География 5сынып


Download 171 Kb.
Sana20.02.2023
Hajmi171 Kb.
#1215389
TuriСабақ
Bog'liq
5 kl Geografiya Ashiq sab


География 5сынып.




І.Сабақтың тақырыбы:Азимутты анықтау және
қашықтықты өлшеу
ІІ.Сабақтың мақсаты:Оқушыларға Азимутты анықтау және
қашықтықты өлшеу туралы түсінік беру.
а)Тәрбиелік.Оқушылардың тәрбиесін жақсарту.
б)Ғылыми.Ғылыми жұмыс алып бару.
в)Дамытушылық.Дамытушылық қызметін жақсарту.
г)Кәсіпке баулу.Кәсіп бойынша түсінік беру.
д)Адамгершілік.Оқушыларға адамгершілік қасиеттерін сіңдіру.
ІІІ.Сабақтың жабдығы: Дүниежүзі саяси картасы кодоскоп, буклет,
альбом,электротест,түрлі-түсті қос шеңбер.
IV.Сабақтың барысы:а)Ұйымдастыру кезеңі
б)Өтілген тақырыпты сұрау
в)Жаңа тақырыпты түсіндіру


V.Жаңа тақырып: Азимутты анықтау және қашықтықты өлшеу


Географиялық карта –адамзаттың ұлы даналық шығармасы. Сондықтан табиғи жағдайы, халық пен оның шруашылық іс-әрекетті географиялық карталарда және жердің планында бейнеленеді. Саяхатшылар, жаңа жер ашушылар,бейтаныс өлкелерге жаяу,көлік- пен жүздеген, мыңдаған километр жол жүрген кемелермен теңізде жә- не мұхиттарда жүзген. Олар көрген, зерттеген, ашқан барлық нәрсе- лерін картаға түсірген.Демек, жер шарын зерттеудің ең ежелгі және сыналған тәсілі-жол жүріп жердің планын сызу.
Жерде көкжиек тұстарын анықтау.
Егер де кең тегіс жазыққа шықсақ тұрған жер шеңбер сияқты көріне- ді. Шеңбер тәріздегі тегіс жазықтың шеті аспанмен Жер тұтасып тұрғандай көрінеді. Аспан мен Жер жалғасқан жердегі сызық көкжиек деп аталады. Көкжиекке дейінгі шеңбер тәріздегі жазық жер көкжиек жазықтығы деп аталады. Көкжиек жазықтығының 4 негізгі тұстары, яғни: солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс тұстары бар. Тағы төрт аралық- солтүстік-шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік- батыс және солтүстік-батыс тұстары болады.
Азимутты тұсбағдар көмегімен анықтау.
Азимут-жердегі екі бағыт аралығында пайда болған бұрыш.Бұл бағыт- тардың бірі әрдайым солтүстікке, ал екіншісі біз анықтауға алған бел- гілі бір затқа қарай бағытталған болады.
Азимуттар солтүстік бағыттан бастап сағат тілінің бағыты бойын- ша 0о-тан 360о-қа дейін есептеледі.
Қашықтықты өлшеу.
Жердің планын жасағанда арақашықтарды өлшеуге тура келеді. Бір- біріне жақын тұрған екі заттың ара қашықтығын метрмен немесе таспамен өлшеуге болады.Бірақ жүрілген жолдың ұзындығын немесе табиғаттағы екі заттың ара қашықтығы олармен өлшеу өте қиын, әрі көп уақытты алады.Бұндай жағдайда қашықтықты қадамдап өлшеуге болады.Қашықтықты қадамдап өлшеу үшін әрбір бала өзінің қадамының орташа ұзындығын білу керек. Қадамының орташа ұзындығын білуден бұрын, 100 метр қашықтықты таспамен өлшеп алу қажет.
Содан кейін сол қашықтықты әдеттегідей қадаммен жүріп өтіп, не- ше қадам екенін анықтау керек.Аса үлкен қашықтықты өлшегенде қос қадамдап санау керек.Қадамдауды сол аяқтан бастап, қадамды санап қанша болса, қашықтық сонша метр болады. Қашықтықты қолдан жасалған өлшеуіш дөңгелектің көмегімен өлшеугеде болады. Ол үшін қалың түнкеден диаметрі31см келетін шеңбер тәрізді дөңгелек кесіп алынады. Дөңгелектің ұзындығы 1метр ағаш саптың ұшына айналатындай етіп бекітеді. Бұл дөңгелектің толық бір рет айналуы 1метрге тең. Дөңгелектің бір жеріне қатты пленка жабыстырып қойса, дөңгелек әрбір рет толық айналғанда сапқа тиіп, дыбыс шығарады.Оның көмегімен дөңгелек неше рет айналғанын санаймыз.
Сабақты түсіндіріп болған соң жаңа тақырыпты пысықтау мақсатында «Түрлі-түсті қос шеңбер» әдісін қолдандым.Ол үшін сынып оқушыларын 4 топқа бөліп алдым.
1 топ:Азимутты анықтау туралы жазады.
2 топ:Қашықтықты өлшеу туралы жазады.
3 топ: ұқсастығын жазады.
4 топ айырмашылығын жазады.
4 топта мәліметтерді жазып болған соң өзім қысқыша түсініктеме беріп,қорытындылап оқушыларды бағалаймын.
«Түрлі-түсті қос шеңбер» әдісі оқушылардың білімін және сабаққа деген қызығушылығын одан әрі дамытуға әсерін тигізеді.





VI.Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма: Азимутты анықтау және қашықтықты өлшеу

Download 171 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling