Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған
еткендер! Арақ-шарап, құмар ойындары, құлшылық ету үшін орнатылған пұттар жəне
Download 1.14 Mb. Pdf ko'rish
|
Ала жіпті аттама
- Bu sahifa navigatsiya:
- «Дұрыс өлшеп, дұрыс тартыңдар»
еткендер! Арақ-шарап, құмар ойындары, құлшылық ету үшін орнатылған пұттар жəне
жебелермен бал ашу тек шайтанға тəн лас істерден. Ендеше (екі дүниеде) мақсат- мұраттарыңа жету үшін бұлардан аулақ болыңдар. Шүбəсіз шайтан арақ-шарап һəм құмар ойындары арқылы араларыңа дұшпандық пен өшпенділік салуды, сендерді Аллаһты еске алудан жəне намаздан тосуды (бөгеуді) ғана қалайды. Енді бұлардан тыйылдыңдар ғой, солай емес пе?» («Мəида» сүресі, 90-91 аяттар). Құмар, бəс тігу жəне ұтыс билеттері секілді алдамшы ұтысқа негізделген ойындар кісіні жарылқау үшін емес, алдап-арбап дүние жинау үшін ойлап табылған амалдар. Мұндай сипаттағы қоғамдық ойындар кісінің психологиясына кері əсерін тигізіп, есек дəмемен алдарқатып, кездейсоқ жетістікке тəуелді қылып қояды. Құмар ойнаған адам оған салынып, бұл індетке байланып, оңайлықпен құтыла алмайды. Құмар ойыны жеке адамға ғана емес, бүкіл қоғамға зардабын тигізетін зобалаң екені айдан анық. Қазіргі таңда құмар ойнау тұтас қоғамдық дертке айналып, адамның қарызға батуына, отбасының ойран болуына, ақыр соңы өз-өзіне қол жұмсауына əкеп соғуда. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм): «Кімде-кім досына құмар ойнауға ұсыныс білдірсе, оның садақа беруі міндет», – деген, яғни Аллаһ елшісі (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) құмар ойнамақ түгілі оған шақырудың өзіне қырын қараған. Құмар ойынға шақырған адамға күнəсінің өтеуі үшін садақа беруді міндеттеген. Алдамшы байлықтың буына мастанған адам бір мезгіл есеп күнін де еске алғаны жөн. Ұтыс ойынында кездейсоқ жолы болып, қыруар ақша иемденген адам біреудің ақшасын нақақ тартып алғанмен барабар. Демек, құмар ойнап қалтасын қалыңдатқан адам жұрттың малын жеп, хараммен байығаны үшін, ал ұтылған адам отбасының дүниесін ысырап қылып, нəпақасын талан-тараж еткені үшін жауапты болады. 3. Алаяқтық Егер кісінің жүрегінде иманы болмаса, Құдайдан қорықпаса, қу құлқынның қамы үшін өтірік айту, бөтеннің малын тартып алу, ұрлап кету секілді алаяқтықтың небір түрлеріне бара алады. Ал, Ислам ережелерімен бекітілген адал саудада мүмин мұндай қиянатқа бармайды. Дініміз сауда ісін жүргізуде тұтынушының құқықтарын сақтауды əмір еткен. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) бірде Мəдина базарында бидай сатқан саудагерлерді тексеріп жүреді. Бидай салынған бір қапқа қолын сұғып көргенде бидайдың ылғал екенін байқап қалады. Сосын көпеске қарап: «Мұның не?» деп кейіс білдіреді. Сатушы: «Уа, Аллаһтың елшісі, жаңбыр тиіп ылғалданып қалған еді», – деп ақталғанда, Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм): «Бізді алдаған бізден емес», – дейді [223] . Аллаһ тағала Құранда: «Дұрыс өлшеп, дұрыс тартыңдар», «Кем өлшеп сатқандарға Download 1.14 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling