Қазақстан республикасы білім жӘне ғылым министрлігі


Download 1.18 Mb.
bet34/60
Sana01.04.2023
Hajmi1.18 Mb.
#1315630
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   60
Bog'liq
О У- дістемелік кешені (сп о К)

13 дәрістің тест сұрақтары
1. Технологиялық процесстерді басқаруды оптималды шешу неге негізделген:
+А) сапа критерийлерінің экстремумын қамтамасыз ететін және шектеулерді қанағаттандыратын уақыт пен координата функция ретінде басқаруды табу
Б) уақыт функциясы сияқты табылған басқаруда
В) координата функциясы табылған басқаруда
Г) координата және уақыт функциясы сияқты табылған басқаруда қанағаттандырылмаған шекаралас

2. Технологиялық кешендердің автоматты басқару жүйесінің негізгі бағалау критерийлері келесідей болады:


А) А,Б,В,Г,Д
Б) С и Р
+В) С,Р,Н,Ф, W, J
Г) J и С

3. Басқаруды дұрыс жоспарлау неге байланысты?


+А) эффектілік критерийлерін дұрыс таңдау
Б) эффективті тәсілдің дұрыс таңдауы
В) эффективті формуланың дұрыс таңдауы
Г) дұрыс жауабы жоқ

4. Эффектілік критерийінің негізгі қасиеті:


А) жүйенің эффективтілігінің сандық бағалау қабілетінің болуы.
Б) нақты жоспарланған талаптар мен конструктивтілік, толыққамдық
В) статикалық мәндегі эффективті және нақты физикалық мәнінің болуы
+Г) барлық жауап дұрыс
5. Синтезделген басқару жүйесі үшін оның қасиеті туралы анықтаманы қалай алуға болады
+А) жүйенің бірыңғай (бүтін) жинақталған сапа критерийлерін құру арқылы
Б) диаграмма құру арқылы
В) формула құру арқылы
Г) статикалық мінездеме құру арқылы


14 дәріс. ТПБАЖ -ң қамтамасыздандыру түрлері. Есептеу кешендерінің әдістері.
ТПБАЖ -ң әртүрлі қамтамасыздандырулары бар күрделі жүйе боп табылады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: техникалық,математикалық,программалық,ақпараттық,ұйымдастырушылық, қамтамасыздандырулардан,оперативті персонал.
Техникалық қамтамасыздандыру – ТПБАЖ жұмысында қамтамасыздандырудағы техникалық құралдардын кешенін (ТҚК) айтамыз. ТҚК деп есептеуіш және басқарушы құрылғылар жиынтығы,түрлендіргіштер,сигналдарды көрсеткіштер және тіркегіштер сигналдарды беру және өңдеу құрылғылары, орындаушы құрылғыларды алуға болады. Олар ТПБАЖ -ң функцияларының барлығын толығыиан орындай алады. ТҚК –ң негізгі бөлімі ЭЕМ тиімді қолдану үшін математикалық,программалық, ақпараттық, қамтамасыздандырулары қарастырылған.
ТПБАЖ –ң математикалық қамтамасыздандыру – есептеу техникасының құралдарын қолдана отырып есепті шешетін және ақпаратты өңдейтін математикалық моделдердін, әдістердің, алгоритмдердің жиынтығын айтамыз. ТПБАЖ -ң математикалық қамтамасыздандыру ТПБАЖ –да ТҚК –ң түрлендіру және ТПБАЖ функцияларды таратуды қамтамасыз ететін, жүйенің ары қарай дамуын қамтамассыз ететін программалар жиынтығын айтамыз. Оның дамуы программалық қамтамасыздандыру құрылымын таңдауға байланысты. ТПБАЖ –ң ақпаратты қамтамасыздандыру – технико- эканомикалық ақпараттың, сигналдың, берілген мәліметтердәң, ТПБАЖ функцияларын орындауға керек құжаттардың жүйелердің класификацияларының жиынтығы болып табылады.
ТПБАЖ –ң оператифті персоналы АТК құрамындағы БТО –ті басқарады, ол ұйымдастырушылық қамтамасыздандыруга сәйкес жұмыс істейді. ТПБАЖ –ң ұйымдастырушылық қамтамасыздандыруы деп – ТПБАЖ – ғы оператифті персонал үшін арналған функцияналды, техникалықь және ұйымдастырушылық регламенттердің, құрылымдардың, қолданылу ережелерінің жиынтығын айтамыз.Мұндағы ТПБЖА –ң техникалық құрылымы деп ТҚК- ң элементтерін айтамыз, ал олардың арасындағы байланыстар ТПБАЖ –ң байланыс сызықтары болып табылады.
Бұлардың ішінде ең негізгі қамтамасыздандыру – ақпараттық қамтамасыздандыру. Оның жұмыс істеу принципі ақпаратты іздеп тауып, шығарып беру.
Есептеу кешендерінің әдістері (ЕК) ЕК құрылымын таңдауда зерттеудің 2 негізгі әдісі бар: макроәдіс және микроәдіс.
Макроәдіс зерттеудің бастапқы кезеңінде керек, себебі ол кезде ЕК элементтері туралы ешқандай мәлімет болмайды. Бұл деңгейде ЕК “Қара жәшік” (ақпаратты енгізу және басқарушы ақпаратты шығару полюстері бар) ретінде қарастырылады. Мұнда ақпаратты өңдеу функциялары орындалады, макроәдісте белгілі бір есептер немесе мәселелер ғана шешіледі.
Микроәдісте күрделі және ЕК-ң белгілі бір құрылымдық мәселелерін,ЕК-ң синтезінің мәселелерін шешеді. Соңғысы ЕК-ң құрылымын рационалды анықтауғатолығымен сәйкес келеді. Бұл кезде (14.1) суретіндегідей макро және микроәдіс қолданылатын схема беріледі. Схема жеке есептердің тізбекті шешілу ретінен тұрады. Олар ЕК синтезінің негізгі есептерін шешуге мүмкіндік береді.
Ең бірінші қызмет көрсететін жүйенің шешетін мәселелерінің тізімін анықтаймыз. Сол тізімінде ЕЖ көмегімен шешілетін есептерді белгілеп аламыз. әрбір есеп үшін шешу алгоритмі құрылу керек.



Сурет 14.1. ЕК-ң рационалды құрылымын таңдау алгоритмінің блок-схемасы.
Есептің шешу алгоритмінің болуы алгоритмдіде шығыстық және кірістік ақпараттарды алуға, есептеу жұмыстарының көлемін тексерудегі арифметикалық және логикалық операцияның жиынтығын алуға мүмкіндік береді.
14 дәрістің тест сұрақтары.

  1. ТПБАЖ -ң қамтамасыздандыру түрлері:

А) ақпараттық, техникалық
Б) оперативті персонал
В) математикалық, программалық
+Д) барлық аталғандар

  1. Техникалық құрылым деп-

А) ТҚК-ін түрлендіру
+Б) ТҚК элементтері
В) құрылымдық ережелер жиынтығы
Д) берілген регламенттер

  1. Программалық қамтамасыздандыру деген не?

+А) ТПБАЖ -де ТҚК-ң түрлендіру және функцияларды таратуын, жүйенің ары қарай дамуын қамтамасыз ететін программалар жиынтығы
Б) техно-экономикалық ақпараттың жиынтығы
В) сигналдардың жиынтығы
Д) математикалық модельдердің жиынтығы

  1. Макроәдіс зерттеудің кезеңінде керек?

А) орташа
+Б) бастапқы
В) соңғы
Д) дұрыс жауабы жоқ

  1. Микроәдіс қандай мәселелерді шеше алады?

+А) күрделі және ЕК-ң құрылымдық мәселелерін, ЕК-ң синтезін
Б) ЕК-ң қарапайым мәселелерін
В) ЕК-ң дифференциалдық мәселелерін
Д) ЕК-ң математикалық мәселелерін

Download 1.18 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   60




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling