Студенттің өзіндік жұмысы н 2-1-37-2022


Температураның реакция бағытына әсері


Download 331 Kb.
bet6/6
Sana06.04.2023
Hajmi331 Kb.
#1329788
1   2   3   4   5   6
Bog'liq
физ хим сож

Температураның реакция бағытына әсері.Гиббс-Гельмгольц теңдеуі бойынша, температураның ∆G-ға әсері ∆S таңбасымен және шамасымен анықталынады. Мысалы,
2С(графит) + О2(г) = 2СО(г)
реакция энтропияның артуымен (∆S>0) жүреді. Температураның жоғарылауы ∆Gтеріс мәнінің артуына әкеледі. Жоғары температуралық режим процестің жүруіне оң ықпал етеді.
Ал энтропияның азаюымен (∆S<0) жүретін реакция үшін,
2Hg(c) + О2(г) = 2HgО(қ),
температураның жоғарылауымен ∆G теріс мәні кішірейеді. Мұндайда жоғары температуралық режим процестің жүруіне кедергі келтіреді. Тиісті температураларда ∆Gоң мәнге ие бола бастайды және онда реакция кері бағытта жүреді. Жоғарыда келтірілген мысалдағы реакция Т>500К температура тұсында кері бағытта жүретін болады.
2HgО(к) = 2Hg(с) + О2(г), ∆S>0 Ендеше, сынап температура 500 К төмен болса, оттекпен тотығады, ал температура 500 К жоғары болса, онда сынап оксиді оттек бөле ыдырайды.
Егер де процесс жүргенде жүйенің энтропиясы өзгеріссіз қалса, онда ∆G мәні температурадан іс жүзінде тәуелсіз қалады.Энтальпияның кішіреюімен (∆Н<0) және энтропияның жоғарылауымен (∆S>0) жүретін процестер практикада қайтымсыз. Мұндай жағдайда қандай температураны алғанына қарамастан, ∆G әрқашан да теріс мәнде қалады.
Реакция кезіндегі температура жоғары болған сайын, энтальпиялық фактормен салыстырғанда энтропиялық фактор мәні соғұрлым үлкен болады.

Қорытынды
Бейорганикалық заттар құрамына сәйкес (екіэлементтік, немесе бинарлык, қосылыстар мен көп элементтік қосылыстар: оттекті, азотты т.б) және осы заттардың химиялық реакцияда орындайтын функциясына, яғни химиялық қасиеттеріне сәйкес (қышқылды-негіздік, тотығу-тотықсыздану т.б) әртүрлі кластарға жіктеледі.Бинарлы қосылыстарға кез-келген екі түрлі элементтен тұратын қосылыстар жатады.Мысалы,азот пен оттегінің бинарлық қосылыстары: О, NO, , N, ; мыс пен күкірттің бинарлық қосылыстары: S, CuS, Cu. Бинарлық қосылыстардың формулаларында металдар бейметалдан бұрын көрсетіледі: Sn, N. Егер бинарлық қосылыс екі бейметалдан түзілген болса, онда бірінші орынға келесі тізбекте солға қарай орналасқан элемент символы жазылады: B, Si, C, As, P, H, Te, Se, S, I, Br, Cl, N, O, F. Мысалы, , O, S. Егер бинарлық қосылыс екі металдан тұратын болса, онда бірінші үлкен периодтың басында орналасқан металл көрсетіледі. Ал егер екі металл да бір топта орналасқан болса, онда бірінші реттік нөмірі үлкен элемент көрсетіледі. Мысалы, Cu Zn, Au.Бинарлық қосылыстар бейметалл типіне сәйкес әртүрлі кластарға жіктеледі, ал қалған бинарлық қосылыстар металдар арасындағы қосылыстарға – интерметаллидтерге жатады.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. https://esepter.com/unit/236
2. https://www.yaneuch.ru/cat_35/bejorganikaly-osylystar/395623.2684324.page1.html
3. https://infourok.ru/prezentaciya-po-himiy-atomdar-men-molekulalarzhay-zhne-krdeli-zattar-3390544.htmlhttps://infourok.ru/prezentaciya-po-himiy-atomdar-men-molekulalarzhay-zhne-krdeli-zattar-3390544.html


Download 331 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling