Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым
I тарау. Өз өміріңді сауықтыр
Download 1.73 Mb. Pdf ko'rish
|
Көгілдір кітап (Луиза Хей)
- Bu sahifa navigatsiya:
- Мен неге сенемін
I тарау. Өз өміріңді сауықтыр
Менің кейбір ойларым: Біз барлық іс-əрекетіміз үшін 100 пайыз жауапкершілік арқалаймыз. Біздің əрбір ойымыз біздің болашағымызды құрайды. Күш өз бастауын əрқашан қазіргі сəттен алады. Барлығы дерлік өздерін жек көреді жəне өздерін кінəлі сезінеді. Барлығы өздері туралы: «Мен онша жақсы емеспін» деп ойлайды. Барлығы ойға байланысты, ал ойды өзгертуге болады. Жасырын реніш, ашу, өзін жəне басқаларды сынау, кінəлі сезіну – денсаулық үшін ең зиянды көңіл-күй. Қ ордаланған реніш пен ашудан толық арылу маскүнемдік кеселінен емдейді. Біз өзімізді өзіміз шын мəнінде жақсы көрген кезде, біздің өміріміз де жақсарады. Біздің өткеннен арылуымыз жəне барлығын да (өзімізді қоса) кешіруіміз қажет. Біз қазіргі сəтпен өмір сүруді үйренуіміз қажет. Ө з-өзіңді қабылдау мен өз іс-əрекеттеріңді қолдау - ұзақ өзгерістер кілті болып табылады. Біз, тек қана біз, өзіміздің тəніміздегі «ауруды» қолдан жасаймыз. Мен неге сенемін? Ө мір өте қарапайым. Біз не берсек, соны аламыз. Жұрттың барлығының, оның ішінде мен де, біздің өміріміздегі жақсы-жаман оқиғалар ү шін 100 пайыз жауапкершілік арқалайтынымызға сенімдімін. Біздің ə рбір ойымыз біздің болашағымызды құрайды. Əрбір адам өмірде оқиғаны ой мен сезімнің қ атысы арқылы жасайды. Біз ойлайтын ойлар мен сол ойларды бейнелейтін сөздер өмірде басымыздан өткізетін жайлардың бəрін туындатады. Өмірдегі сол немесе басқа жайлардың барлығын да біз ө зіміз қ алаймыз, сосын ө зіміздің бақытсыздығымыз бен келеңсіздігіміз үшін басқаларды қарғап, күш жұмсап жатамыз. Біз ө зіміз - өз уайымымыз, қоршаған орта шындығы мен ондағы барлық нəрселердің бастауы болып табыламыз. Екінші жағынан алғанда, өз санамыздағы үйлесімділік пен тепе-теңдікті ұстана отырып, біз өмірде сол нəрселерді кездестіре бастаймыз. Сізді дəл суреттеген қай сөйлем? «Бұл өмірде адамдар маған жамандық жасайды». «Жұрттың бəрі менің проблемамды шешуге көмектеседі». Біз неге сенсек, сол біздің шындығымызға айналады. Біз өзіміз сенетін нəрселер мен өз ойларымызды өзіміз таңдаймыз. Біздің санамыздан тысқары ақылымыз біз сенетін нəрселердің бəрін қ абылдайды. Біздің нені ойлауды миллиондап таңдауға мүмкіндігіміз бар. Біз осыны сезінген кезде, «Адамдар маған жамандық жасайды» дегеннің орнына «Жұрттың бəрі маған көмектесуге тырысады» деп ойлауға болады. Жаратылыс күштері бізді ешқашан соттамайды да, сынамайды да. Олар біз қандай болсақ, сол қалпымызда қабылдайды. Сосын автоматты түрде танымды бейнелейді. Егер сіз ылғи да жалғызбын, мені ешкім жақсы көрмейді деп ойлауды жөн көрсеңіз, онда сіз солай өмір сүресіз. Бірақ, сіз «Дүниеде махаббат бар, ал мен ұнатамын жəне ұ намдымын» деп ойласаңыз, жəне бұл сөзді жиі қайталасаңыз, онда сіз бұны өз басыңыздан өткере де аласыз. Сіздің өміріңізде күтпеген жерден көптеген тамаша адамдар пайда болады, ал сізді жақсы көретіндер одан сайын жақсы көретін болады. Download 1.73 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling