Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


 Сауда-саттыққа қатысты кісі ақысы түрлері


Download 1.14 Mb.
Pdf ko'rish
bet72/85
Sana10.04.2023
Hajmi1.14 Mb.
#1348522
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   85
Bog'liq
Ала жіпті аттама

8. Сауда-саттыққа қатысты кісі ақысы түрлері
Исламда тыйым салынған сауда-саттыққа қатысты ешқандай да мəміле мен заңдар
қарастырылмайды. Сауда қатынастарында тараптардың нендей тауарды қалай жəне қандай
шарттармен сатқаны жəне сатып алғаны мəлім болуы тиіс. Жəне де адам баласына зияны бар
заттарды саудалауға да жол берілмеген.
а) Сауданың шырқын бұзып сауда жасау
Хадисте «Ешкім иісі мұсылман бауырының саудасын бұзбасын»
[232]
 делінген. Сатушы мен
сатып алушы мəміле жасауға емеурін танытып өзара келісіп жатқанда өзге сатушы араға килігіп,
«мен бұдан əлдеқайда арзанға беремін» деуі сауданың шырқын бұзу болып табылады. Тек
потенциалды сатып алушы райынан қайтса, не болмаса рұқсатын берсе ғана өз затын саудалай
алады.
Ислам құқықтанушыларының көбі сауда қатынастарында мұның мұсылман, мұсылман
еместігіне қарамастан, баршаға ортақ талап екенін білдірген. Шынымен де Ислам ұстанған
дініне бола адамдарды алаламайды, күнделікті тұрмыста, заң алдында адамдардың бəрі бірдей
саналады.
ә) Нарыққа тауар өткізушіні жолдан тосып алу
Аллаһ елшісі
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
қалаға келе жатқан керуенді жолдан тосып алып тауарды
саудалауға тыйым салған
[233]
. Бұлай жолдан тосудың екі түрі болады:
Саудагер жолай барлық тауарды көтере сатып алады да, жергілікті нарықта мұндай
тауардың жоғын пайдаланып, қалаған бағасына өткізеді.
Саудагер нарық бағамынан хабарсыз тауар жеткізушіні жолдан тосып алып, тауарды өткізу


бағасынан арзанға сатып алады.
б) Қалалықтың ауыл адамына делдалдық жасауы (комиссионер болуы)
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Қалалық адам ауыл адамының атынан сауда
жасамасын. Халықты өз қалпында қалдырыңдар. Аллаһ халықтың бір тобына екінші
жартысы арқылы ризығын береді», – деген
[234]
. Мұны қалай түсінеміз дегенге келсек,
мəселен, ауылды жерде көкөніс, жеміс-жидек, ет-сүт арзан болады. Ауыл адамы мұны қала
базарына шығарып саудалай алады. Бірақ, мұны ауыл адамының атынан тісқаққан қалалық
саудагер істейтін болса, ол қалалықтардың мұқтаждығын білгендіктен, қымбатқа сатар еді.
Мұндай комиссия шартына тыйым салудағы мақсат қалалықтарды зиянға ұшыратудың алдын
алу болған.

Download 1.14 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   85




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling