даласының әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына ықпалы
Көшпелі қазақ қоғамының сословиелік құрылысындағы өзгерістер, жаңа
сословиенің пайда болуы: шенеуніктер, молдалар мен саудагерлер және т.б.
Қазақтарды шекара және әкімшілік басқарма аппараты қызыметіне тарту. Ресей
империясының құқықтық нормалары бойынша аға сұлтандар, басқарушы
сұлтандар, болыстық сұлтандар, старшын, бидердің, сыйлы қазақтардың
мәртебелері. Патша отарлау басқарма ұйымдары жүйесінде қазақ
шенеуніктерінің қалыптасуы (ХІХ ғ. бірінші жартысы).
Салық жүйесі: жасақ, түтін салығы, төлқұжат алымы және т.б.
Ресей өкіметінің көшпелі шаруашылыққа және егіншіліктің дамуына
көзқарастары. Мал шаруашылығындағы өзгерістер, егістіктерді кеңейту.
Ресей империясының Қазақ даласындағы діни саясаты
ІІ Екатеринаның діни төзімділік және Орынбор Мұсылман Діни
жиналысын құру туралы жарлығы (1788). Империяның әлеуметтік-
экономикалық кеңістігінде қазақ қоғамын интеграциялау үдерісінде татар
молдаларының рөлі.
Ресейдің Даладағы діни саясаты. Даладағы Мұсылмандық білім.
Жәдидшіліктің идеологтары мен көшбасшылары. Қазақ даласындағы
жәдидшілік: таралу ерекшеліктері және дамуы. Далада жаңа әдіс мектептері мен
медреселерінің ашылуы. Мұсылман қайырымдылық қоғамдары және олардың
қызыметі. Меценаттықтың пайда бола бастауы және дамуы.
Империяның сауда саясаты: протекционизм, айырбас аулалары
Сауда аймақтық нарығын дамытудағы Сеитов Посадтың рөлі. Шекаралық
қалалар (Орынбор, Орск, Троицк және т.б.) және олардың Дала шаруашылық
өміріндегі орны. Сауда және оның Даладағы түрлері (разъезді, жәрмеңке, керуен,
стационар). Көпестердің және көпес капиталының Қазақстанның өңдеу
өнеркәсібіндегі рөлі. Қолөнер және кәсіпшілік. Қазақстанның қалалары және
олардың Дала аймақтарының әлеуметтік-экономикалық өміріндегі рөлі.
Қазақстанның Қытаймен сауда-экономикалық байланыстары.
Do'stlaringiz bilan baham: |