Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


Download 1.73 Mb.
Pdf ko'rish
bet1/70
Sana12.09.2023
Hajmi1.73 Mb.
#1676240
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Bog'liq
Көгілдір кітап (Луиза Хей)




Луиза Хей
Көгілдір кітап
Сөз басы, немесе менің өмір тарихым
Аударған: Мырзагелді Кемел
«Балалық шағыңыз туралы айтып беріңізші». Мен өз пациенттеріме
бұл сөзді жиі айтамын. Маған бүге-шігесі қажет емес, проблеманың
туындау негізінің жалпы моделі ғана қызық.
Мен оқырмандарыма өз өмір тарихымды айтып берейін.
Бір жарым жасқа келгенде ата-анам ажырасып кетті. Бұның маған
қ
алай əсер еткені есімде жоқ. Бірақ шешемнің қызметші болып
жалдануына тура келді де, мені басқа адамдардың қолына тұруға
бергенін əлі күнге дейін денем түршіге есіме аламын. Мен үш апта
бойы жылаппын. Мені шешемнің қайтарып алуына тура келіпті. Əлі
күнге дейін оның қайратына таң қаламын, өйткені ол мені жалғыз өзі
ө
сірді.
Шешем өкіл əкемді шыныменен жақсы көрді ме, əлде мені əкелі
қ
ылу үшін тұрмысқа шыға салды ма, ол жағы мен үшін түсініксіз
болатын. Бірақ, оның тұрмысқа шыққанынан ешқандай жақсылық
болған жоқ. Оның күйеуі Европада, Германияда өсіп, қатаң
тəрбиеленген адам. Мамам сіңлімді торығып жүрген кезінде көтерді.
Ол кезде 5 жастамын. Біздің қаңғыбас көршіміз мені зорлап кетті.
Дəрігердің қалай тексергені əлі күнге дейін анық есімде. Қаңғыбасқа 15
жыл түрме жазасын кесті. Сол кезде барлығы маған «Сенің өзің
кінəлісің» дейтін. Сондықтан да ол түрмеден шыққан соң түрмеге
отырғызғаным үшін менен өшін алады-ау деген қорқыныштың
құ
шағында өмірімді өткіздім. Менің балалық шағым тəн қорлығы мен
жыныстық зорлық азаптарынан, ауыр еңбектен тұрады. Өз басымның
қ
адірін бағалау сезімі кеми берді де, менің өмірім хаосқа айналды.
Біртіндеп мен өз танымымды сыртқы дүниеге де енгізе бастадым.
Төртінші класта менің басымнан өткен жайт сол кездегі мен үшін
қ
алыпты жай еді. Біздің мектепте кеш болып, соған орай бірнеше торт
сатып алынды. Менен басқа балалардың барлығы да орта дəулетті,
жақсы отбасылардан шыққандар. Менің шашым жалбыраған, үстімдегі
киімім де жаман болатын жəне менен «құрт басып кетпеу үшін»
ү
йдегілер мəжбүрлеп жегізетін сарымсақтың иісі мүңкіп тұратын. Мен
сол кезге дейін өмірімде ешқашан торт жеп көрмеппін. Біз өзімізге
ондай байлықты қимаймыз. Біздің бір көрші кемпір, маған əр апта


сайын 10 центтен жəне менің туған күнім мен Рождествоға 1
доллардан беріп тұратын. 10 цент отбасының бюджетіне кететін де, ал
долларға мамам маған бір жылға жететін іш киімдер сатып алатын.
Сонымен мектепте кеш өтті. Тортты кесе бастады, оның көп болғаны
соншалық, көптеген балалар 2-3 кесіктен алды. Əрең дегенде менің
кезегім келгенде, ал мен əдеттегідей ең соңы болатынмын, торт
қ
алмапты. Бір де бір кесік.
Қ
азір маған өз басымды бағалатпаған, қадірлетпеген, кезектің ең
соңына қойып, торттың бір де бір кесігін бұйыртпаған менің өз
танымым екені анық нəрсе. Бұл менің сол кездегі жеке ойым еді.
«Олар» тек қана менің танымымды бейнеледі.
Одан əрі тұрмыстағы жағдайға төзе алмадым да, 15-ке толған
кезімде үйден қашып кеттім. Официантка болып жұмысқа
орналастым. Жұмыс маған менің үйдегі міндеттеріме қарағанда
ə
лдеқайда жеңіл тиді. Махаббатқа шөліркеген, өз бағасының қадірін
аздап болса да сезінген мен тəнімді оңды-солды, аяусыз үлестірдім.
Нəтижесінде 16 жасымда қыз тудым. Мен оны баға алмадым,
сондықтан басқа адамдарға бердім. Бұлар, сол кезде мен үйлерінде
тұрып жатқан перзентсіз ерлі-зайыптылар болатын. Сондықтан да
аналық қуанышты сезіне алмадым. Оның орнына қиналу, қорлану,
кінəмді сезіну сезімдерін басымнан өткердім. Менің есімде қалғаны –
оның аяғының башпайларының дəл менікіндей ұзын екені. Егер біз бір
кездері кездесер болсақ, мен оны осы башпайларынан танитыныма
сенімдімін. Оған бар болғаны бес күн толғанда менің кетуіме тура
келді. Мен үйге кері қайттым да, шешемді өкіл əкемнен кетуге
көндірдім. Ол кезде сіңлім 10 жаста болатын, əкесінің жанында қалды,
ө
йткені оны əкесі қатты жақсы көретін. Мамам қонақүйден жұмыс
тапты, біз бірге тұра бастадық. Бір күні мен құрбыммен Чикагоға жол
тартып, содан 30 жылдан соң оралдым. Өмір үнемі тұқырта
бергендіктен де, мен өз басымның қадірін сезінген емеспін. Соған
сəйкес өз айналама мені одан сайын қорлап, ал кейде таяқтап та
тастайтын еркектерді топтастырдым. Мен қалған ғұмырымды оларды
да, өзімді де қарғап өткізер едім, бірақ бұл ештеңені өзгертпес еді.
Біртіндеп, жұмысымдағы оң өзгерістерге байланысты өз басымды
бағалау сезімі де артып, əлгіндей еркектерге менің өмірімде орын
қ
алмады. Олардың іс-əрекеттерін ешқашан да қоштамаймын, бірақ
менің өзім сол кезде сондай болмасам, оларды ешқашан да тартпаған
болар едім. Қазір, əйелдерді қорлайтын еркектер менің тірлік етіп
жатқаным туралы білмейді де, өйткені біздің ойлау жүйеміз енді
сəйкес келмейді.
Чикагодан Нью-Йоркке көшіп, атақты манекенщица болдым. Бірақ,
бұл жұмыс та мендегі өз басымды қадірлеу сезімін арттырған жоқ.
Ү
немі өз бойымнан жаңа кемістіктерді табумен болдым. Өз
бойымдағы сұлулықты байқамадым. Көп жыл осылай өмір сүрдім.


Мінезі тамаша, жоғары білімді ағылшын джентльменін кездестіріп,
соған тұрмысқа шықтым. Біз көп саяхат жасадық, корольдердің
қ
абылдауында болдық. Бір рет біз тіпті Ақ Үйден де дəм таттық. Өзім
атақты манекенщица, ал күйеуімнің тамаша адам болғанына
қ
арамастан, маған өмірде бірдеңе жетіспей тұратын. Бұл жағдай
рухани ізденіс жолына түсуіме дейін созылды.
Бір күні күйеуім өзінің басқа адамға үйленетінін жеткізді. Бақыттың
оң қабақпен қарағанын шындап сезінбей жатып-ақ, аяқ астынан осы
жайға тап болдым. Сөз жоқ, оның осы ұйғарымынан кейін мен еңсемді
көтере алмадым. Бірақ өмір жалғасып жатты. Мен өмірімнің өзгеріп
жатқанын сезіндім. Бір көріпкел маған елеусіз бір оқиғаның өмірімді
180 градусқа бұратынын айтты. Бұл оқиғаның елеусіздігі соншалық
оған көптеген айлар бойы көңіл бөлмедім. Бір күні кездейсоқ Нью-
Йорктегі діни ғылымдар қоғамы мүшелерінің кездесуіне тап болдым.
Олардың айтқандары мен үшін жаңалық болса да ішкі түйсігім: «Көңіл
бөл», деді. Мен олардың кездесуіне барып жүрдім жəне сабақ ала
бастадым. Сəн мен сəнгерлер əлемі мен үшін өз мəнін жоғалта бастады.
Қ
асыңның формасы мен беліңді ойлап қашанғы қапалануға болады?
Тіпті орта мектепті де бітірмеген мен, кенет қолға тигендері мен
метафизикаға қатыстының бəрін оқыған қажырлы студентке
айналдым. Діни ғылымдар қоғамы менің екінші үйіме айналды. Менің
ө
мірім бұрынғыдай өтіп жатқанменен, мен өзімде болып жатқан үлкен
ө
згерістерді
сезіндім.
Қ
оғамдағы
тынымсыз
жұмыстарымның
арқасында үш жылдан соң мен емтихан тапсырдым да, көмекке зəру
адамдарға кеңес бере бастадым. Бұл кішігірім қадам болатын. Мен
сондай-ақ медитация жасай бастадым. Сосын кіші діни қызметкерлер
дайындайтын колледжге түстім, сонда күні-түні дайындалдым. Мен өз
курстастарымнан үлкен болатынмын. Біз төрт жыл бойы төзуге тура
келген тəртіп өте қатал болатын – ішпеу керек, шекпеу керек, жəне
сенбі, жексенбі күндері де дайындалу керек. Колледжден шыққан
кезімде менің бірнеше сағатты əуежайда өткізуіме тур келді: темекінің
түтінінен құлап қалатын шығармын деп ойладым. Нью-Йоркте барлық
кездесулерде жиі шығып сөйлеп, кеңес беруді жалғастыра бердім.
Сондай-ақ мен «Өз тəніңді сауықтыр» деген тақырыппен шағын кітап
жаздым. Лекция оқып, саяхат жасай бастадым. Менің атағым шыға
бастады…
Содан бір күні менің ағзамнан дəрігерлер қатерлі ісік (рак) кеселін
тапты. Қатерлі ісік, əрине, менің жыныстық мүшемде, қынап маңында
пайда болды. Мені үрей биледі. Өз жұмысыма байланысты менің
адамдардың айығуына көмектесуіме тура келсе де, өзім уағыздаған
принциптерді өз тəжірибемде тексерудің ғажайып мүмкіндігі туғанын
түсіндім. Түптеп келгенде мен, қатерлі ісік - бұл қордаланған реніш, ал
одан құтылса, аурудан жазылуға болатындығы туралы кітап жаздым.
Ө
з басымның балалық шақтың реніштерін ұмыта алмағандығын
түсіндім жəне менің алдымда бұл мəселе бойынша көптеген істер


тұрды.

Download 1.73 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling