Лекция. Жүйелік блоктың компоненттері. Микропроцессорлар және олардың түрлері. Жүйелік блок енгізуді шығаруға айналдыру үшін қажет болатын өңдеуші құралдар орналасатын


Download 366.5 Kb.
bet1/4
Sana25.01.2023
Hajmi366.5 Kb.
#1120011
TuriЛекция
  1   2   3   4
Bog'liq
3лекциякомп тех


3-лекция. Жүйелік блоктың компоненттері. Микропроцессорлар және олардың түрлері.


Жүйелік блок
Жүйелік блок – енгізуді шығаруға айналдыру үшін қажет болатын өңдеуші құралдар орналасатын компьютердің негізгі бөлігі. Осы өңдеуші құрылғыларға жүйелік тақта, ішкі дискіенгізгілер және әр түрлі жүйелік жабдық, соның ішінде бейне тақта мен дыбыстауыш тақталар кіреді.Жүйелік блок (Системный блок; system block) - дербес компьютердің негізгі электрондық құрылғылары (процессор, жедел жад, дискілер жөне контроллерлер) мен қоректендіру блогы орналасқан блок. Бұның құрамында сыртқы мәлімет жинақтауыш, кейде дисплей мен пернетақта да орналастырылады; компьютердің орталық құрауыштары (процессор, жедел жад, көмекші схемалар, қоректендіру көздері және қуыс-орындар) қондырылған аналық тақша орналасқан қорап. Артқы жағында әр түрлі шалғай құрылғыларды қосуға арналған ағытпалар (порттар), ал алдыңғы бетінде жарық диодтық индикаторлар бар.
Жүйелік тақта 



Жүйелік тақта – жүйелік блоктың ішіндегі үлкен тақта, онда бірқатар кішкене электрондық сұлбалар мен басқа да құраластар орналасқан. Ол компьютердің бірнеше аса маңызды құраласын қамтиды. Жүйелік тақта- басқа қосалқы не компьютердің мүмкіндіктерін кеңейту үшін арнайы енгізілген тақталардың арасында өзара байланыс құралы ретінде қызмет атқаратын жүйелік блоктың негізгі бөліктерінің бірі.
Жүйелік тақтаның негізгі бөліктері
Негізгі(ажыратылмайтын)бөліктері ретінде жүйелік тақтада орналасқан:

  • Орталық процессорге арналған ағытпа,

  • ЖЖҚ (же­дел жад­тау құрылғысы)-на арналған ағытпа,

  • чипсет микросызбалары,

  • Жүктемелі ТЖҚ(тұрақты жадтау құрылғысы)

  • Шиналардың бақылаушысы және олардың кеңейткіш слоттары,

  • Бақылаушылар және енгізуші құралдардың интерфейсі,

Жүйелік тақтаның форм-фактор бойынша классификациясы
Жүйелік тақтаның форм-факторы - дербес компьютер үшін шасси бекітентін орнының ұзындығын, шина интерфейсінің орналасуы мен орталық процессордың ағытпасын анықтайтын стандарт. Компьютер үшін форм-факторын оның міндетті және опционалды компоненттердің орналасыуыy анықтайды. Компоненттердің өндірушілері жүйелік тақтаның белгілі бір үлгісіне қарай бөлшек шығарады, себебі өндірушілер үшін танымал,қолдансқа ие жүйілік тақталардың ішінде компоненттердің орналасуы тиімді.

  • Қолданыстан шыққан форматтар: Baby-AT;AT толық-көлемді платасы; LPX.

  • Заманауи және қолданыса ие форматтар: ATX; Mini-ATX; microATX.

  • Енгізі процессіндегі жаңа форматтар: Mini-ITX и Nano-ITX; Pico-ITX; FlexATX; NLX; WTX, CEB; BTX, MicroBTX и PicoBTX.

Жүйелік тақтаның моделін анықтау


Жүйелік тақтанын моделін бірнеше әдістермен анықтауға болады:

  • визуалды түрде,өндірушілердің жапсырмасындағы мәлімет арқылы.

  • DMI типінлегі программалық құрылғылар арқылы.

  • Дербес компьютердегі арнайы бағдарламар арқылы.WIndows-та SIW немесе AIDA64, Everest секілді бағдарламаларды қолдануға болса, Lunix операциялық жүйесінің қолданушылары dmidecode бағдарламасы арқылы анықтау мүмкіндігі бар.



Дискіенгізгі — белгілі тұрпаттағы дискінің құрамын оқу мен жазу үшін пайдаланылатын жадтау құрылғысы.
Дискіенгізгілер бірнеше түрге бөлінеді:

  • Тұрғылықты дискілерге арналған дискіенгізгі;

  • Алмалы дискілерге арналған дискіенгізгі;

  • Магниттік оптикалық дискілерге арналған дискіенгізгі;

  • ZIP дискілерге арналған дискіенгізгі;

  • CD-ROM/R/RW;

  • DVD-ROM/R/RW, DVD-RAM.



Download 366.5 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
  1   2   3   4




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling