Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


Download 1.14 Mb.
Pdf ko'rish
bet66/85
Sana10.04.2023
Hajmi1.14 Mb.
#1348522
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   85
Bog'liq
Ала жіпті аттама

1. Риба (пайыз үстемесі)
Риба арқылы табыс табу Исламда харам іс. Дініміз жалпыға тиімсіз, əділетсіз нəрселерге
осылай шектеу қойған. Хадистерде капиталдың белгілі бір топтың қолында ғана айналуына жол
ашатын, халықты аяусыз қанауға апаратын өсімқорлық жеті үлкен күнəнің қатарында
аталған
[216]
.
Мүминдердің риба жəне харам амалдар турасында өте мұқияттылық танытқаны абзал.
Қоғамымызда өсімқорлықпен мал табар жандардың болатынын ескерген Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
бұдан ондаған ғасырлар бұрын: «Адамдардың басына сондай күн туады, кісі
малының адалдан, не болмаса харамнан болғанына мəн беріп жатпайды» деген сөзінің мəнін
ұққандай боламыз
[217]
. Ол
тағы бірде: «Адамдардың басына сондай күн туады, риба (пайыз
өсімі) жемеген жан қалмайды. Жемесе де тозаңы жұғады», – деген
[218]
.
Рибамен күн көру жеке тұлғаның да, қоғамның да құлдырауының көрінісі. «Кімде-кім


рибамен мал жиса, соңында əлбетте жоқшылық көреді»
[219]
«Бір қауымда риба кең тараса,
ол қауым міндетті түрде ашаршылықпен жазаланады. Парақорлық кең тараса, ол қауым
үреймен жазаланады»
[220]
, «Зинаның жария жасалып, рибаның ашық желінуі Аллаһтың
азабын шақырады»
[221]
 деген хадистер біз үшін ашық ескерту.
Аллаһ тағаланың дүниеде рибамен мал жиғандарды қиямет күні қарындары жер сызған
күйде тірілтетінін Құран мен хадистерден білеміз. Олар қабірден тұрмаққа ұмтылғанымен,
қарнын көтере алмай, сүйретіліп хашыр алаңына еңбектеп жетеді. Бұған ондағы жұрттың бəрі
куə болады
[222]
. Өсімқорлық Аллаһ тағала мен елшісі
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
үзілді-кесілді тыйым
салған жəне оған қарсы күрес жариялаған амал.
2. Құмар ойнау
Аллаһ тағала құмар ойындарын, яғни ақша тігіп, бəстесіп ойнайтын ойын түрлерінің
барлығын түбегейлі харам қылған. Оның ресми заңдастырылғаны да, ресми емес жасырын
ойналғаны да харам. Құранда құмар ойындар шайтанның ісі екені айтылады: «Уа, иман

Download 1.14 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   85




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling