Ӛзбекстан республикасы жоқары ҩӘм орта арнаўлы билимлендириў министрлиги әжинияз атындағы нӛкис


Download 6.22 Mb.
Pdf ko'rish
bet65/266
Sana17.08.2023
Hajmi6.22 Mb.
#1667691
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   266
Bog'liq
Топлам КОНФЕРЕНЦИЯ 2021

Әдебиеттер 
1. Ералин К.Этнодизайн: Учебное пособие, Алматы, Эверо, 2018.-168 с. 
2. Жақып Құттыбек Тыныбекұлы. Альбом, ЖШС. Алматы. Интерпринт, 2016. -184 б:
3. Prankin N.S. Metrolojinin temelleri. –M.: Logolar, 2007. S.217. 
4. Титенов В. З. Қазақстан халқының ӛнері. – Алматы: Ӛнер. 2017. –280 с. 
5. Жақып Құттыбек. Кӛрме каталогі. Бишкек, 2018.-30 б. илл 
6. Ералин К.Ералина Г. Основы дизайна. Туркестан. Туран. 2015 .-180 с. 
7. Бекетова Т.С., Акинфеева И.И., Мантушкина А.Ю. Элементы этнической 
культуры в городском пространстве Улан-Удэ. Часть 1. Орнаментальные мотивы в 
дизайне малых архитектурных форм// Дизайн и технологии, 2017. – № 54. – С. 8-12. 
8. Ералин К. Изобразительное искусство Казахстана. Туркестан. Туран.
2009. 212 с. 
СТУДЕНТТЕРДЕ ӚЗІНДІК ЖҦМЫСТАРДЫ ҦЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
А.К.Убайдуллаева - б.ғ.к., доцент 
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті, Түркістан қ. 


108 
Студенттің ӛзіндік жұмысы - болашақ білікті мамандарды даярлаумен бірге білім 
сапасын арттырады. Осыған орай, жоғары оқу орындарында әр білім алушыдан ой 
еңбегінің ұтымды әдістерін білуі, яғни уақытты үнемдеп, қажетті ақпаратты іздеп және 
жедел меңгеруді, фактілер, теория мен тұжырымдамаларды жүйелеп және жіктей білуді, 
ӛз кӛзқарасын нақты айтып және дәлелдей білуді үйренуді талап етеді. Ӛз бетімен 
жұмыс дегеніміз – жоспар бойынша оқытушының методикалық жетекшілігімен берілген 
тапсырманы студенттердің оқытушының кӛмегінсіз жеке орындауы. Мұнда оқытушы 
студенттердің тек танымдық қызметін ғана ұйымдастырады. Танып, білуді студент ӛзі 
жүзеге асырады. Сонымен қатар, ӛз бетімен жұмыс дидактикалық тапсырмаларды ӛз 
бетінше орындауға, танымдық қызметін қалыптастыруға және ғылымның белгілі бір 
саласында білімін толықтыруға бағытталған оқыту қызметінің ерекше түрі болып 
табылады [2].
Студенттердің таным-білім белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілетін 
дамыту – бүгінгі жоғары білім берудің негізгі міндеттерінің бірі. Студент алған білімін 
ӛзінің жұмыс тәжірибесінде ғана қолданып қоймай, оны ғылыми негізде жүзеге асыруға 
дағдылануы тиіс. Сондықтан да, оқу процесінде студенттердің ӛзіндік жұмыстарын 
ұйымдастыру ең маңызды рӛлге ие [5]. 
Қазіргі таңда еліміздегі барлық жоғары оқу орындары білім берудің кредиттік 
жүйесіне кӛшуде. Кредиттік жүйемен оқытудың басты ерекшелігі - әлемдегі білім 
берудің ең үздік технологиялық тәжірибелерін қолдана отырып елімізге қажетті 
мамандарды сапалы дайындап шығару, яғни бұрыннан қолданылып жүрген оқытудың 
әдіс-тәсілдерімен қатар, студенттің ізденуіне, жаңаша кӛзқарас тұрғысынан келіп, 
сапалы білім алуына жағдай туғызу [1]. 
Жоғары оқу орындарында оқытудың маңызды ерекшелігі - жалпы ғылыми және 
кәсіби білімді меңгерту. Оның негізгі формасы студенттердің ӛзіндік оқу-танымдық 
әрекеті болып табылады. Жоғары оқу орындарындағы оқу процесінде аудиториялық 
сабақтар тиісті материалдарды толық қамти алмайды. Ӛйткені, лекцияның міндеті 
оқытушының ғылыми білімді баяндауы және студенттердің оларды қабылдауы мен 
ұғынуын ұйымдастыруы болып табылады. Дәріс сабақтары, семинарлар, зертханалық 
жұмыстар, сынақтар және емтихандарға дайындық, ең алдымен, ӛз бетінше жеке жұмыс 
ретінде жиі қарастырылады және ұйымдастырылады [3]. 
Семинар, практикалық және зертханалық сабақтардың мақсаты - ең әуелі білімді 
тереңдетуге, біліктілік пен дағдыны және оларды практикада қолдануға жаттықтыруға 
бағытталған. Сондықтан ӛтілген материалдарды меңгеру мен студенттердің семинар, 
практикалық және зертханалық сабақтарға дайындалуы күнделікті аудиториядан тыс 
ӛзіндік жұмыстарда атқарылуы тиіс [6].
Студент білімді дәріс, конспектісі мен оқулық бойынша қанша терең 
меңгергенімен, практикалық, семинар, зертханалық сабақтарға дайындалу барысында 
соншама тыңғылықты дайындалғанымен, бұл ӛз мамандығы бойынша ғылымды 
тиянақты меңгеруге жеткіліксіз, сондықтан ондай еңбектерді аудиториялық сабақ 
үстінде оқу мүмкін емес. Оны студенттердің ӛз бетінше орындауына тура келеді.
Студенттерді аудиториядан тыс сабақтардың және ғылыми әдебиеттердің оқу 
әдістемесімен таныстыруға арналған мазмұнды түсіндіру жұмыстары - олардың оқу 
әрекетіндегі белсенділігіне елеулі әсер етеді. Соған орай, ынталы және кӛп жұмыс 
істейтін студенттер білімді ӛз бетімен меңгерудің әдістері мен тәсілдерін терең түсіне 
отырып, ӛзінің аудиториядан тыс жұмыстарын одан ары жетілдіруге қол жеткізеді [5].
Студенттердің аудиториядан тыс ӛзіндік жұмыстарының белсенділігі мен ӛнімділігі 
мыналарға байланысты: 


109 
- оларды түпнұсқа әдебиеттері бойынша білім алу әдістемесіне шебер оқытуға; 
- ӛзіндік жұмыс пен оның нәтижесі барысында бақылаудың түрлі формаларын 
қолдануға; 
- ӛтілген материалдарды меңгеруге қиналатын студенттерге тұрақты түрде жеке 
кӛмек кӛрсетуге; 
- емтихандарда білімді бағалауға объективтілікті арттыру мен студенттердің жалпы 
ғылыми және кәсіби дайындығының сапасына қатаң талап қоюды арттыруға. 
Ӛзіндік жұмыс студенттердің білімін кеңейту мен бекітуде аса маңызды жағдай 
болып табылады және ол тӛмендегідей әрекеттердің жиынтығын құрайды:
- дәрісті тыңдай білу шеберлігі;
- оны ӛз бетінше, тиімді жазып алу шеберлігі;
- дәрістен соң конспектімен жұмыс істеу;
- ғылыми жаңалықтар, анықтамалықтар, құжатты материалдар және алғашқы 
материалдармен жұмыс жасау;
- ғылыми баяндама, рефераттар, есептер және т.б. жазу жолдарын үйрену. 
Студент ӛзіндік жұмыс нәтижесінде ӛтілген материалды танудың және оны ӛзінің 
практикалық әрекетінде қолданудың логикалық әдістерін меңгеруге міндетті. Оған - 
жоспар, кесте, схема құру, кейбір қиын сӛйлемдерді түсіндіру, түпнұсқа дерек кӛздерін 
пайдалану, белгілі бір тақырып бойынша баяндама жасауға ӛз бетінше дайындалу 
сияқты талаптар жатады.
Тыңдаушылардың ӛзіндік жұмыстарын басқару оқу процесінің барлық формалары 
арқылы жүргізіледі. Сабақты жүргізу әдісі студенттердің психологиялық белсенділігін 
арттырып, оларды шығармашылық жұмысқа тартуы тиіс. Әсіресе, ӛз бетінше 
дайындықтың сапасын бақылау ерекше маңызға ие. Осы мақсатта оқытушы әрбір 
студентпен жүйелі түрде кері байланыс жасап, сол бойынша олардың ӛзіндік 
жұмыстарын бағалап және түзетіп отыруы тиіс. Ол үшін тыңдаушылардың рефераттар, 
баяндамалар, тақырыптық хабарламалар (ауызша және жазбаша формадағы), озық 
практика үлгілеріне шолулар дайындау және ғылыми монографиялар мен мерзімді 
баспасӛз материалдарына аннотация, пікір жаздыру практикасын кеңінен қолдану керек. 
Бүкіл топ тыңдаушыларын қамтитын бақылау формасын жиі пайдаланған дұрыс
(лекция мен түпнұсқа әдебиеттерді конспектілеуін, жазбаша үй тапсырмаларын, бақылау 
жұмыстарын, коллоквиумдарды және т.б. орындауын тексеру). Жүйелі және жеке 
бақылау болмаса, кейбір ықылассыз студенттер ӛзіндік жұмыстарды орындаудан 
жалтаруы мүмкін. 
Қазіргі таңда студенттердің ӛзіндік жұмыстарын ұйымдастыру оқытудың жалпы 
әдістемесінің маңызды бағыттарының біріне айналуда. Бұл болашақ мамандардың 
танымдық белсенділігін арттыру қажеттілігімен, оқыту процесін есте сақтау мектебінен 
ойлау мектебіне айналдыруға негізделген [6]. Ӛзіндік жұмыс нәтижесінде алынатын 
білім мен ақпараттың кӛлемі кӛбіне студенттің ӛзінің жеке, яғни оның ниеттілігіне, 
әдебиеттермен ӛз бетінше жұмыс істей білуіне, әртүрлі пәнге деген қызығушылығына 
және т.б. қасиеттеріне байланысты болады, сондай-ақ оқу процесін ұйымдастырудың 
бүкіл жүйесі ӛзіндік жұмыстарға бағытталып, студенттерді ынталандыруы тиіс. 

Download 6.22 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   266




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling