Қазақстан республикасы білім жӘне ғылым министрлігі
Download 1.18 Mb.
|
О У- дістемелік кешені (сп о К)
- Bu sahifa navigatsiya:
- 11 дәрістің тест сұрақтары.
Оптикалық газоанализаторлар. Осы құралдардың әсері спектральді анализдің абсорбционды әдісіне негізделген, яғни таңдалған газдың сәулененуінің жұтылуындағы толқынның белгілі ұзындығымен оның химиялық құрамына байланысты. Ондай газоанаизаторға инфрақызыл жұтылуы бар, ультракүлгін жұтылуы бар және фотокалориметрлі газоанализаторлар жатады.
Инфрақызыл жұтылуы бар газоанализаторлардың көп таралған түрі оптико - акустикалық деп аталады. Олар екіден кем емес әртүрлі атомдардан тұратын молекулалар инфрақызыл спектр аймағында сәулеленген энергия жұта алатын газды анықтау үщін қолданылады. Әрбір газдың жеткілікті интенсивті жолақ жұтылуы бар олар ол спектр жағдайымен ерекшеленетін таңдалған анализді қамтамассыз етеді. Үздікті ағын мен түсіндірілген инфрақызыл сәулелену газын оптика-акустикалық түрлендіргішке периодты түрде жылытады және суытады. Бұл оның қысымының ауытқуына алып келеді, яғни конденсатор микрафонының мембранды қозғалысын қабылдайды. Егер түрлендіргіштің екі бөлігіндеде сәулелену ақыны бірдей болса, онда мембрананың екі жағынан әсер ететін импульстың қысымы шамасында бірдей, сол күйінде қозғалыссыз қалады. Сәулелену ағыны біртекті болмаған жағдайда, мембран ауытқиды, бұл кезде микрофон сиымдылығ өзгереді. Оған тұрақты токтың полярлы кернеуі берілген, сондықтан мембранның және сиымдылықтың ауытқуында микрофон айнымалы токтың кернеуі түріндегі электр сигналын береді. Осы сигналдың амплитудасы сәуле қабылдағыш камерасындағы түрлі қысымға байланысты, ал фаза қысымның оң немесе сол камерада көп болуына байланысты екі оптикалық канал қолданылады: жұмыстық және салыстырмалық. Екіншілік құралдағы шкала көлемді бірлік диоксид көмертегінде немесе метанда градуирленген. Сұйықтық құрамын өлшеу. Өндірістегі сулы қышқыл ерітіндісі және сілтілер қолданылуда химиялық реакцияның жолын анықтау кезінде, осы сілтілі және қышқыл ортаны бақылау өте маңызды болып табылады. Ерітіндіде қышқыл немесе сілтілер гидроксильді ион мен сутегі концентрациясына тәуелді. Электролиттердің қышқылдары немесе сілтілері pH сутегі көрсеткішімен сипатталады, яғни сутегі ион концентрациясының ондық логарифмдік теңдікпен саналады, яғни pH=lg (H+) Осы анықтамаға сәйкес pH=7- нейтральді ерітінді, ал pH>7 – сілтілі, pH<7 – қышқылды. рH-ты өлшеудің көп таралған түрі бұл – электрометрлік (потенциометрлік) әдіс. Ол ЭҚК пен арнайы элемент-датчик арасындағы сандық тәуелділікке негізделген. Ол элемент бақыланатын орта және pH ортамен араласқан. Потенциометрлік әдіс жоғары дәлдікті өлшемді береді және маңызы зор pH реттеу және үздіксіз бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етеді өндірістегі қажетті екі электродтан тұрады; онығ біреуімен арасында (электрод-сұйықтық шекарасында) потенциалдар айырмашылығы туады (орта мен электрод материал арасында ионмен алмасу түрінде жасалған) бұл потенциалдар айырмашылықтары, орта (сұйықтық) мен басқа электрод арасында болатын тұрақты мәнді сақтау керек. Бірінші электрод өлшемді деп, ал екіншісі салыстырмалы деп аталады. Іс жүзінде өлшеу қарапайым түрде шынылы (өлшеулі) және каломельді (салыстырмалы) электродтар болып қолданылады. Қос электодтар – каломельді және шынылы pH – метр датчигі болып табылады, ол бақыланатын ортаға орнатылады. PH- метр датчигінің ЭҚК өлшеу кернеу көзі бар ЭҚК-ін өлшеуімен көп ұқсастықтары бар, мысалы термопара және ол әдетте потенциометрмен компенсационды әдіспен жүзеге асады. Шынылы электродтың үлкен кедергісі болуының себебінен потенциометрлер жоғары омды кіріске ие болады. Потенциометрдің шкаласы pH бірлігінде градуирленген. Газдар мен сұйықтықтардың тығыздығын өлшеу құралдары. Тығыздықтың өлшеу құралын тығыздық өлшеуіш деп атайды. Тығыздықты өлшеуіштер қазіргі уақытта салмақты, қалтқылы, гидростатикалы және радиоизотопты болып бөлінеді. Салмақты тығыздық өлшеуіш. Бұл механикалық тығыздық өлщеуіштің жұмыс істеу немесе кейбір сыйымдылықта анализделетін сұйықтықтың тұрақты көлемін үздіксіз өлшеп отыру болып табылады. Тығыздық салыстырмалы салмақ арқылы анықталады. Қалтқылы немесе ареометрлік тығыздық өлшеуіштер. Осы механикалық тығыздық өлшеуіштің жұмыс істеу принцибі итергіш күшті үздіксіз өлшеуге негізделген. Ол күш сұйықтыққа толық немесе жартылай батып тұрған қалтқыға әсерін тигізеді. Гидростатикалық тығыздық өлшеуіш. Осы механикалық тығыздық өлшеуіштің принцибі Р қысымның, ρ ортаның тығыздығына Р=ρqН; Н – сұйықтың бағанының ұзындығы, q – еркін түсу үдеуі ерекшеленеді: Р=kρ, мұнда k=gH – тұрақты коэффициент. Радиоизотопты тығыздық өлшеуіш. Бұл тығыздық өлшеуіштердің негізгі ерекшелігі ерітінді және вульп тығыздықтарын өлшеуде өте тиімді, себебі олар контактсіз аспаптарға жатады. Сұйықтықтардың тығыздығын өлшеуде ең көп тараған әдіс γ – сәулесінің өту интенсивтілігін өлшеу, өлшенетін ортадан сәуле өткен соң, яғни γ - сәулесінің жұтылуы. Сұйықтықтың тұтқырлығын өлшеу құралдары. Тұтқырлық ағынды заттардың (сұйықтық және газ) бір бөлімінен екінші түріне ауысуына кедергі етуі. Тұтқырлық ағынының негізгі заңы Ньютон заңымен анықталады: F=ηS dW/dn (11.1) Мұндағы F – сұйықтық (газ) қабатын жылжытатын тангенциальді (қатысты) күш, S – жылитын қабат ауданы, dW/dn - W ағынындағы n нормал бойынша градиент жылдамдығы. η пропорционалды коэффициентін динамикалық тұтқырлық деп атайды. Ол сұйықтық (газ) қабатының жылжу кедергісімен сипатталады. Динамикалық тұтқырлыққа кері шама (φ=1/η) - ді ағу шамасы деп атайды. Кинематикалық тұтқырлық түсінігі де бар. Оның формуласы мынадай: ν=η/ρ (11.2) СИ - Па·с динамикалық тұтқырлық бірлігі СГС – П (пуаз); СИ – м2/с кинематикалық тұтқырлық бірлігі СГС жүйесінде – сток (СТ) 1П =101 Па-с аталған бірліктің арасындағы қатынасы 1 ст=10-4 м2 /с. Сұйықтық тұтқырлығы температураның жоғарылаумен төмендейді, ал газдар – үлкейеді. Динамикалық тұтқырлықтың қысымы 20 Мпа іс жүзінде қысымға тәуелді емес. Тұтқырлық жалпы жағдайда аддитивті физикалық қасиет болып табылмайды. Тұтқырлықтың өлшеу құралын вискозиметр деп атаймыз. Химико – технологиялық процесте вискозиметрлер сұйықтық тұтқырлығын өлшеуге қолданылады. Қазіргі кезде автоматты капиллярлы, ротационды, вибрационды вискозиметрлер, құлау денесі бар вискозиметрлер жасалынған. 9 әдебиет. (31-63); 5 нег. (12-45). 11 дәрістің тест сұрақтары. 1. Төменде аталған газоанализатордың қайсысы көбірек қолданылады: А) химиялық Б) физико-химиялық +В) физикалық Г) күрделі Газоанализаторлардың түрлері: А) термокондуктометрлік Б) магнитті В) оптикалық +Г) барлық жауап дұрыс Тығыздық өлшеуіштердің түрлері: А) өлшемді, гидростатикалық, радиоизотопты +Б) салмақты, қалтқылы, гидростатикалық, радиоизотопты В) қалтқылы Г) магнитті Тұтқыр ағынның формуласы қай негізгі заңмен анықталады +А) Ньютон Б) Пифагор В) Ом Г) Понсель Вискозиметрдің түрлері: +А) автоматты капиллярлы, ротационды, вибрациялды, құлау денесі бар вискозиметр Б) ротационды В) вискозиметрдің құлау денесі Г) қарапайым 7> Download 1.18 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling