2-дәріс. Тақырыбы: Мектептің пен сыныптың тәрбие жүйелері Жоспар


Download 201.17 Kb.
Sana12.02.2023
Hajmi201.17 Kb.
#1191473
Bog'liq
Лекция-1670146269742




2-дәріс. Тақырыбы: Мектептің пен сыныптың тәрбие жүйелері
Жоспар
1.Тәрбие жүйе компоненттері
2.Мектептегі педагогикалық ұжым ерекешелігі
3.Сынып жетекшісі жұмысының мазмұны.
4.Сынып жетекшісіне қойылатын талаптар
5.Мұғалім, сынып жетекшісінің оқушы, ата-аналармен жұмыс істеу формалары мен әдістері
Негізгі ұғымдар: Тәрбие жүйе компоненттері. Мектептегі педагогикалық ұжым ерекешелігі.Сынып жетекшісі жұмысының мазмұны.Сынып жетекшісіне қойылатын талаптар. Мұғалім. Сынып жетекшісінің жұмыс істеу формалары мен әдістері.
Тәрбие - педагогикалық жүйеде өзіндік бағыты, мазмұны, ұйымдастырылу ерекшелігі, формалары, әдіс – тәсілдері бар өте маңызды процесс. Сол себепті педагогикада тәрбиені ұйымдастырудың негізгі жүйесін, жолдарын, бағыттары мен ұстанымдарын, заңдылықтарын белгілейтін, педагогтің тәрбиелік функцияларын айқындайтын – тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі қалыптасты.
Тәрбиелік жүйе компоненттері: Тәрбиелік жүйе – ол біртұтас әлеуметтік ағза, оның қызмет істеу шарты: негізгі компоненттері бір-бірімен тығыз байланыста (мақсат, мазмұн, іс-әрекеттәсілі) болады. Мектеп ұжымының басты міндеті – тәрбие жұмысының жүйесін қалыптастыру. Тәрбие жұмысының жүйесі мынадай компоненттерден тұрады:



Басқарудың және өзін-өзі дамытудың субьектісі ретінде қазіргі педагогикалық ұжым туралы ұғымдар орыс педагогтары Л.Н. Толстой, К.Д. Ушинский, Н.И. Пироговтардың оқыту мен тәрбиелеудің өзара байланыстылығы, оқушылар мен педагогтардың бірлесе жұмыс істеуі, педагогтардың өзін-өзі дамытуға ұмтылуы сияқты идеяларының ықпалымен қалыптасты.


Мектептіңпедагогикалықжүйесі:



Тәрбие мақсаты, балалар ұжымын қалыптастыру мәселесі отандық педагогика ғылымында педагогикалық ұжымның екі орнықты моделін іздеумен бірге қарастырылды. Мұғалімдердің тәрбиелік ықпалын біріктіру 20-10 жылдары педагогика мен мектептің маңызды міедеттерніңі бірі болды. Н.К. Крупская, С.Т. Шацкая, А.С. Макаренко және т.б. «Тәрбиешілер ұжымы болуы керек»- деп жазды. А.С. Макаренко- «тәрбиешілер ұжымға біріккен жерде және біртұтас жұмыс жоспары, балаға деген бірыңғай ықпал жоқ жерде ешқандай тәрбие процесі болуы мүмкін емес». Педагогикалық ұжымның топтасуы және дамуы идеясы В.А. Сухомлинскийдің педагогикалық жүйесінде практикалық көрініс тапты. Ол әрбір педагогикалық ұжымның өзіндік ерекшелігі болатындығын атап көрсетті. Тәжірибе алмасу сол мектептің жұмысын көшіріп алу емес, қайта оның қызметінің идеялары мен концепцияларын бағалау болмақ. Соңғы жылдары педагогикалық ұжымның дамуы мен қызметінің ішкі механизмін ашуға арналған (Н.С. Дежиннова, В.А. Кераковский, Л.И. Новикова, Р.Х. Жакуров және т.б) еңбектер жариялады.


Педагогикалық ұжымның ұйымдық құрылымы. Ұжым психологиясы жөніндегі зерттеулер (А.И. Донцов, А.Н. Лутошкин, А.В.Петровский, А.Л. Свентицкий және т.б) ұжымның құрылымы туралы тиянақты мағлұмат береді. Соның ішінде ұжымға әлеуметтік-психологиялық талдау жасағанда, оның ұйымдық құрылымы ресми және бейресми болып бөлінетіндігін аңғарамыз. Бұл жағдайда құрылым ретінде ұжым мүшелерінің салыстырмалы түрде біршама тұрақты өзара қатынасын атауға болады.
Ұжымның ресми құрылымы оның мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, еңбек бөлінісінің ресми реттелуіне байланысты.
Педагогтің тәрбиелік функцияларының мазмұны - педагогикалық процесті басқару функциялары негізінде анықталады.
Педагогикалық процесте басқару функцияларын 3 деңгейге бөліп қарауға болады. Бірінші деңгей - педагогикалық және әлеуметтік – гуманитарлық функциялар. Екінші деңгей – ұйымдастырушылық, коммуникативтік функциялар.Үшінші деңгей – басқару, болжау, мақсат белгілеу, жоспарлау, түзету функциялары.
Әдебиеттер:
1.Дүйсенбаев, А.Қ. Тәрбие теориясы мен әдістемесі 2014.- 35-52б б.
2.Атемкулова, Назира О. Педагогикалық шеберлік Алматы, 2012.- 18-30бб.
3.Капенова, А.Ә. Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісінің отбасымен жүргізетін іс-әрекет мазмұны Талдықорған: ЖМУ баспасы, 2013.- 42-72б.
Download 201.17 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling