Жұмыс бағдарламасы (силлабус) н -1-38-2021 ба спа
Download 405.04 Kb.
|
Силлабус философия каз 1,3,5,7,9,11,13,15
- Bu sahifa navigatsiya:
- М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (СИЛЛАБУС) Философия
- Постреквизиттер
- Тараз, 2021 «Философия және саясаттану» кафедрасының оқытушылары туралы мәлімет
- Курс саясаты.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІМ.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (СИЛЛАБУС) Философия Білім беру бағдарламаларының барлық мамандықтарына арналған Кредит саны (ECTS): 5 Семестр: 3,4 Пререквизиттер: «Қазақстан тарихы», «Саясаттану», «Дінтану». Постреквизиттер: «Мәдениеттану», «Әлеуметтану», «Психология». Оқытушының аты-жөні: 1. Мырзапайзова Г.У., аға оқытушы e-mail: myrzapaizova@mail.ru Оқыту форматы: аралас Жұмыс оқу бағдарламасын (силлабусты) дайындауға жауапты «Философия және саясаттану» кафедрасы Ескерту: Құрметті студент! Пәнді оқу аяқталғаннан кейін, пәннің мазмұны және оқыту сапасы жөнінде пікір жазуыңызды өтінеміз. Ол үшін емтихан сессиясы кезінде толық қол жетімді www.portal.tarsu.kz сайтында орналасқан «Пәнді студенттердің бағалауы» атты on-line анкетаны толтыру керек. Пәннің мазмұны, бақылау сұрақтарының сапасы жөнінде және тағы басқа да ұсыныстарыңызды еркін түрде баяндауыңызға болады. Сіздің пікіріңіз пәннің сапасын арттыра түсу үшін маңызды екенін есіңізге саламыз. **Силлабуста көрсетілмеген талаптардың заңды күші жоқ екенін университет ескертеді. Тараз, 2021 «Философия және саясаттану» кафедрасының оқытушылары туралы мәлімет :
Жұмыс оқу бағдарламасы (силлабус) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 603 бұйрығымен бекітілген, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Философия» жалпы білім беру пәнінің типтік оқу бағдарламасы негізінде жасалған. Курс саясаты. Академиялық кезеңде семинар барысында «Философия» пәні қашықтықтан оқытылады: Пән бойынша 52 сабақ өткізу қарастырылған, соның ішінде: 15 лекция, 22 семинар сабағы және білім алушының оқытушымен 15 өзіндік жұмысы (бұдан әрі - БАОӨЖ). Нәтижелі жұмыс атқару үшін студенттің академиялық адалдығын сақтауы, оқу процесіне белсенді қатысуы, уақтылы берілген тапсырмаларды бақылау кестесіне сай орындап отыруы қажет. Пәнді оқу кезінде сізді ұстамды және ашық-жарқын болуға шақырамыз. Студенттің мінез-құлқы мен жүріс-тұрысы университеттің ішкі тәртіп ережелерінің талаптарына сай келуі керек. Студент оқытушы ұсынған лекциялар конспектісін, видео-лекцияларды, презентациялар мен тізімде көрсетілген электронды ресурстар, негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, әрбір лекция, семинар сабақтарына және білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысына (БАОӨЖ) мұқият дайындалуы керек. Пән бойынша тапсырмаларды бағалау бақылау кестесіне сәйкес жүргізіледі.4, 6, 8, 10, 12 және 14 апталарда процентпен көрсетілген бағалар дерекқорға енгізіледі. Максималдық балл –10-12 балға тең және балдық-рейтингтік шкала бойынша 0 - 100% шамасымен бағаланады. Пән бойынша оқу процесін мониторингтеу үшін 2 аралық бақылау өткізіледі: бірінші аралық бақылау (АБ №1) – 8 аптада, екінші аралық бақылау (АБ №2) – 14 аптада. Академиялық кезеңнің 4, 6 және 8 апталарының қосынды балы бірінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 балға дейін (100% дейін) болады. 10, 12 және 14 апталардың қосынды балы екінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 баллға дейін (100% дейін) болады. Екі аралық бақылаудың максималдық қосынды балы – 60 балды (100%) құрайды. Тапсырмалар мен материалдарды жүктеу үшін міндетті түрде университеттің ресми LMS – Сириус қолданылуы қажет. Оған кіру студенттің порталы арқылы орындалады.
Download 405.04 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling