Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


 Мұсылманның мұсылмандағы отыз ақысы


Download 1.14 Mb.
Pdf ko'rish
bet65/85
Sana10.04.2023
Hajmi1.14 Mb.
#1348522
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   85
Bog'liq
Ала жіпті аттама

20. Мұсылманның мұсылмандағы отыз ақысы
Хазірет Алиден (р.а.) риуаят етілген мына бір хадиске назар аударайық: «Мұсылманның
мұсылманда отыз ақысы бар. Бұлар жүзеге асырылмайынша, не кешірілмейінше, оған амандық
(құтылу) жоқ». Мұсылманның отыз ақысы мыналар:
Сəлемін алу;
Көмектесу;
Үнемі жақсылық жасау;
Айыбын жасыру;
Мұсылман бауырының қателігін кешіру;
Жылағанда жұбату;
Қателігіне көз жұму;
Кешірім сұраса, кешіру;
Реті келгенде ақылын айту;
Қал-жағдай сұрасу;
Жақсылығын жақсылықпен қайтарып, алғысын айту;
Жоғалтқанын тауып алса иесіне беру;
Тапсырмасын орындау;
Жəбір көргенді құтқару;
Бергеніне разы болу;
Достығына сызат түсірмеу;
Уəде де тұру;
Ауырып қалса көңілін сұрау;
Жаназасын шығару;
Шақырғанда бару;
Сый-сияпатын алу;
Бауырының халалына (жарына) қарамау, өзгені де қаратпау;
Туыстарына мейірбан болу;
Тек жақсы сөз айту;
Беретінін бөлек қою;


Залымды зұлымдығынан тыюға көмектесу;
Зорлық көргенге жақсылық жасау;
Өсектемеу, өсектетпеу жəне біреулер өсектеп жатса тыңдамау;
Түшкіргенде «ярхамукаллаһ» (Аллаһ сені жарылқасын) деу;
Өзі үшін тілегенін оған да тілеу;
Бұлардың біреуін тəрк етсе, қиямет күні мұсылман бауыры одан осы ақысын сұрайтын
болады»
[215]
.
Кісінің, менше, балам, хақын жеме,
Түбінде жарамайды жегіш неме.
Тірі күнде құтылдым қарызымнан,
Артымнан «əкем айтпай кетті» деме.
Əріп Тəңірбергенов (1856-1924)
V БӨЛІМ
САУДА ІСІНДЕГІ КІСІ АҚЫСЫ
Сауда ісіндегі жағдайлар
Біз бұл тарауда сауда қатынастарында кісі ақысын мансұқ етпеуді, дінімізде харам саналған
табыс көздерін əдетке айналдырмауды жəне сауда ахлағына қатысты кейбір мəселелерге
тоқталмақпыз.
Қоғамымызда жиі орын алатын адамзат дерті парақорлық, алдау, таразыдан жеу, қарызды
дер кезінде қайтармау, біле тұра елеулі кемшілігі бар немесе жарамдылық мерзімі өткен
тауарларды сату секілді əрекеттер кісі ақысын бұзу болып табылады.
Бұған қарап əлемдік сауда нарығының көптеген əдіс-тəсілдерінен кісі ақысының сəт сайын
аяқ астында тапталғанын көреміз. Қалбырдағы жартылай пісірілген тамақ өнімдеріндегі
химиялық консерванттар, эмульгаторлар, синтетикалық қоспалардың тигізер орасан зиянын біле
тұра оңай олжаға кенелуді көздеп, оларды тағамдардың құрамына нормадан тыс қосудың жəне
мұны өнімнің рецептурасында, не болмаса дайындалу технологиясында көрсетпеудің, қызылды-
жасылды жапсырмалармен жұрттың назарын аударудың, жалған жарнама жасаудың да кісі
ақысына тікелей қатысы бары рас.
Табыс табудың дінде тыйым салынған түрлері мыналар:

Download 1.14 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   85




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling