенге тең.
∆G0f,298 = ∑∆G0f,өнім - ∑∆G0f,баст.зат
Реакцияның стандартты Гиббс энергиясының мәні бойынша тепе-теңдік тұрақтысын есептеуге болады:
∆G0к = -RT lnKт-т
∆G0к – реакцияның стандартты Гиббс энергиясы;
R – әмбебапты газ тұрақтысы;
T – температура;
Kт-т – тепе-теңдік тұрақтысы.
Do'stlaringiz bilan baham: |