Қазақстан Республикасының


Зерделенетін пәннің қысқаша мазмұны


Download 303.81 Kb.
bet2/4
Sana16.06.2023
Hajmi303.81 Kb.
#1493713
1   2   3   4
Bog'liq
Модульдік ж мыс о у ба дарламасы ж не смллабус

1.1 Зерделенетін пәннің қысқаша мазмұны
«Электртехникалық материалтану» курсына дәріс, тәжірибе сабақтары, СӨЖ, сонымен қатар атаулы пәнді орындауда студенттің өзіндік жұмыстары кіреді.
Аталып отырған курста диэлектриктердегі, өткізгіштердегі, жартылай өткізгіштердегі және магнитті материалдардағы негізгі физикалық үрдістер қарастырылады. Материалдарға магниттік, электр және жылу өрістері әсер еткен жағдайда пайда болатын құбылыстар сипатталады, сонымен қатар механикалық әсерлер, қоршаған ортаның әсерлері қарастырылады. Көптеген электртехникалық материалдарға талдау жасалады, олардың қолдану ортасы, сипаттамасы беріледі.


1.2 Пәнді зерделеу мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: курста келесі негізгі бөлімдер қарастырылаты: магнитті материалдар; өткізгіш және асқын өткізгіш материалдар; жартылай өткізгіштер; оқшаулама материалдар және белсенді диэлектриктер.
Пәннің міндеттері: дененің құрылымы және техниканың әр түрлі саласындағы (электр техникасы, энергетика және радиотехника) қолданысын анықтайтын негізгі макроскопия арасындағы өзара байланыс; заманауи электртехникалық материалдардың наменклатурасын оқып үйрену, олардың негізгі қасиеттерін анықтау; әр түрлі электртехникалық қондырғыларды құрастыру кезінде, оларды қолдану аймағын ескере отырып, материал таңдаудың әдістерін үйрену.


1.3 Пәнді зерделеу нәтижелері
Пәнді оқып үйренгеннен кейін студент дененің элетр техникасында ары қарай қолданыс табатын материалдардың құрылымдары мен қасиеттерін анықтауды; заманауи электр техникалық материалдардың қасиеттері мен қолданыс аймағын білуді игеруі тиіс. Энергожүйенің сенімділігі дұрыс таңдау жасалған электр техникалық материалға тікелей қатысы бар екендігін түсінуі тиіс.


1.4 Пререквизиттер
Курсты меңгеру үшін қажетті пәндер: «Физика», «Органикалық және органикалық емес химия», «Электр техникасының теориялық негіздері».


1.5 Постреквизиттер
Атаулы пәнді оқу келесі пәндерге қажет: «Жоғары кернеулі қондырғылар», «Коммутациялық қондырғылар», «Электр қондырғыларындағы асқын кернеу және оқшаулама».

2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ





Download 303.81 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling