əңгімемізді келтесінен қайырайық, кісіге зина жасады деп жала жабылғанда қолдан келер
қайран жоқтың қасы. Абыройыңды ақтап
алам дегенше, жан дүниең азаптың шырғалаңынан
шыға алмай əрі-сəрі күй кешесің. Жəне де басқа жағымсыз істен де бұрын зинақорлық деген
жаман ат оның өзі де сұмдық, өлімнен де күшті. Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
айтуынша, зина жасады деп жала жапқан адам тек жаққан күйесі үшін ғана емес, адамның
айыбын ашуға тырысу секілді бірқатар күнəларды да қоса мойынына жүктеп алатын көрінеді.
Дініміз мұсылманға жапа шектірудің анық күнə екенін білдірген. Зина жасады деп айыптап,
адамның абыройын төгу, ар-намысына тіл тигізу кісі ақысын табанға сап таптау іспетті. Аятта:
«Мүмин ер адамдар мен мүмин əйелдерді жазықсыз кейіткендер болса, олар əрине жала
жауып, ашық күнə жүктеп алды» делінген («Ахзаб» сүресі, 58-аят). Пайғамбарымыз
(саллаллаһу
алəйһи уə сəллəм)
əйелдерге зина жасады деп жала жабуды ең үлкен жеті күнəнің бірі санаған
[213]
.
Адамның шыққан тегін, ата-бабасын қаралау кісі ақысына нұқсан келтірудің бір түрі. Бір
пенденің екінші пендені балағаттап, ата тегіне тіл тигізуге қақысы жоқ. Əсілі, мұсылманды
тексіз, некесіз туды деуден асқан жамандық болмаса керек. Харам сипатындағы бұл қылық
туралы Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Кісінің ата-тегіне тіл тигізу, өлгеннің артынан
дауыс салып жылау – бұл ел ішінде əдет болған надандық жəне кəпірлердің ісі», – деген
[214]
.
Do'stlaringiz bilan baham: