«туризм және тілдер» факультеті
Download 44.96 Kb.
|
Жөнейтова О отчет
ҚОРЫТЫНДЫ
23.01.2023- 15.04.2023ж. аралығында «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша іс- тәжірибесін Ақтау қаласындағы №28 жалпы орта білім беру мектебінде практикадан өттім. Маған 7 сынып бөлініп берілді. Орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарларды жинақтап, әр апта сайын тақырыптарға Learning Apps, Bilim-land платформаларын қолданып интерактивті тапсырмаларды, атап айтқанда сәйкестендіру, миллион кімге бұйырады, сөздермен жұмыс т.б. тапсырмаларды дайындап, оқушылар қызығушылығын оята отырып сабақ жүргіздім. Қазақ тілі және әдебиет сабағы пәндерінің кесте бойынша жетекшіміздің сабақтарына қатыстым. Сынып жетекші ретінде 9А сыныбына бекітті. Сынып сағаттар, тәрбиелік мәні бар тапсырмалар дайындап, оқушылармен тығыз байланыста болдым. Болашақ педагог ретінде оқу-тәрбие мекемесінің материалдық-техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттері, құқықтарымен таныстым. Сонымен қатар, оқушылардың міндеттері және құқықтарымен толық танысып шықтым. Өткен тақырыптарыма байланысты көрнекілік құралдарын дайындап және де оқушылардың дене және психикалық даму деңгейін ескере отырып, мұғалімдік жұмыстың ең нәтижелі формаларын және де әдістерін ұғынуға ұмтылдым.Оқушылардың күнделіктерін, дәптерлерін тексеріп, кемшіліктерін айтып, олардың дұрыс орындауларына ат салыстым. Менің ойымша, педагогикалық тәжірибені өту болашақта студентке оқытушы болуға апаратын жолдың негізгі іргетасы болып табылады. Тәжірибенің қысқа мерзіміне қарамастан, педагогиканың өнеріне үйреніп, аудиториямен жанасудың негізгі дағдыларын алдым. Тәжірибе арқылы өзімді және группамды жаңа қырларынан таныдым. Материалды түсіндіруде түрлі сұрақтарға сауатты жауап беруді, белгіленген уақытта сабақты жоспарлауды, тақтамен сауатты жұмыс істеуді, аудиторияның зейініне материалды икемдеуді үйрендім. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің қызықты әрі керек пән екенін оқушылардың көздерін жеткізуге тырыстым және мамандығым бойынша жұмыс атқаруға асықтым, осы уақыт аралығында болашақ мұғалім ретінде біршама тәжірибе жинақтадым. Download 44.96 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling