Алмас қылыш


Download 1.59 Mb.
Pdf ko'rish
bet78/102
Sana14.03.2023
Hajmi1.59 Mb.
#1267842
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   102
Bog'liq
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
154 
Арғынның би, батырларына. Арғын руы Арғынаты тауынан асып көшпегенімен де 
ел 
басы 
— 
Арғын 
биінен 
айырылған 
жұрт 
судай 
тол- 
қып, сеңдей соғылысты. Осындай бәтуасыздықтың арқасында Есіл, Тобыл 
бойындағы түпкі Арғын руы жартымды бәлендей жасақ бере алмады. Ал, Найман, 
Керей болса, бұ жылы өзіне Амансанджи тайшының кезекті шабуылына қарсы 
шығудан қолы босамады. Бұл шабуылға қатыспайтын Мауреннахр жеріндегі 
Керей, Наймандар Әбілқайырдың сенімді адамдарының бірі Қожа-Уали бектің 
айтқанынан асып кетпеді. 
Міне, осындай халге ұшыраған Найман мен Керейдің де Жәнібекке ойдағыдай 
көмек көрсету қолынан келмеді. 
Ақырында Жәнібек хан өзіне еріп көшіп жүрген үш жүз мың шаңырақ Арғын, 
Қыпшақ, Қоңырат, Үйсін, Уақ және Бестаңбалы руларынан отыз мыңдай ғана 
әскер жинай алды. Мұндай әскермен кімді шабады? Бұл кезде бір Әбілқайырдың 
өзінде жүз мың атты әскер бар. Ал, елінің шетіне күнде тиіп отырған Қытайда, 
Торғауытта қанша күш бар екені кімге мәлім? Күншығысы мен оңтүстігі мұндай 
ауыр жағдайда болғанда, күнбатысы мен терістігі жетісіп тұр ма? Құбыласында 
Жошы ханның бір бұтағы Астрахань мен Ноғайлы хандарында қанша қол бар? Ар 
жағында Қырым ханы атақты Меңдігерей мен Қазан ханы Ибрагимның елі тұр.
Бұлардың бәрі де Дәшті Қыпшаққа дос емес. Ал Жәнібек болса отыз мың 
әскермен аузынан жалыны атқан Әбілқайырдан Түркістанды тартып алмақ. Жоқ, 
Жәнібек, 
сен 
өзіңнен 
күшті 
арыстанмен 
алыс- 
қың келсе, ең алдыменен бел омыртқаңның үзіліп мерт болмайтын жағыңды 
ойлауың ақыл. Ал мұратқа жетудің екі жолы бар. Бірі — күшің қазір шағын екен, 
онда өзің секілді Әбілқайырға қастардың басын қосып, майданға солармен бірге 
шық. Әрине бұл оңайға түспейді, бірақ қайткенмен де құм жиылып тас болуға 
тиісті. Ал екінші жолы — Әбілқайырмен алыспастан бұрын әбден күшейіп алуың 
шарт. Мұның да жалғыз жолы бар. Ол бүкіл Дәшті Қыпшақты өзіңе бағындырып, 
жылқыдай жусатып, қойдай өргізуің керек. Бұл екеуінсіз Көк Орда ханының жерін 
тартып алу қолыңнан келмейді. 
Ал қас дегенде Әбілқайырға қас кім бар? әрине ең алдыменен өз тұқымы 
Сайбаннан тараған Қожа-Мұхамед ханның немересі, Махмудек ханның баласы 
Айбақ хан. Жатса-тұрса ойы Әбілқайырдың орнын басу. Содан кейін Әбілқайырға 
еріксіз көнген Маңғыт руынан шыққан Ақсақ Темір Ордасының әмірлері Аббас 
бек, Мұса бек, Жаңбыршы бек, Моғол Сұлтан-Махмуд хан, Жақия, Хайдар бектер. 
әрине, осы күштің бәрі жиналса, оған Жағатай ұрпағы Сұлтан-Махмұд ханның 
інісі, Кішік Мұхамедтің баласы Ахмет ханның әскерін қосса бір Әбілқайырға 
күштерінің жететінінде сөз жоқ. Бірақ бұлардың бірде-біреуіне сенуге болмайды. 
Өз пайдасына қарай, оп-оңай сатып кетулері даусыз. Күшті болғың келсе баяғы 
бар Дәшті Қыпшақты тегіс қолыңа алуың мақсат. Өз іргең сөгілмей, берік отыра 
алатын күйге жетсең, қандай жаумен болса да алыса аласың. 
Осындай шешімге келген Жәнібек енді бүкіл қазақ руларын өзіне бағындыру 
әрекетіне кіріскен. 
Қарамағындағы қазақ руларын хан Ордасы шығыны мен әскер ұстау үшін 
алым-салық, қаржы-қаражат төлейтін етіп әбден бағындырғанша тағы жыл жарым 
өтті. Бірақ осы жыл-жарым қандай қиыншылыққа түсті! Дастарқанға төгілген 
бауырсақтай жайылып, жапан түзде біресе солтүстікке, біресе оңтүстікке бытырап 
көшіп жүрген қазақты ел етіп біріктіру үшін қаншама тәсіл, қаншама күш 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
155 
қолданылмады! Кейбір ауа жайылған, тек өз дегеніне болмаса ештеңеге көнбейтін 
кесір, тоң мойын ру бастықтарын ат құйрығына байлап құрбан етуге де барған жоқ 
па! Бері көш десе, әрі көшкен ауылдардың басына хан нөкерлері сырық ойнатып, 
сырмағын жүндей түтті емес пе? Қаншама мал барымталанып алынды! Қаншама 
ел ата мекен жерін тастап, жаңа қонысқа қонды! 
Жәнібек осының бәрін неге істеді. Бұлай ету оған оңайға түсті ме? Сол үшін де 
Қотан қарт өлер алдында: 
«Жәнібектің сырты ғана күлкі-әзілді паш еткен. 
Мезгілі көп оңаша қап жас төккен» — 
деп бекер айтқан ба? Ал сонда өз елін өзі қанға бояғаны жөн бе? Бұл Жәнібекке 
қатты батты. Кей күні құса боп, төсек тартып жатып та қалады. Өз бетімен тағы 
болып өскен руларды айтқанына көндіре алмай, кейде тарығатын да, тіпті бағзы 
бір жағдайда соңынан ерген аяулы адамдардың орынсыз қылығына жаны күйіп, 
оңашада қалың қайғыға беріледі. Бірақ хан Жәнібек бір хадисті жақсы түсінетін. 
Тоғай арасында өскен күйкі шөп малға ас болмайды. Ал қыршын, қопа 
арасындағы шытыр, көкпек малды тек апатқа ұшыратады. Сол себепті ел бірлігіне 
кесірі тиетін жанды Жәнібек өз аузынан үкім айтып, дарға астырса өкінбейді, 
мұндайда ол табансыздық көрсетпейді. Өйткені үлкен арман құрбандықсыз 
орындалмайды — бұл ханға да белгілі қағида. Осындай қатаң саясаттың 
арқасында Жәнібек далиып жатқан Дәшті Қыпшақ даласын тегіс өзіне қаратпақ 
болды. Содан кейін барып ол қазақ хандығына Түркістан өлкесі мен Еділ өзенінің 
бойындағы Кіші жүздің асау руларын бағындырсам деген ізгі мұратына кірісуді 
ойлады. 
Мұндай шешімге келген Жәнібек, ең алдымен өз ойын ағасы Керей балалары 
мен өз балаларының таразысына салмақ. «Бар ауыр қанды жорықты қай тұстан 
бастау керек? Күншығыстан ба, күнбатыстан ба?» 
Жошы ұрпағы, Бадықтан туған Орыс ханның жеті ұлы болған; Тоқты-Қия, 
Құтлық-Бұғы, Тұғылық-Болат, Құйыршық, Тоқта-Болат, Сейдахмет, Сейтәлі. 
Тоқты-Қиядан — Болат, Болаттан — Керей. 
Құйыршықтан — Барақ хан, Барақ ханнан — Жәнібек. 
Сөйтіп Жәнібек пен Керей бір атадан шөбере туыс. 
Керейдің төрт баласы бар: Бұрындық, Шайхым, Санджор-Жақан, Жақан-
Бахты. 
Жәнібек ханнан тоғыз бала: Жиренше, Махмұт, Қасым, әдік, Жаныш, Қамбар, 
Тыныш, Ұснақ, Жәдік. 
Шөбере туыс Керей мен Жәнібектен тараған осыншама баладан ата жолын 
қуып жауға шабар әке жолын қуып баққа таласары алтау. Керейден —Бұрындық, 
Жәнібектен — Махмұт, Қасым, Қамбар, әдік, Жәдік. 
Қазақ ханының тағына ие болар деп Жәнібектің әсіресе үміттенері Қасым. 
Қасым қазір жиырма алтыда. Ұзын бойлы, кең жаурын, қара торы пішінді жігіт. 
Қалың қабағының астынан үлкен қоңыр көзі адамға әрқашан да ойлана қарайды. 
Он бесінен көкпарға, күреске түскен. Әзірге жамбасы жерге тимеген балуан. Жау 
жүректігі мен ақылдылығына қарап, хан болуға лайық, әрқашанда сабырлы деп 
ойлайтын Жәнібек. Қасымды ханның өзге балаларынан артық көрер тағы бір 
себебі бар. Қасымның шешесі Жаған-бике Жәнібектің жеті қатынының ішінде ең 



Download 1.59 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   102




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling