Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған
Download 1.14 Mb. Pdf ko'rish
|
Ала жіпті аттама
- Bu sahifa navigatsiya:
- «Ұрлық жасаған ер мен əйел адамның қылмыстарына Аллаһтан бір жаза ретінде қолдарын кесіңдер. Аллаһ аса үстем, хикмет иесі»
5. Өсімқорлық пайызбен қарыз беру
Адамзат қоғамында ғасырлар бойы қордаланған мəселелердің бірі өсімқорлық болса керек. Мұнымен айналысып дəніккендер өзіне кіріптар болғандарды теспей сорып, елдің қақысын қынадай қырып дəулет жинауда. Сол себепті, Аллаһ тағала қанаудың ең оңтайлы тəсілі рибаға Құран кəрімде қатаң тыйым салған. Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) да бұл мəселені жиі тілге тиек еткен. Адамзат қоғамының мың сан тетігі өзара байланысқан күрделі механизм іспеттес. Оның тұтас істен шығуына бір тетіктің болмашы ақауы-ақ жеткілікті. Мəселен, өсімқорға əйтеуір бір себептермен күні түскен адам əдетте қарызға белшесінен батады. Одан оңай құтылуға шамасы келмегендіктен, күйгелектеніп темекі тартып, одан қалса «күйінішімді басамын» деген байғұс үмітпен қу арақтың қақпанына қалай түскенін аңдамай қалады. Содан үй ішінің тыныштығы кетеді, ұрыс-керіс, айқай-шу орын алады. Айналып келгенде, сүттей ұйып отырған бір отбасының ойран-асыры шығады. Ал, отбасы қоғамға қаланған бір кірпіш екенін ескерсек, өсімқорлықтың зардабы одан əрі күшіне мінеді. Сондықтан, Аллаһ тағала рибамен айналысқандарға ауыр жаза кескен. Оның есесіне, «қарз хасан», яғни үстемесіз, өсімсіз қарыз беруді құптаған, мұндай игілікті көмек бұл дүние мен арғы дүниеде адамды жақсылыққа жетелейтінін айтып сүйіншілеген. 6. Ұрлық Ұрлық дінімізде үлкен күнəлар санатына жатқызылған жəне алдын алу үшін барынша ауыр жаза тағайындаған құқық бұзушылық. Аллаһ тағала Құран кəрімде: «Ұрлық жасаған ер мен əйел адамның қылмыстарына Аллаһтан бір жаза ретінде қолдарын кесіңдер. Аллаһ аса үстем, хикмет иесі», – деген («Мəида» сүресі, 38-аят). Ұрлық туралы ой адамда ашкөздік, дүниеқорлық мінездері арқылы пайда болады. Еңбек еткісі келмейтін еріншек адам ұрлық-қарлықпен күнелтуді ар санамайды. Əсілінде, адамның еңбегі мен иелігіндегі мүлкіне қол сұғу харам. Ешкім бөтеннің рұқсатынсыз мүлкін өздігінен иемденіп кете алмайды, кəдесіне асыра алмайды. Аяттағы ұрының қолын кесу жазасы əуелгіде əділетсіздік, қатыгездік секілді көрінуі мүмкін. Бұл жаза – бір үйір мал ұрлағанға да, бір тал сіріңке ұрлағанға да бірдей қолданылатын кесім емес. Ұрлықтың көлеміне, тигізген зардабына сəйкес жазаның да тағайындалу тəртібі, оны ауырлататын немесе жеңілдететін көптеген факторлар ескерілетіні анық. Не ұрласа да ұрының аты ұры. Сондықтан, қоғам өмірінің қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін жəне меншік құқығының сақталуына кепілдік ретінде мұндай жазалау əдісін дұрыс деп білген жөн. Ислам меншікті қорғауды маңызды деп, дүние-мүлкін қорғаштап жүріп мерт болғанның шейіттігін білдірген [231] . Ұрлық тек бөтеннің мүлкін заңсыз иемденумен шектелмейді, қорқытумен, бопсалаумен, жəбірленушінің денсаулығына зиян келтірумен, мүлікті бүлдіру немесе жоюмен де іске асуы мүмкін. Ұрлық жасауды тек материалды игіліктерді қолды қылу деп түсінбеген жөн. Оның мүліктік емес игіліктерге де қатысы барын естен шығармайық. Халық даналығындағы «Ұрлық түбі – қорлық» дейтін мақал ұрының əшкере болып, ел ішінде жаман аты шығып, күлкіге айналуын, қор болуын сөз етпейді. Мақалдың түйіні пəни дүниедегі қорлықта емес, ақыреттегі қорлықта жатыр. Сондықтан, халқымыз ұрпағының ертеңін бүгіннен сақтандырып, ұрлықтың ақыреттегі жазасы қорлық екенін түсіндірген. Download 1.14 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling