«туризм және тілдер» факультеті


Download 44.96 Kb.
bet2/4
Sana22.04.2023
Hajmi44.96 Kb.
#1381265
1   2   3   4
Bog'liq
Жөнейтова О отчет

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында.


Н.Ә.Назарбаев

Әрбір елдің болашағы, қазіргі жастардың қолында, яғни білімді жастардың қолында.


Мен Жөнейтова Оразгүл , 23.01.2023- 15.04.2023ж. аралығында «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша іс- тәжірибесін Ақтау қаласындағы №28 жалпы орта білім беру мектебінде практикадан өттім.
7 сыныппен тиянақты түрде жұмыс істеуге тырыстым. Өз қабілетімді барынша пайдалануға тырыстым. Өзімнің бойымдағы мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылығым мен сүйіспеншілік сезімдерімді педагогикалық іс-тәжірибе кезінде барынша дамытуға тырыстым.
7 сыныптың оқу-тәрбие жұмысымен таныстым. Болашақ педагог ретінде оқу-тәрбие мекемесінің материалдық-техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттері, құқықтарымен таныстым. Сонымен қатар, оқушылардың міндеттері және құқықтарымен толық танысып шықтым. Мұғалімдік жұмыстың ең нәтижелі формаларын және де әдістерін ұғынуға ұмтылдым. Оқушының даму деңгейіне диагностика жасаумен де айналыстым. Оқушылардың күнделіктерін, дәптерлерін тексеріп, кемшіліктерін айтып, олардың дұрысталуына ат салыстым.
Мектептегі іс-тәжірибе жетекшім ретінде маған көп көмегі тиді. Жетекшімнің сабақтарын қызығушылықпен тыңдадым. Сабақ жүргізу барысында сөйлеген сөздеріне көңіл аудардым. Ұстаз – өз ойын тиянақты жеткізу керек деп ұғындым.
Мұғалімдердің арнайы оқу әдістемелерімен таныстып, оларды қалай қолдану керектігін білдім. Мектеп едуске баға қалай қойылатынын үйретіп,сол арқылы тәжірибеден өттік. 7 сыныбына қазақ тілі пәнінен сабақ беріп, оқушылармен белсенді жұмыс жасаған болатынмын.
7 сыныпқа қатысып оқушылардан қазақ әдебиеті пәні бойынша БЖБ алдым.Дискриптрмен танысып,сол арқылы балаларлаға бағасын қойып,мектеп едуске жүктедім.
Жаңа аптаны жаңа тақырыппен,жаңа бөліммен бастадық.Қазақ тілі Меймандос қазақ-татулық жаршысы.Балаларға түрлі әдіс-тәсіл арқылы сабақты түсіндірдім.Өте қызықты болды,тәжірибе жетекшіміз таң қалып,таңырқап қарап ол кісіге де қызықты болған-ау шамасы.
Ақпанның 7-сі күні 7 сыныбына қазақ тілі пәні бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы-татулық бастауы атты тақырыбына сабағын өткізіп, балалар не білді , не түйді сұрақ арқылы жауап алдық. Сонымен қатар мақал-мәтелдер,тұрақты тіркестерді еркін қолданып,етістіктің рай түрлерін талдадық.
Тыңдаған материал бойынша етістіктің рай сөйлемдері бар сөйлемдерді белгілеп, солардың негізінде мәтіннің мазмұнына қарай талдап, айттық.Попкорн әдісі бойынша сын есіге қатысты сұрақтарға жауап алып,жауап бердік.
Жетекшіміз бізге мұғалім балалар мен қалай қарым қатынас құруды қиыншылықтарын айтып,түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бірлік мекені тақырыбын өтіп,таныстырып,түсіндіріп,тақырыбты кеңінен аштық.Тыңдаған материал бойынша еліктеуіш сөздерді белгілеп, хроника,хабар,очерктердің және кеңсе құжаттарының,қызметтік жазбалардың құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыраттық.
Ер есімі-ер есінде тақырыбын,қызметін,құрылымын,тілдік ерекшелігін салыстыра талдап,оқылым стратегияларын тиімді қолдана білдік. Сол арқылы сабақ сұрап,ой өрбіттік.«Ішкі-сыртқы шеңбер» әдісі. Үй тапсырмасын сұрадық.«Әріптер сөйлейді» тәсілі арқылы «Ер есімі» сөзіндегі әріптерді сөйлетеді. Бірінің айтқан сөзін екіншісі қайталамау керек.Оқушылар жинаған тиындарын санап өтеді.
«Алма ағашы»Оқушылар тапсырманы түсінген, қызықты болған болмағаны туралы стикерге өз ойларын жазып, тақтада ілініп тұрған алма ағашына іледі.
Еліктеу сөздер бар сөйлемдердің түрлерін ажыратып,түрлендіріп қолдандық.
Сабақты қорытындылап «Insert» әдісі арқылы
- Не білемін?
- Не білдім?
- Білгім келеді?
Оқушылар өз пікірлерін білдірді. Бағалау критерийлері арқылы бағаланды.
Жаңа аптада Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі атты тақырыппен танысып,бейнелеуіш сөздердің құрылымын зерттеп қалай жіктелетіндігін,нешеге бөлінетіндігін аңғардық.
Бұл сабақта өткен тақырыбтың барлығын қайталап,ойындар арқылы қайталап,бір-біріне сұрақ қойдырту арқылы біраз білім алғызып,үйреттік деген ойдамын.
Келесы күні балаларға Миға шабуыл Интерактивті тақтаға «Қайталау–оқу анасы» атты әр түрлі деңгейдегі сұрақтар берілді,оқушылар интерактивті тақтадан кез-келген ұяшықты таңдайды да,топ мүшелері кезектесіп жауап берді. Оқушылар еске түсіреді, талдайды.
Кешкі асқа қарама атты тақырыбы бойынша сабақ оқып,оқушылардан сабақ сұрап,тақырыбтың мағынасын аштық.
«Ыстық орындық » әдісі. Жеке жұмыс. Сұрақ-жауап. Қажеттілікті қажет ететін оқушылар үшін тірек сөздер бердім: тамақ, ас,еліктеу, тағы сол сияқты.
Дәйектеме. «Ыстық орындық» әдісін алдым, себебі басты тақырыбты сараптап қазіргі таңдағы пайдалы сусындар түрлерін салыстырдық.
7.03.2023-Топқа бөлініп отырып,дәмді тағамның пайдасы оның мүмкіндіктері тақырыбы бойынша ашық сабақ өткіздім.Оның түрлеріне сұрақ дайындап,жауап беріп,білімімізді ары қарай шыңдадық.
“Венн диаграммасы” ұқсастықтарын,айырмашылықтарын,саралайды, сөйлеу,жазу дағдылары дамиды.
Наурыздың 16 ншы жұлдызында қорытынды сабақ негізінде БЖБ,ТЖБ алған болатынмын. Парақшада берілген және қосымша тапсырмаларды орындады. Жазба жұмыс жасады. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алды: Топтық жұмысты бірлесе орындады. Өз бетінше жұмыс жасады. Сұраққа жауап берді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасады.
Әдебиет пәні бойынша "Отан үшін от кешкендер" тақырып жаңа зейінімізді ашты. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері түрғысынан анықтап,интерактивті тақтаға ойындар ойнатылды
.Ворд вол программасы арқылы ойындар болды.«Миға шабуыл» әдісі арқылы соғыс туралы өткен ақпараттарды қайталадық.Сабақты бекітіп,үй тапсырмасын беріп,«Соғыс пен Бейбітшілік» деген сұраққа шағын мәтін құрап жазуға тапсырдым.
Сонымен қатар қазақ тілі сабағында еліктеуіш сөздердің түрлері туралы тақырып жаңа қарқынды болды.Себебі еліктеу сөздің бірнеше түрі бар екенін білдік,жіктеп үйрендік.«Әрқашан күн сөнбесін» әдісі арқылы өткен тақырыптарға шолу жасалды.Сабақ тақырыбы мен мақсаты таныстырылды.«SMS хабарлама» әдісі арқылы оқушылармен рефлексия жүргізіді.
Талаптыға нұр жауар шығармасы бойынша сабақ өтіп,оқушылардан сабақ сұрап,швғарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап,әдеби эссе жаздық.
«Есімдер жазылған конверт» әдісі бойынша кейіпкелерге мінездеме бере отырып, оларды шынайы өмірмен байланыстырдық.Оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін · Күнделіктеріне марапат сөздер жазып жіберген болатынмын.
Жеңіс күні тақырыбына қатысты видеороликтер жүргізіліп,оқушыларларға белгілердің мағынасын ашып көрсеттік.Жағдаяттық сұраққа жауап бер.Одағай түрлерін ажырата біліп,сол арқылы сұраққа жауап алып,сабақ өте жақсы деңгейде өтті.
М.Шахановтың "Нарынқұм зауалы" поэмасы бойынша кейіпкерлер бейнесіне мінездеме жаздық.Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстырдық.
Бұл сабақта өткен тақырыбтың барлығын қайталап,ойындар арқылы қайталап,бір-біріне сұрақ қойдырту арқылы біраз білім алғызып,үйреттік деген ойдамын.
Т.Айбергенов "Өлеңнің көркемдік әлемі" шығармасын оқып,шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың түрлерін талдап,автор стиліне баға бердік.
Шығарманың композициялық құрылымын талдадық.Шығармадан қарама-қарсы кейіпкерлерді тауып жазады,сыныпқа оқып береді. Сол бойынша әңгіме өрбіді.Шығармаларды осымен тәмәмдадық.
Өткен тақырып жайында бірнеше суреттер беріліп,сол суретке қарап адамды тани алама жоқпа деп сауалнамалар жүргізілді.«Төрт сөйлем» тәсілімен сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөйлемдермен толтырады.
Дәйектеме: Осы стратегияны алған себебім: оқушылар білімді миына сақтау керек, сондықтан ол қандай білім алғанын саралап, алған білімін жүйелі түрде қорытындылайды. «Өзін-өзі бағалау баспалдағы» арқылы өзіне баға беріп, оқу мақсатында жеткен жетістігін анықтады.
Өткен тақырыптарыма байланысты көрнекілік құралдарын дайындап және де оқушылардың дене және психикалық даму деңгейін ескере отырып, мұғалімдік жұмыстың ең нәтижелі формаларын және де әдістерін ұғынуға ұмтылдым. Оқушының даму деңгейіне диагностика жасаумен де айналыстым. Оқушылардың күнделіктерін, дәптерлерін тексеріп, кемшіліктерін айтып, олардың дұрысталуына ат салыстым. Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын өткіздім.



  1. Download 44.96 Kb.

    Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling