Ӛзбекстан республикасы жоқары ҩӘм орта арнаўлы билимлендириў министрлиги әжинияз атындағы нӛкис


Download 6.22 Mb.
Pdf ko'rish
bet64/266
Sana17.08.2023
Hajmi6.22 Mb.
#1667691
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   266
Bog'liq
Топлам КОНФЕРЕНЦИЯ 2021

References 
1. McLean K.C., Pasupathi M. & Pals J.L. Selves creating stories creating selves: A 
process model of selfdevelopment. Personality and Social Psychology Review, 11, 2007.– 
P. 272–288.
ТҤРКІСТАН ҚАЛАСЫН ТҤРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ РУХАНИ АСТАНАСЫ 
РЕТІНДЕ ЭТНОДИЗАЙНЕРЛІК-МОНУМЕНТТІК ЖОБАЛАУ 
ҦСТАНЫМДАРЫ 
Қ.Ералин - Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық 
қазақ-түрік университеті, п.ғ.д., профессор,
Ж.Дәрменов - Нӛкіс мемлекеттік педагогикалық 
институты, п.ғ.к. доцент 
А.Ӛтегенов - Нӛкіс мемлекеттік педагогикалық 
институты, 1-курс магистранты
 
Оңтүстік Қазақстанда орналасқан Түркістан еліміздегі рухани астана ретінде 
бұрыннан танылғанымен, кӛне қаланы монументтік-этнодизайнерлік жобалау 
ұстанымдарын анықтау бұрын соңды зерттеу нысаны болған емес. Түркістан қаласын
этнодизайнерлік монументтік тұрғыда дамыту концепциясына сай міндеттерін 
орындауда қаланы этнодизайнерлік монументтік безендіру ұстанымдарының қажеттігі 
туындауда. Ӛзбекстанның Бұхара, Самарханд қалалары сияқты Түркістан қаласына 
туристерді тарту үшін ӛзіндік қажетті жағдайдың бір қыры - қала кеңістігін, 
ғимараттардың экстерлік монументтік этнодизайнерлік жұмыстармен безендіру 
ӛнертанымдық-этнодизайнерлік проблема. Түркістан облысы әкімі Ӛ.Шӛкеевтің қаланы 
туризм орталығына айналдыру, туризмді дамыту бағдарламасында ұлттық қолӛнерді, 
қол ӛнердің ӛнеркәсібін дамытуды, қаланың кӛркемдік дизайнын жасау қажеттігіне 
байланысты ізденістердің қажеттігі кӛрсеткен [1; 3]. Осы бағдарламаға сәйкес Түркістан 
қаласын монументтік этнодизайнерлік безендіру мақсаты - қаланы туризм орталығына 
айналдыруға үлес қосу, Жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу, қаланың 
брендтік образын қалыптастыру, қаланың даралық сипатын арттыру міндеттерімен 
анықталды. 
Ұлы дала елі шет елдіктерді бұрыннан қызықтырған. ХVIII-ХIХ ғасырларда Қазақ 
жерінде 
тарихшылармен, 
этнографтармен 
бірге 
К.Аткинсон,
Д Краплот, П.Залецкий, В.В.Верещагин, Т.Шевченко сынды суретшілер қазақ елі мен 
жерін шынайы суреттейтін этнографиялық суреттер салған. Этнограф А.Соколов 
«Қазақтар ою – ӛрнектер ортасында ӛмір сүретін халық екен» деген шынайы пікір айқан. 
Даңықты саяхатшы К.Прежевалский «Қазақтарға білім берудің қажеті жоқ, олардың 
салт- дәстүрлері тұрып тұрған білім»,- деп ұлттық дәстүрімізді жоғары бағалаған. 
Архитектор ғалымдар Т.Басенов пен ӛнертанушылар Қ.Ыбраева, Н.Нұрмұханбетов, 
Қ.Тұрыспековалардың зерттеулері қала сәулетіне ерекше кӛрік беретін мүмкіндік - ою-
ӛрнек деп таныған. Этнодизайнерлер Д.Шоқпарұлы, А.Найманбаев, Б.Талқанбаевтар 
халқымыздың даралық сипатын кӛрсететіндер ұлттық құндылық сипатын кӛрсететін 
нысандар ретінде Қорқыттың қобызын, Құрманғазының домбырасын, қазақ қызының 
жүз жылқыға бағалаған сәукелесін ұлттық брендтер қатарына қосуға болатындығын 
жайлы пікірлер айтқан. Дизайнер - ғалым Е.Асылханов қала безендіруінде ұлттық 


106 
бұйымдардың монументтік бейнесін қолдану әдісін - Ұлы дала елінің ерекшелігін 
кӛрсететін шығармашылық ізденіс нәтижесі,- деп таныған. Этнопедагог ғалымдар 
Ж.Балкенов, Ә.Қамақов еңбектерінде ұлттық қол ӛнердің этнопедагогикалық тәрбие 
берудегі мәні ашып кӛрсетілген [2; 3].
Соңғы жылдардағы біздің этнодизайнерлік бағыттағы зерттеулер нәтижелері – қала 
безендіруіндегі композициялық элементтер – этнобұйымдардың монументтік 
этнодизайнерлік формаларын қолданудың маңызының жоғары екендігін айқындады [3; 
3б]. Этнодизайн, этнодизайнерлік жобалау, туралы теориялық материалдар мен 
этнодизайнерлік жобалау практикасын сараптау нәтижелері мынандай тұжырымдар 
жасауға мүмкіндік берді: 
1. Монументтік ӛнер – кӛлемді ӛлшемдермен белгілі жазықтық бетіне бейнеленетін 
ӛнер туындыларының жүйесі болып табылады. Этнодизайн - ұлттық сәндік қолданбалы 
ӛнер бұйымдары мен гобелен, мурал, витраж, мозайка туындыларын жобалау жүйесі. 
Этнодизайнерлік- монументалдық ӛнер – кӛлемді етіп жасалған ұлттық бұйымдар мен 
этнокӛркем шығармалар жүйесін қамтиды. 
2. Қаланы монументтік-этнодизайнерлік жобалау - қаланың кӛрікті орындарын 
алаңдарын, гүлзарларын, кӛшелері мен даңғылдарын үлкен кӛлемді ұлттық кӛркем 
бұйымдармен, барельеф картиналармен, сграфито, роспись, мозайка, мурал 
техникаларымен безендірілген шығармалар болып табылады. 
3. Этностилде жасалған монументтік бұйымдар қатарына: домбыра, қобыз, келі - 
келсап, торсық, кӛнек, тұмар, білезік, сақина, сырға, шашбау, тағдыр нан, қазан, ошақ, 
тегене, ожау, құман, құмыра т.б бұйымдар қосылады 
4. Ұлы даланың тарихи кезеңдеріне арналған сюжеттер: жартастағы таңбалар, 
Яссауи кесенесі құрылысын салу, тайқазанды құю, ақтабан шұбырынды, Орбұлақ 
шайқасы, Отырар кітапханасы, Пазырық кілемі, ежелгі аң аулау, ханды таққа отырғызу, 
салт дәстүрлер, космос, тыңды игеру, ұлттық салт-дәстүрлерге арналған сюжеттері 
бойынша рельефтер жасау, мүсіндер жапсыру, мозайкалар құрау, бояу шашу арқылы 
мурал сурет салу арқылы кӛлемді жұмыстары атқарылады. 
5. Этнобұйымдар мен жазықтық бетіне салынатын шығармаларды орнататын 
орындар: алаңдар, скверлер, кӛп қабатты тұрғын үйлер мен офистік ғимараттардың 
сыртқы қабырғаларындағы кеңістіктерге түрлі техникаларды қолданып, интерьердегі 
кӛлемді қабырғаларға суреттер салу, даңғылдар кеңістігін мүсіндік формаларды орнату 
жұмыстарын қамтиды. 
6. Қаланы безендіруге қолданатын технологиялар: роспись, мозайка, витраж, 
мурал, релеф, горелеф, сграфито, шашыратпа бояу техникалары қолданылады. Қаланы 
безендіруде бейнелеудің кескіндеме, мүсін, сәндік ӛнер, дизайн, мозайка, витраж, т.б. 
түрлері кеңістік сұранысына сай қолданады.
7. Қаланы безендіру үдерісінде салынатын суреттерді бейнелеу барысында 
реалистік бейнелеу, сәндік бейнелеу, абстрактылық бейнелеу әдістері қолданылады. 
8. Түркістан қаласын монументтік безендіру – кӛлемді бейнелеу 
технологияларымен қоғамдық орындарды, ғимараттарды, алаңдар мен скверлерді 
әшекейлеу, кӛркемдеу, сәндеу арқылы қала халқына, кӛрермендерге, туристерге 
эстетикалық, эмоциялық әсер беру әрекеттерімен, ықпалымен сипатталады.
9. Этнодизайнерлік жобалау – ұлттық сипаттағы кӛркем бұйымның немесе сюжетті 
шығарманың тақырыбын, сюжеттік кӛріністерін, композициясын, орындау техникасын
ӛндірістік технологиясын анықтаумен сипатталады. 
Түркістан қаласын монументтік-этнодизайнерлік безендіру жобалау моделі 
жасалды. Монументтік-этнодизайнерлік безендіруді жобалау моделінің кӛрсеткіштері: 


107 
жобаға жергілікті халықтың, алыс және жақын шет елдердің туристердің
қызығушылығының болуымен, олардың ұлттық құндылықтар бейнеленген нысандарды 
білуімен, Түркістан қаласын монументтік-этнодизайнерлік безендіру жобасының 
кӛркемдік сипатына деген оң пікірлерінің болуымен сипатталды. 
Зерттеу нәтижесінде заманауи туризм талаптары мен аймақтық ұлттық сұраныс 
ерекшелігіне негізделген Түркістан қаласының монументтік этнодизайнерлік жобасы 
жасалды. Жоба даярлау аясында Түркістан қаласын монументтік-этнодизайнерлік 
жобалау ұстанымдары негізге алынды. Жобалау ұстанымдары тӛмендегідей болып 
анықталды: экстерьерге арналған этнобұйымдар мен этносюжетті шығармаларды 
материалда орындауда шығарманың немесе бұйымның кӛлемді болуын ескеру; 
жобаланатын бұйымдар мен кӛркем шығармалардың сюжеті: ел тарихы, ел тұтқалар, 
ұлттық құндылықтар, салт-дәстүрлер мазмұнын қамту бағытын ескеру; жобаның қала 
кӛркін арттырып, қаланы даралық сипатқа айналуына ықпал етуі; туристік сипаттағы 
кӛркем-сувенирлік ӛнеркәсіптер ашылып, туризмнің дамуына негіз болуы; қаланың 
этнодизайнерлік безендіру жобасының жастардың ұлттық тәрбиесіне ықпал етуі; 
жобалау ұстанымдарын қаланың жаңа сәулет нысандарын жобалауда қолданысқа ендіру. 
Қорыта айтқанда Түркістан қаласын монументтік этнодизайнерлік безендіру 
жобасы ұлттық архитептік кӛріністер арқылы ұлттық құндылықтарды қала қонақтары 
мен туристерге таныстыру мақсатын кӛздеді. Түркістан қаласын монументтік 
этнодизайнерлік безендіру жобасы монументтік--этнодизайнерлік құндылықтарды 
насихаттауға бағытталды. Жоба, жас ұрпақты елжандылыққа тәрбилеуді кӛздеді. 
Түркістан қаласын монументтік этнодизайнерлік безендіру жобасы этнобұйымдар мен 
этносюжетті шығармаларды материалда орындауда шығарманың немесе бұйымның 
кӛлемді болуы ескерілді. Жобаланатын бұйымдар мен кӛркем шығармалардың сюжеті: 
ел тарихы, ел тұтқалар, ұлттық құндылықтар, салт-дәстүрлер мазмұнын қамтыды. 
Жобаның қала кӛркін арттырып, қаланы даралық сипатқа айналуына ықпал етті. Кӛркем 
ӛнеркәсіптер ашылып, туризмнің дамуына негіз болды. Қаланың этнодизайнерлік 
безендіру жобасының жастардың ұлттық тәрбиесіне ықпал етіп жобалау ұстанымдарын 
қаланың жаңа сәулет нысандарын жобалауда қолданысқа ендірілді. 

Download 6.22 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   266




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling