Мұрагерлік – класстар арасындағы қарым-қатынастар. Бір класс екінші класстың құрылымын немесе бірнеше класстың жүріс-тұрысын кайталайды (жай мұрагерлік, көпшілік мұрагерлік). Мұрагерлік ететін класс, структура мен жүріс-тұрысы суперкласс деп аталады. Суперкласстан шыққан туынды ішкі класс деп аталады.
Қорытынды
• Тұтастандыру құрылып қойған шешімдерді, жаңа класстарды бар класстардан мұрагерлік арқылы құрып, қайта қолдануға мүмкіндік береді.
• Полиморфизм әркелкі обьектілер тобын жүзеге асырудың айырмашылықтарын ескермей бірдей түрде жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
• Инкапсуляция,мұрагерлік,полиморфизм- ОББ-ны қамтитын үш кит.
• Кез-келген жүйеде обьектілер арасында әртүрлі типтер қатынасы болады.
• Тәуелділік қатынасы бір класстың жүзеге асырылуы басқа класстың операциясының спецификациясына тәуелді екенін білдіреді.
• Ассоциация бірнеше теңдей обьектілер арасындағы қатынасты білдіреді, сонымен қатар бағыт, қызмет және еселікке ие болады, ассоциация классы ретінде бейнеленуі мүмкін.
• Композиция мен ассоциация обьектілер арасында «бүтін-бөлшек»қатынас типі пайда болса қолданылады, композиция бөлшек бүтінсіз қызмет жасай алмайды деп болжайды.
Do'stlaringiz bilan baham: |