Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


 Айып тағуға себеп болатын нәрселерден бойды аулақ ұстау


Download 1.14 Mb.
Pdf ko'rish
bet62/85
Sana10.04.2023
Hajmi1.14 Mb.
#1348522
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   85
Bog'liq
Ала жіпті аттама

16. Айып тағуға себеп болатын нәрселерден бойды аулақ ұстау
Мүмин адам өзін нақақтан-нақақ айыптауға, себепсіз сөгуге соқтыратын нəрселерден
іргесін аулақ салады. Ислам құқығы методологиясындағы «сəдди зəраи» (харамға апаратын
факторлардан сақтану) ұстанымын басшылыққа алу мүминнің міндеті. Мұндағы «сəдд» сөзі
арабшада кедергі, бөгет болу, ал «зəраи» сөзі болса кісіні жамандыққа ұрындыратын қауіп
мағынасына келеді.
Құран кəрім: «Зинаға жуымаңдар. Өйткені, ол анық арсыздық жəне жаман жол»
(«Исра» сүресі, 32-аят) дегенді ойға тоқысақ, зина жайлы ойланудың өзі харам.
Мұсылман адам күнəнің ауылынан күншілік жер айналып өтіп, күнə жасауға итермелейтін
барлық күдікті амалдардан қашық тұруы тиіс. «Сендерден күмəндануға себепші болатын
мекендер мен себептерден сақтаныңдар» деген хадис
[208]
 осы ойымыздың дəлелі. Хазірет Омар
(р.а.) да бір сөзінде: «Айыптауға, күдікке себепші болатын жерге баруды əдетке айналдырған
адам өзі туралы қате ойлағандарды сөкпесін», – деген екен.
Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
мешітте оңашаланғанын (иғтикəф) естіген Сафия
бинти Хуяй (р.а.) анамыз онымен кездесуге келеді. Пайғамбарымызбен
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
азын-
аулақ əңгімелескеннен кейін кетуге бет алады. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
оны есік
аузында шығарып салып тұрғанда, екеуін ансарлық екі кісі жолай байқап қалады. Сонда
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
оларға дауыстап: «Бұл Сафия бинти Хуяй ғой», – дейді. «Уа,
Аллаһтың елшісі, сіз жайлы қайырдан басқа ештеңе ойламаймыз», – деп ана кісілер елпілдеп
қалады. Сонда Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
былай деген екен: «Шайтан адам баласының
қан тамырында жүреді. Ол сендердің жүректеріңе секем сала ма екен деп қорықтым»
[209]
.
Теология ғылымдарының докторы, профессор Фарук Бешердің осы тақырыптағы пікірі де
көңілге қонымды. Профессор Құраннан түйген ойын былай деп жазады: «Бір қызығы, Аллаһ
тағала Құран кəрімде базбір харамдарды айта келе, «міне, бұлар Аллаһтың қойған шектеуі,
мұның шегінен шықпаңдар» десе, кісінің шəһуатын оятатын мəселелерге келгенде, «міне, бұлар
Аллаһтың қойған шектеуі, бұған жоламаңдар» деп бұйырады. Біз осыдан-ақ, құмарлық сезімінің
табанымызға тас батыратын сүрлеу екенін білеміз. Аллаһ елшісі
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Айыптауға
негіз болатын жерлерден мың қадам əрі жүріңдер. Күмəнді нəрселерден сақтанған адам дінін,
абыройын да қорғайды. Əйел мен еркек ешкім жоқ жерде оңаша қалмасын. Қалса, үшіншісі
шайтан болады», – деген.
Сайып келгенде, мұсылман адам əрқашан кісілік келбетін сақтап қалуы, Аллаһ тағаламен
ара қатынасын босаңсытатын, иманын жүдететін нəрселерден аулақ болуы, көпшіліктің өзі
туралы жаңсақ ойлауына, ғайбаттауына жол бермеуі тиіс. Əйтпесе, адамдардың Аллаһқа асылық
жасап, күнə арқалауына өзі себепші болады. Кісі көзіне күмəн ұялататын істен аулақ жүрген


мұсылман өзі жайлы жаман пікірдің алдын алумен қатар өзгенің де өсек айтып күнə жасауына
жол бермейді.

Download 1.14 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   85




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling